Егер лаңкестер кепілге алса
а) Ескерту (алдын алу) шаралары:
Бұл шаралар ортақ сипатта және қырағылықты арттыруға, өткізудің қатаң тәртібіне, әртүрлі мақсаттағы бақылау және дабыл жүйесін орнатуға бағытталған.
Сонымен қатар, ұйым қызметшілері осындай жағдайлардағы іс-әрекеттерге үйретілуі тиіс. Мұның бәрі белгілі бір дәрежеде ұйым аумағы мен орналасқан жерінде кепілге алыну мүмкіндігін төмендетеді.
б) Кепілге алынған кездегі іс-әрекет:
- болған оқиға туралы телефонмен тиісті жерге немесе ұйым басшысына бірден хабарлау;
- өз ықтиярыңызбен лаңкестермен келіссөз жасамау;
- қажетті жағдайда, егер бұл адамдардың өмірі мен денсаулығына залал келтірмейтін, терроирстерге қайшы келмейтін болса, олардың талаптарын орындау, жеке және қасындағы адамдардың өмірін қатерге тікпеу;
- лаңкестердің қару қолдануына апарып соқтыратын іс-әрекеттерді жасамау;
- оқиға орнына күш көрсету құрылымдарының тиісті органдары қызметкерлерінің кедергісіз өтуін қамтамасыз ету;
- Ішкі істер министрлігі (ІІМ) арнайы бөлімше жауынгерлері келісімен олардың командирлерінің сұрағына толық және нақты жауап беріп, олардың жұмыстарын қамтамасыз ету.
Лаңкестік актілердің болу қауіпі жағдайындағы іс-әрекеттер мен сақтандыру мәселелері бойынша ұйым қызметкерлерінің білімін кеңейту және дағдылардың сіңірілуін қамтамасыз ету үшін ұйым аумағының орналасу ерекшелігін және қызметінің сипатын ескере отырып, ұйым басшылары ІІМ жергілікті органдарымен бірлесе отырып, нысан қызметкерлерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі Нұсқаулықтар мен Іс-әрекет жоспарларын әзірлейді.
Достарыңызбен бөлісу: |