Жанартау атауы
|
Орналасқан орны
|
Биіктігі, м
|
Аймақ
|
1
|
2
|
3
|
4
|
Охос-дель-Саладо
|
Чили Андылары
|
6893
|
Оңтүстік Америка
|
Льюльяйльяко
|
Чили Андылары
|
6725
|
Оңтүстік Америка
|
Сан-Педро
|
Орталық Андылар
|
6159
|
Оңтүстік Америка
|
Котопахи
|
Экваторлық Андылар
|
5897
|
Оңтүстік Америка
|
Килиманджаро
|
Масаи таулы үстірті
|
5895
|
Африка
|
Мисти
|
Орталық Андылар
|
5821
|
Оңтүстік Америка
|
Орисаба
|
Мексика
|
5700
|
Солтүстік және Орталық Америка
|
Попокатепетль
|
Мексикалық таулы қыраты
|
5455
|
Солтүстік және Орталық Америка
|
Сангай
|
Экваторлық Андылар
|
5230
|
Оңтүстік Америка
|
Толима
|
Солтүстік-Батыс Андылары
|
5215
|
Оңтүстік Америка
|
Ключевская сопка
|
Камчатка жарты аралы
|
5000
|
Азия
|
Рейнир
|
Кордильеры түбегі
|
4392
|
Солтүстік және Орталық Америка
|
Тахумулько
|
Орталық Америка
|
4217
|
Солтүстік және Орталық Америка
|
Мауна-Лоа
|
Гавай аралдары
|
4169
|
Австралия және Океания
|
Камерун
|
Камерун сілемі
|
4100
|
Африка
|
Эрджинс
|
Анатолий қыраты Суматра аралы
|
3916
|
Азия
|
Тейде
|
Канар аралдары
|
3818
|
Африка
|
Керинчи
|
Суматра аралы
|
3805
|
Азия
|
Эребус
|
Росса аралы
|
3794
|
Антарктида
|
Фудзи
|
Хонсю аралы
|
3776
|
Азия
|
Семеру
|
Ява аралы
|
3676
|
Азия
|
Ичинская сопка
|
Камчатка түбегі
|
3621
|
Азия
|
Кроноцкая сопка
|
Камчатка түбегі
|
3528
|
Азия
|
Корякская сопка
|
Камчатка түбегі
|
3456
|
Азия
|
Этна
|
Сицилия аралы
|
3340
|
Еуропа
|
Шивелуч
|
Камчатка түбегі
|
3283
|
Азия
|
Лассен-Пик
|
Кордильеры
|
3187
|
Солтүстік және Орталық Америка
|
1
|
2
|
3
|
4
|
Льяйма
|
Оңтүстік Андылар
|
3060
|
Оңтүстік Америка
|
Апо
|
Минданао аралы
|
2954
|
Азия
|
Руапеху
|
Жаңа Зеландия
|
2796
|
Австралия және Океания
|
Пэктусан
|
Корея түбегі
|
2750
|
Азия
|
Авачинская сопка
|
Камчатка түбегі
|
2741
|
Азия
|
Алаид
|
Курил аралдары
|
2339
|
Азия
|
Катмай
|
Аляска
|
2047
|
Солтүстік және Орталық Америка
|
Тятя
|
Курил аралдары
|
1819
|
Азия
|
Гекла
|
Исландия аралы
|
1491
|
Еуропа
|
Монтань-Пеле
|
Мартиника аралы
|
1397
|
Солтүстік және Орталық Америка
|
Везувий
|
Апеннинск аралдары
|
1277
|
Еуропа
|
Стромболи
|
Липар аралдары
|
926
|
Еуропа
|
Кракатау
|
Зонд бұғазы
|
813
|
Азия
|
Белсенді жанартаулар маңында планета тұрғындарыныңы 7% орналасқан. Мәліметтер бойынша ХХ ғасырда жанартаулардың атқылауынан 40 мыңнан астам адам қаза тапқан.
Кратер - магма мен газдардың Жер бетіне шыққан тесіктері. Көп жағдайда кратерлер жанартаулардың шыңында орналасады.
Жанартаудың негізгі зақымдаушы факторлары: лава, газдар, түтін, бу, ыстық су, күл, тау жыныстарының сынықтары, жарылыс толқыны және т.б.
Лава – Жер бетіне шыққан магма. Лаваның температурасы 10000 °С дейін жетеді. Олар жоғары жылдамдықты лавалық ағындар түзеді. Лаваның ағу жылдамдығы 100 км/сағ жетеді. Лава жанартаудан 10 км дейінгі қашықтыққа, жүздеген шаршы киллометр ауданды зақымдап ағады.
Атқылауы кезіндегі жанартау күлдері мен газдар, атмосфераға 15-20 км биіктікке тасталады. Күл қабатының қалыңдығы 200 км радиуста 10 м дейін жетеді [12].
Егер магмадағы газдың қысымы жоғары болса, жанартаудың атқылауы жарылыс сипатына ие болады.
Жанартаулардың сипаттамалық ерекшеліктері, олардың қайталана атқылауы.
Адам өлімдерінің санын және материалдық шығындарду төмендетуге, жанартаулар әр уақытта бақалау, болжау арқылы қол жеткізіледі.
Жанартаудың атқылауымен күрестің негізгі әдістері:
- лаваны сумен салқындату;
- лава және тас-топырақ ағындарына арналған жасанды арналарды салу;
- қорғаныс платиналарын салу;
- қауіпті аймақтардан тұрғындарды уақтылы эвакуациялау.
