Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі ж. Н. Рахманбердиева экстремалдық жағдайларда адамның Өмір сүру тәсілдері шымкент, 2021


Құрғақшылықтан кейінгі іс-әрекеттер



бет44/264
Дата21.04.2022
өлшемі1,59 Mb.
#31835
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   264
Байланысты:
лекция ЭЖАОСТ

Құрғақшылықтан кейінгі іс-әрекеттер

Табиғи зілзала және халыққа көрсетілген көмек туралы ақпарат алу үшін жергілікті органдармен байланысыңыз. Зілзаланың қайталануына дайын болыңыз.



Самум (құм бораны) - шаң-тозаңдарды аспанға көтеріп, күнді мұнарландырып бірнеше сағат соғатын (бірақ құйын есебінде соғуы бірнеше минутқа ғана созылатын) Арабия мен Солтүстік Африканың тропиктік шөлдерінде соғатын өте ыстық, құрғақ жел. Самум соққанда температура кенет жоғарылайды да, салыстырмалы ылғалдық кенет томендейді. Бұл Сахара шөліне тән жел. Орта және Орталық Азия шөлдерінде бұл жел сирек соғады.

Сирокко - Жерорта теңізінде, Сицилия аралы мен Апеннин түбегінің оңтүстігінде бірнеше сағат, кейде бірнеше тәулік бойы үздіксіз соғып тұратын ыстық, құрғақ, күшті жел. Ол Солтүстік Африка шөлдерінен ауған құрғақ, ыстық ауаның әсерінен пайда болады. Сицилия аралында сирокко жоғары температуралы, құрғақ болып келеді де, таулардың ықтасын беткейлерінің жағында онан әрі құрғай түседі. Одан әрі теңіз үстімен өтуіне байланысты бұл жел солтүстік Италияға ылғалданған ауа әкеледі. Сирокко әсерінен Сицилия мен Оңтүстік Апеннинде ауа кенет құрғап, шаңғыған ыстық түседі де, өсімдіктер қурап, адамдар көп азап шегеді.

Хамсин - Мысырда соғатын самум сияқты аңызақ жел.

Мұндай табиғи құбылыстарда  адамдар  үшін қауіптісі жолдар мен көпір беттерінің, ғимараттардың, электр және байланыс желілерінің, жер үстіндегі құбырлардың бұзылуы, сонымен қатар адамдардың қатты жылдамдықпен ұшып жатқан қираған ғимараттар, шыны сынықтарынан жарақаттануы. Сонымен бірге  ғимараттар толық қираған жағдайда адамдардың мерт болуы және  жарақат алуы мүмкін. Қарлы және шаңды боран кезінде далалар, жолдар мен елді мекендерді қар басып қалуы,  шаңның жиналуы («қара дауыл») және судың лайлануы қауіпті.

Дауыл, боран мен құйындардың негізгі сипаты жел жылдамдығының күшеюі, ауа қысымының күрт төмендеуі, нөсер жауын мен  дауылдың суды айдауы, қардың қарқынды жаууы мен шаңның қатты соғуы. Егер сіз дауыл, боран, құйын соғу қауіпі бар аудандарда тұратын болсаңыз, төмендегімен танысыңыз:

- жақындап келе жатқан табиғи зілзала туралы хабарлау дабылдарымен, адамдарды қорғау тәсілдері және ғимараттардың қатты жел мен дауылдың суды айдауы әсеріне төзімділігін жоғарылату туралы; 

- дауыл, боран және құмды бұрқасын, құйын болған кездегі адамдардың әрекеті туралы  ережелермен;

- дауылдар, құйындар, дауылдың суды айдауы, қарлы, құмды құйындардың салдарын  жою тәсілдерімен, құралдарымен, сонымен қатар қираған ғимараттар мен имараттардың астында қалған, зардап шеккендерге көмек көрсету тәсілдерімен;

- жақындағы жертөлелер, ықтар мен неғұрлым мықты төзімді ғимараттарда сіздің отбасыңыз, туыстарыңыз бен көршілеріңіз паналайтын  орындармен;

- қауіптілігі жоғары аймақтардан ұйымдастырылған көшіру кезіндегі  шығу жолдары мен орналастыру аудандарымен;

- өзіңіздің елді мекеніңіздегі АҚ және ТЖ басқармалары, төтенше жағдайлар жөніндегі әкімшілік пен комиссиясының мекенжайлары мен телефондарымен.

Дауыл туралы дабылды естігеннен кейін келесі әрекеттерге көшіңіз:

- шатырды, пеш  және желдету құбырларын бекіту;

- шатыр жайларының терезелерін бекіту (тақтайдан жасалған қалқандармен, шарбақтармен немесе қаңылтырмен), балкондар мен аула аумағын өрт қауіпті заттардан босату;

- қауіпсіз аудандарға көшіру жағдайына 2-3 тәулікке жететін азық-түлік пен су және өзі жанатын жарық көздерін (фонарьлар, керосин шамдары)  дайындау;

- жеңіл құрылыстарынан неғұрлым мықты құрылыстарға немесе азаматтық қорғаныстың қорғау ғимараттарына көшіңіз.

