Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі ж. Н. Рахманбердиева экстремалдық жағдайларда адамның Өмір сүру тәсілдері шымкент, 2021



бет51/264
Дата21.04.2022
өлшемі1,59 Mb.
#31835
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   264
Байланысты:
лекция ЭЖАОСТ

Ғимаратта:

- есік, терезелерді мықтап бекітіңіз;

- үйдің суағарларына жақындамаңыз;

- электр приборларын ток көзінен ажыратыңыз;

- сыртқы теледидар антеннасын ажыратыңыз;

- сымтетікпен сөйлесуді тоқтатыңыз;

- терезенің алдында, металл бұйымдардың жанында, шатырда тұрмаңыз.

Орманда:

- биік және жеке тұрған ағаштың қасына (әсіресе қайың мен еменнің) паналамаңыз;

- ағаштарға сүйенбеу керек;

- жағылған оттың жананда тұрмау керек (қызған ыстық ауа жақсы электр өткізгіш);

- биік ағаштарға шықпау керек;

- қысқа талдар өскен жерлерді паналаңыз.



Ашық жерде:

- жоғары жерден төмен түсіңіз;

- топталуға болмайды, жасырынатын орындарға тығылыңыз;

- аймақтаға ең биік нүкте болмаңыз;

- биіктікте, металл қоршаулардың жанында, электр сымдарының астында тұрмаңыз;

- жалаң аяқ жүрмеңіз;

- шөп маясына тығылмаңыз;

- басыңыздың үстіне ток өткізгіш заттарды көтермеңіз.



Суда:

- су жиналатын жерде немесе оның жағысында тұрмаңыз;

- күн күркіреу кезінде шомылмаңыз;

- су қоймаларына жақын орналаспаңыз;

- қайықпен жүзбеңіз;

- балық ауламаңыз.



Көлікте:

- машинадан түспеңіз;

- терезелерін жабыңыз;

- радиоқабылдағыштың анттеннасын төмен түсіріңіз.

Адам денесі найзағайдан аз зардап шегу үшін, жермен түйісу ауданы мейлінше аз болуы керек. Қауіпсіз жағдай келесідей: аяқтарды бірге қосып, басты тізеге еңкейтіп, тізені құшақтап отыру керек.

Шарлы найзағай табиғатының бүгінгі таңда жалпы қабылданған ғылыми негізі жоқ. Шарлынайзағай күтпеген жағдайда және кез-келген жерде пайда болады. Көптеген бақылаулар бойынша шарлы найзағайдың сызықтық найзағаймен байланысы орнатылған. Шарлы найзағай алмұрт немесе жұмыртқа пішінді болып түсуі де мүмкін. Оның өлшемі футбол добының көлеміне дейін жетеді. Кеңістікте тоқтап-тоқтап жай қозғалады, кейде жарылады, бірқалыпты сөнеді, бөлшектерге ыдырайды немесе ізсіз жоғалады. Шарлы найзағайдың өмір сүру уақыты шамамен бір минут. Оның жылжуы кезінде жеңіл ысқырық немесе ысылдаған дыбыс естіледі, кейде дыбыссыз қозғалады. Шарлы найзағайдың түсі түрлі келеді: қызыл, ақ, көк, қара, құлпырма. Кейбір жағдайларда шарлы найзағай айналып, жарқылдайды. Өзінің иілгіштігенен шарлы найзағай, бөлме ішіне, автокөлік салонына ене алады. Оның қозғалық траекториясын және қимылын болжау мүмкін емес.

Шарлы найзағай пайда болған кезінде жылдам қозғалмау керек, отты шарды ұстауға, қозғауға болмайды. Адам денесіне жанасқанда тыныштық сақтап, оның пайда болуы секілді жоғалуы да тез екенін естен шығармау керек. Кейде шарлы найзағай жарылып, жарақат алуға әкеліп соғады.

Найзағайдан зардап шеккен кездегі негізгі жарақаттар: электр жарақаты, сал болып қалу, күйік, есін және есту қабілетін жолғалтады, соққы алады, сынықтар, депрессия, стресс. Найзағайдың аз уақыттағы әсерінен адамның жүрек және ми жұмысы тоқтап қалуы мүмкін. Найзағайдың тіктеп түсуінен адам есінен танып қалады. Жай түскен кезде зардап шеккен адамның денесінде  қызғылтым жолақтар түріндегі күйік пен іші қолдыраған күйік іздері қалады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   264




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет