Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі ж. Н. Рахманбердиева экстремалдық жағдайларда адамның Өмір сүру тәсілдері шымкент, 2021



бет107/264
Дата21.04.2022
өлшемі1,59 Mb.
#31835
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   264
Өткіш радиация – бұл бірнеше секунд аралығында ядролық жарылыс аймағынан барлық жаққа тарайтын гамма-сәулелер мен нейтрондар ағымы.

Радиобелсенді ластану – бұл жарылыс нәтижесінде радиобелсенді заттардың бұлттардан көп мөлшерде түсуі. Олар жер бетіне түсіп, радиобелсенді із деп аталатын залалданған аймақ түзеді.

Сурет 13. Адамдардың радиациямен залалдануы


Жасанды және табиғи радиобелсенді сәулелер табиғаты бойынша өзара ұқсас және олар адам денсаулығына кері әсерлерін тигізеді.

Иондаушы сәулелер әсерінің ерекшеліктері келесідей сипатталады:

- адам сәуленің организмге әсерін сезбейді (адамдар иондаушы сәулелерді қабылдайтын сезім мүшелеріне ие емес);

- иондаушы сәулелер адам денсаулығына зиянды әсерін тигізеді (радиацияның пайдасы мен зияны арасындағы шекара әлі орнатылмаған, сондықтан кез-келген иондаушы сәулелерге қауіпті деп қараған жөн);

- адам организмінің жеке ерекшеліктері радиацияның аздаған мөлшерінде пайда болады (адам неғұрлым жас болса, соғұрлым сәулеленуге сезімтал болады, 25 жастан бастап адам сәулеленуге тұрақты бола бастайды);

- адам неғұрлым көп мөлшерде сәулеге шалдықса, соғұрлым сәуле ауруына шалдығу мүмкіндігі жоғары;

- терінің байқалатындай залалдануы сәуле ауруының нышаны, бірақ аурудың нышаны біраз уақыт өткеннен кейін ғана байқалады;

- сәулелену мөлшері жасырын түрде жинақталады (сәулелену мөлшері уақыт өткен сайын жинақталып, сәуле ауруына ұшыратады).

Радиация әсерінің нәтижесінде адам организміндегі биохимиялық үрдістер мен зат алмасу үрдісі бұзылады. Сіңірілген мөлшерге және организмнің жеке ерекшеліктеріне тәуелді өзгерістер қайтымды және қайтымсыз болуы мүмкін. Аздаған мөлшер кезінде залалданған тері, өзінің функционалды тіршілігін қалпына келтіреді. Ұзақ уақыт әсер еткен сәулеленудің көп мөлшері, жекелеген органдарының немесе организмнің толық қайтымсыз залалдануына әкеліп соғады.

Иондаушы сәулеленумен туындаған төтенше жағдайларда, қабылданған сәулелену мөлшері неғұрлым аз болатын іс-әрекеттер жасау керек.



Радиациядан қорғанудың үш әдісі бар – олар «уақытпен қорғау», «қашықтықпен қорғау», «экрандау және жұтып алу арқылы қорғау» (сурет 14).

Уақытпен қорғау – радиобелсенді заттармен ластанған объектіде немесе жергілікті орында адамдардың болуы уақытын шектеу (неғұрлым болу уақыты аз болса, соғұрлым қабылданған мөлшер де аз болады).



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   264




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет