Егер сізді кепілге алса
Өзіңізге өзіңіз берік болыңыз, үрейленбеңіз. Қалыпты дауыспен әңгімелесіңіз.
Болуы мүмкін қатаң сынаққа тәндік және моралдық тұрғыдан даярланыңыз.
Ұрлап әкетушілерге жек көрушілік танытып, қатты сөздер айтпаңыз.
Әуел бастан (әсіресе алғашқы сағатта) бандиттердің барлық нұсқауларын орындаңыз.
Өз мінезіңізбен лаңкестер назарына түспеңіз, белсенді қарсылық көрсетпеңіз. Бұл сіздің жағдайыңызды қиындатуы мүмкін.
Қашып құтылуға толық сенім жоқ болса, қашуға әрекеттенбеңіз.
Мүмкіндігінше террористер туралы ақпаратты көбірек есіңізде ұстаңыз (санын, қаруын, сипаттары қандай, дене ерекшеліктері, сөйлеу мәнері, әңгіме тақырыбы, мінез құлқы) өзіңіздің тұрған (қамалған) жеріңізді анықтауға тырысыңыз.
Тамақтан бас тартпаңыз. Бұл күш пен денсаулықты сақтауға көмектеседі.
Терезеден, есіктен және террористердің өздерінен алысырақ орналасыңыз. Бұл ғимаратқа шабуыл жасалған, мергендер қылмыскерлерді атқан жағдайда өз қауіпсіздігіңізді қамтамасыз етуге қажет.
Ғимаратқа шабуыл жасалған кезде қолыңызды желкеңізге қойып, етпетіңізбен жатыңыз.
Достарыңызбен бөлісу: |