ІІ. Дала қостары орналасқан орындарда:
1. Уақытша дала қостарын егін массивтеріне, мехқырмандарына, маяларға және т.б. 100 метрден жақын орналастырмау керек. Дала қостарына, жанармай қоймаларына және көліктердің уақытша далалық тұрақтарына белгіленген алаңдарда ені 4 метрден кем емес жол жыртылады.
2. Дала қостарын өрт сөндіру үшін су қорымен, өрт сөндіргіштерімен, күректермен және сыпырғыштармен қамтамасыз ету керек.
3. Асхана ошақтарын әртүрлі салуларға 30 метрден жақын емес және егін массивтеріне 100 метрден жақын емес орналастыру қажет. Осы ошақтарды ені 6 метрден кем емес жыртылған жолмен қоршау керек.
4. Егін массивтерінде және оның жанында ашық отты пайдаланатын жұмыстарға, темекі тартуға рұқсат етпеу керек.
5. Дала қостарында, қырмандарда және пішен мен сабан маялайтын учаскелерінде темекі тартуға жабдықталған “Темекі тартатын орын” деген жазуымен орындар бөліну керек.
Достарыңызбен бөлісу: |