Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі ж. Н. Рахманбердиева экстремалдық жағдайларда адамның Өмір сүру тәсілдері шымкент, 2021


ІІІ. Жемді дайындау, тасымалдау және сақтау кезінде



бет80/264
Дата21.04.2022
өлшемі1,59 Mb.
#31835
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   264
ІІІ. Жемді дайындау, тасымалдау және сақтау кезінде:

1. Пішен сарайларды өзендердің, тоғандардың жанында, ғимараттардан, автожолдардан 100 метрден кем емес және электр өткізгіш жолдарынан 30 метрден кем емес ара қашықтықта, шөптен және жемнің қалдықтарынан тазартылған стационарлық алаңдарда орналастыру қажет.

2. Пішен сарайларды маялардан 15 метрден кем емес ара қашықтықта 6 метр қорғау жолын жырту керек. Бөлек маяларда маялардың негізінен ара қашықтығы 10 метр қорғау жолдары болу керек. Пішен сарайларды қоршаумен (шарбақпен немесе терең ормен), периметр бойынша электр жарығымен және сенімді тәулік бойы күзетпен қамтамасыз ету керек.

3. Әр маяға 250 тонна пішен (сабан) салады және оларды бір-бірінен 50 метрден кем емес орналастыру керек.

4. Пішен сарайындағы әр маяны, 30-50 шелек суы бар сыйымдылықтағы екі өрт сөндіргішпен, екі шелекпен және айырмен, күрекпен қамтамасыз ету керек. Барлық өрт сөндіру құралдарды пішен сарайының аймағында 2-3 жерде орналастыру керек.

5. Қозғалтқыш қолдануымен жемді дайындау және маялау кезінде:

а) пішеннің (сабаннның) қозғалтқыштың түтін шығаратын коллекторына түсу мүмкіндігін болдырмау, ол үшін қалқандарды және т.б. орналастыру;

б) шкивтердің және тез айналатын біліктердің жағдайын жүйелі байқау керек, қайыс берілістердің батып қалуын және сабан, пішеннің оралуын болдырмау;

в) пішен маялағыштардың қозғалтқыштарын күнде жиналатын майдан және пішеннен тазарту.

6. Пішен сарайының аймағында өрт болған жағдайда дабыл беру және ЕӨСҚ мүшелерін жинау үшін қарапайым дыбыс сигналдарын орнату керек.

7. Қозғалтқыш жұмыс істеп тұрған кезде көліктің шанағына жем тиеуге тыйым салу. Жем қоймаларынан шығуды тек көліктің тұрған жерін және шығару құбырының жанындағы пішенді (сабан) жинау орнын тексерген соң рұқсат ету.

8. Ылғалдылығы жоғары пішен маяларына температуралық бақылау жүргізу және температураның жоғарылауын болдырмау.

9. Жем қоймаларын найзағайдан қорғайтын құралдармен жабдықтау.

10. Пішен және сабан маялардың жанында ашық отты қолдану жұмыстарын және темекі шегуге тыйым салу.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   264




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет