Қауіпті аймақта тұрғандағы әрекеттер
Көшкін шығатын аудандардағы негізгі әрекет ережелерін сақтаңыз:
- тауға қар жауып тұрғанда және қолайсыз ауа-райында, тауда жүрсеңіз ауа райы өзгерістерін бақылаңыз;
- тауға шығарда, жолыңыздағы немесе қыдыратын ауданыңызда көшкін түсуі мүмкін жерлерді біліңіз;
Көшкін түсуі мүмкін жерлерден алшақ жүріңіз. Олар көбінде 30 градусқа құлама беткейлерден, егер беткейде ағаш, бұталар болмаса, 20 градустық құламадан түседі. 45 градустық құламада көшкін әрбір қар жауған сайын құлайды.
Есіңізде болсын, көшкін түсу қауіпі бар уақытта тауларда құтқару жасақтары құрылады.
Достарыңызбен бөлісу: |