2.6 Көшкіндермен, опырылмалармен, сырғымалармен, селдермен туындайтын төтенше жағдайлар
Көшкіндер – адам өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін, гравитация күшінің әсерінен тепе-теңдікті сақтай алмай кенеттен туындаған қар, мұз, тау жыныстарының баурайға қарай қозғалысы.
Таулы аймақтардағы бақытсыз жағдайлардың 50% көшкіндердің үлесінде. Көшкіндер көп болатын жыл мезгілі қыс-көктем, бұл уақытта көшкіндердің 95% тіркеледі. Көшкіндер тәуліктің кез-келген уақытында туындайды, 68% - күндізгі уақытта, 22% - түнде және 10% кешкі уақытта.
Көшкіндердің жылдамдығы 20-100 м/с аралығында. Қысымы (соққы күші) шаршы метр ауданған ондаған тонна күш түсіреді.
Көшкіндердің қауіпті факторы орасан қиратушы күші. Өз жолындағының бәрін қиратып, таулы аймақтардағы көптеген ТЖ-дың туындау себепшісі болады: құрылыс нысандарын, жолдарды, техниканы зақымдап, қиратады; адамдарды жарақаттап, өлімге соқытрады.
Бұл құбылыстардың табиғи және антропогендік себептері бар. Табиғи себебі шөккіндер баурайын су орып кетудің салдарынан құламаның тіп-тік жарға айналуынан, жауын-шашын және жер асты суымен аса ылғалдануынан, жыныстардың босап кетуінен, жер сілкіністері дүмпулерідің әсерінен орын алады. Антропогендік себептері баурайдағы баулар мен бақшаларды аса көп суарудан, жол салғанда геологиялық жағдайларын есепке алмай топырақты алу, тағы басқа құрылыс және шаруашылық жұмыстарын жүргізуіден орын алады.
Тау жыныстардың көшуі баяу болуы мүмкін, жылына бірнеше сантиметр шамасында. Аса ылғалданған балшықты жыныстардың көшкіні тас, қар және басқа қатты материалдармен араласып жылжығанда, ол үлкен апатқа, адам құрбандарына әкеліп соғуы ықтимал. Өйткені дәл осындай жағдайда көшкіннің жылдамдығы жоғары болады. Ірі көшкіндер табиғи себептерден туындап баурайларда жүздеген метрге созылады, олардың қалыңдығы 10-20 метрге жетеді. Кейде көшкінге ұшыраған материал біртұтастығын сақтап жеке тұтас дене сияқты қозғалады. Сырғыған жыныстардың көлемі миллион, кейде миллиард текше метрді құрайды.
Көшкіндер адам өміріне, оның шаруашылығына қауіп төндіреді. Олар байланыс желілерін, туннельдерді, құбырларды, су қоймаларды, бөгеттерді бұзып, ауыл шаруашылық алқаптарын, елді мекендерді жойып жібереді, ал кейде тау суларына бөгет болып тау көлдерінің пайда болуына әкеледі. Мұндай көлдер қауіпті, себебі су жиналу барысында талай жерді басып кетеді, сондай-ақ көл тасып ақыры бөгетті бұзады да орасан күрделі топан суына айналады.
Кенеттен басталатын көшкіндер аса қауіпті. Кейде жылжи бастаған көшкіндердің алғашқы белгілері көзге көрінеді - жердің бет жағында сызаттар пайда болады, жол үстінің және жағалаудағы бекіністер жарылады, ағаштар, телеграф бағаналары қопарылады. Жалпы, көшкіндер туралы мәліметтерді жинау олардың алдын алу үшін өте маңызды.
Қар көшкіні - бұл таудың құламалы беткейлерінен құлайтын немесе сырғыйтын және секундына 20-30 метр жылдамдықпен қозғалатын қар жиыны.
Қар көшкінінің құлау себебі беткейдің қарға аса толып кетуінен, беткейде жатқан қар алаңының температуралық қысылуынан және қар қайтадан кристалданғанда, қар кабатының ішінде қиыршық горизонттың пайда болуынан туады. Жекелеген қар көшкінінің көлемі 2 млн м3 жетеді. Көшкіннің түсуімен бірге көп бұзушылық әкелетін көшкіннің алдында болатын ауа толқыны болады. Қар көшкінінің түсу себебі ұзақ уақыт қардың жаууы, қардың қарқынды еруі, жер сілкінісі, жарылыстар және тағы басқа тау беткейлерінің қозғалуы мен ауа кеңістігінің толқуын тудыратын адамдардың әрекеті. Қар көшкіндері ғимараттарды, инженерлік имараттарды қиратуы мүмкін, қалың қар жолдар мен тау соқпақ жолдарын алып қалуы мүмкін. Қар көшкініне тап болған адамдар жарақат алып, қалың қардың астында қалуы мүмкін.
Қар көшкінінің негізгі себептері:
- қардың қарқынды жаууы және таудың құлама беткейлерінде көп мөлшерде желмен жиналуы;
- беттіктегі қар мен жаңа жауған қар арасындағы жабысу күшінің аздығы;
- ауа температурасының кенет өзгеруі;
- қар жамылғысына механикалық, акустикалық, желдік әсерлер.
Қар көшкініндегі адамдардың қаза болу себебі тұншығу (асфиксия). Қар көшкіні кезінде тыныс алу мүмкін емес, қар тыныс жолдарын бітеп, қарлы шаңдар өкпеге енеді.
Адам қар көшкінінде тек тұншығудан қаза таппайды, сонымен қатар, үсік шалады, ішкі органдары мен басы механикалық жарақат алады, аяқ-қолы және қабырғалары сынуы мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: |