Адам ұрлаудың алдын алуға бағытталған әрекеттер:
- күдік туындаған жағдайда милицияға хабарлаңыз;
- бөгде адамдарға өзіңіз және жанұяңыз туралы ақпараттар бермеңіз;
- өзіңізбен бірге көп ақша ұстамаңыз, қымбат асыл заттарды тақпаңыз;
- балаларды кешкі және түнгі уақыттарда қараусыз қалдырмаңыз;
- потенциалды қауіпті жерлерге: қоқыс орнына, жертөлеге, шатырға, құрылыс алаңдарына, орманға бармаңыз;
- белгісіз тұрған немесе жай қозғалып келе жатқан көліктерге жақындамаңыз, тротуармен жүріңіз;
- бөгде адамның ұсынысымен көлікке мінбеңіз, пәтерге кірмеңіз, бөтен жерлерге бармаңыз;
- ұялы телефонды, персоналды байланыс жүйесін пайдалануды үйреніңіз;
- көлденең жүргіншіден сыйлықтар алмаңыз;
- бөтен адам ұсынған азықты, тәттіні, суды, спирт өнімдерін тұтынбаңыз;
- шулы, мас адамдармен кездесуден аулақ болыңыз;
- бөтен адамдармен көшеде сөйлеспеңіз, өзіңізді сенімді және сабырлы ұстаңыз;
- пәтерге кірместен бұрын жақын маңда күдікті адамдардың жоқтығына көз жеткізіңіз;
- қараңғы түсісімен бөлме жарығын қосып, перделерін жауып қойыңыз;
- таныс адам екеніне көз жеткізбей, кіріс есігін ашпаңыз;
- қандай сылтау айтса да, бөтен адамды пәтеріңізге кіргізбеңіз;
- пәтерден шығарда, күдікті адамдардың жоқтығына көз жеткізіңіз;
- қауіпсіз жолдармен жүріңіз;
- пәтеріңіздің көрінетін жеріне жолдастарыңыздың, көршілеріңіздің, қызметтестеріңіздің, арнайы күзет қызметінің телефон нөмірлерін жазып қойыңыз.
Достарыңызбен бөлісу: |