Егер дауыл, боран, құйын сіз ғимаратта болғанда басталса, терезеден аулақ тұрыңыз да, жайдың ішкі жақ қабырғаларының жанында, дәлізде, құрылған шкафтардың қасында, жуынатын бөлмелерде, дәретханада, қойма, мықты шкафтарының жанында, үстелдің астында қауіпсіз орындарға тұрыңыз.

Пештегі отты, электр энергиясын өшіріңіз, газ желілерінің шүмектерін жабыңыз.

Қараңғы уақытта қалта шамдары мен шамдарды пайдаланыңыз, АҚ және ТЖ басқармалары, төтенше жағдайлар жөніндегі комиссиясының ақпараттарын есту үшін радиоқабылдағышты қосып қойыңыз,  мүмкіндігінше терең паналарда, жерқоймаларда отырыңыз.

Егер дауыл, боран, құйын сіз елді мекеннің көшесінде жүргенде басталса, неғұрлым жеңіл құрылыстар ғимараттар, көпірлер, электр өткізгіш желілер, діңгектер, тоғайлар, өзен, көлдер мен өндіріс обьектілерінен алыс жүріңіз.

Ұшып жатқан шыны сынықтарынан қорғану үшін қаңылтыр, қатты қағаз  немесе пластик жәшіктер, тақтай немесе қолда бар кез-келген заттарды пайдаланыңыз. Тезірек елді мекендегі жертөлелерде, жерқоймалар мен радияцияға қарсы паналарда тығылуға тырысыңыз. Зақымдалған ғимараттарға кірмеңіз, себебі қайта соққан желде құлауы мүмкін. Қарлы боранда ғимараттарға тығылыңыз. Егер далада немесе ауыл жолдарында келе жатсаңыз уақ-уақ тазаланып отыратын, және сізге көмек  берілу мүмкіндігі бар басты жолға шығыңыз. Шаңды құйын кезінде бетіңізді дәкемен, шытпен, мата қиындысымен, көзіңізді көзілдірікпен жабыңыз.

Құйынның жақындауы туралы дабыл түскен кезде дереу ық жерге, үй жертөлесіне немесе қоймажайына түсу керек, немесе төсектің, басқа да жиһаздың астына кіру қажет. Егер құйын сіз ашық жерде жүргенде басталса, жол шетіне, шұңқырға, орларға, тар сайларға тығылып,  басыңызды киіммен немесе тоғай бұтақтарымен жауып жерге жақын жатыңыз. Автомобильде қалмаңыз, шығып, жоғарыда көрсетілгендей тығылыңыз.

Тұрғындарға қорғану орындарын тауып және дайындалу қажет болатындықтан, уақыт есебімен, дауылдар мен құйындар қауіп-қатері туралы ақпарат күні бұрын жүзеге асырылады. Ол нақты аймаққа табиғат апатының келу уақытын, оның сипатын және қалыптасқан жағдайға сәйкес келетін, адамдардың іс-әрекеті туралы мәлімдейді.

Хабар алғаннан кейін:

- ғимараттардың орнықтылығын арттыру жұмысына кіріседі және адамдарды басқа орындарға жайғастыру, өрт шығармау шараларын жасайды және қажетті қор құрады;

- ғимараттың жел соғатын жағындағы терезелерді, есіктерді, ауа тазартқыш тесіктерін және шатырлардың люктарын тығыздап жабады. Терезе шыныларын желімдеп, терезе және витриналарды терезе қақпақтарымен және қалқандармен жабады. Іштегі қысымды теңестіру мақсатында ғимараттың ық жағындағы есік және терезелерді ашады;

- қажетті электр шамдарын, керосинді шамдар, жарық плитасын, азық-түлік қорын құрып, ауыз су және дәрі-дәрмектер дайындау керек;

- магистральды су жүргізетін крандардың және газдардың, электр сөндіргіштердің күйін және орналасуын тексереді.

Қатты дауылдар мен құйындарда лақтырылған қоқыс үйінділерінде мұндай әрекеттер жарақат санын едәуір төмендетеді. Көпір үстінде, құбырларда, объектілерге тікелей жақын орналасқан жерлерде, күшті әсер ететін улы заттар (КӘУЗ) және тез тұтанатын заттар сияқты жерлерде жүруге болмайды.

Егер де қатты дауыл мен құйындар найзағаймен қабаттаса болса, электр зарядтарымен зақымдану мүмкіншілігі үдейтін жағдайлардан аулақ болу керек. Сондықтан, қатты дауыл мен құйын болған уақытта, жеке тұрған ағаштар, бағаналар, діңгектер астына тығылуға болмайды. Бұзылған ғимараттарға кіруге болмайды, қажет болған жағдайда оны сақтықпен істеу керек, сатылардың, іргелердің, айтарлықтай бүлінбегеніне көз жеткізу кажет.

Қарлы және шаңды боран кезінде ғимраттарды тастап кету ерекше жағдайда және тек жеке топпен ғана рұқсат етіледі. Сонымен қатар, міндетті түрде қозғалыс бағытын және оралу уақытын хабарлау қажет. Тек негізгі жолмен ғана қозғалу керек. Бағыттан адасып қалған жағдайда, көліктен алыс кетуге болмайды. Әрі қарай қозғалу мүмкіншілігі болмаған жағдайда тұратын орынды белгілейді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   264




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет