Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі ж. Н. Рахманбердиева экстремалдық жағдайларда адамның Өмір сүру тәсілдері шымкент, 2021



бет211/264
Дата21.04.2022
өлшемі1,59 Mb.
#31835
1   ...   207   208   209   210   211   212   213   214   ...   264
Байланысты:
лекция ЭЖАОСТ

5.3 Гидросфера және оның ластануы

Су – биосфераның құраушы бөлігі.

Планетадағы су ресурстарының 98% жоғары минералданған, шаруашылық әрекетіне жарамсыз су.

Жер шарындағы тұщы судың үлесі 28 млн. км3, оның 4,2 млн. м3 шаруашылық үшін қол жетімді, яғни, жалпы гидросфера көлемінің 0,3% ғана құрайды. Тұщы су ресурстары біркелкі таралмаған. Оның көп бөлігі толық игерілмеген аудандарда болғандықтан, дамыған өңірлерде тұщы су тапшылығы орын алуда.

Жер асты сулар жалпы тұщы судың 14% құрайды. Жер бетіндегі сулардың қарқынды ластануынан, жер асты суының рөлі артуда.

Әлемдік мұхит таусылмас су қоры болып табылады. Ол тұщы судың негізгі көзу болуы да мүмкін. Ол үшін тұщы суға айналдыратын сенімді, өнімді қондырғылар қажет.

Табиғатта судың сапасы түрлі факторлардың жиынтығымен анықталады (климат, жергілікті рельеф, топырақ жамылғысы, жағалаудағы өсімдіктер сипаты және т.б.). Сонымен қатар, суаттағы өтетін биологиялық үрдістер мен адамның тіршілігіне тәуелді болады (өзен ағысын реттеу, ақаба суларды тастау).

Табиғи судың құрамы физикалық, химиялық және санитарлы-гигиеналық көрсеткіштерімен бағаланады.

Физикалық көрсеткіштері – температура, таразыланған заттардың мөлшері, түсі, иісі мен дәмі.

Жер асты суларының температурасы жыл бойында тұрақты болады: 8-10°С, ал жер беті суларының температурасы жыл мезгіліне байланысты 0,1-30°С аралығында ауытқып отырады. Мөлдірлігі мен лайлылығы суда таразыланған заттардың (құм бөлшектері, саз, балшық, планктон) бар екендігін сипаттайды. Судың түстілігі органикалық заттардың қатысуымен шартталады (гумус, белоктар, майлар, органикалық қышқылдар және т.б.).

Табиғи судың дәмі мен иісі табиғи және жасанды түрде болуы мүмкін. Судің негізгі төрт түрлі дәмі бар: тұзды, ащы, тұщы және қышқыл.

Судың химиялық құрамы иондық құрамымен, кермектілігімен, сілтілігімен, тотығуымен, сутегі иондарының белсенді реакцияларымен (рН), еріген оттегінің мөлшерімен, күкіртті сутегімен, белсенді хлормен, бос көмір қышқылымен сипатталады.

Судағы уытты заттар (мышьяк, стронций, бериллий, қорғасын, сынап және басқа ауыр металдар) мен радионуклидтер антропогендік өнімдер болып табылады.

Суда еріген газдар – оттегі, көмір қышқылы, күкіртті сутегі, метан, аммиак құбырлар мен қондырғыларға деген судың коррозиялық белсенділігін арттырады.

Судың маңызды мәні, оның физиологиялық рөлі. Судың көп мөлшері өнеркәсіп салаларына, тұрмыстық қажеттіліктерге, қажетті санитарлы-техникалық тәртіп жасауға, емдеу-профилактикалық бөлімдеріне, қоғамдық тамақтану орындарына, сауықтыру шараларын өткізуге қажет. Қалаларда көшелерді жууға, көгалдарды суғаруға көптеп шығындалады.

Өндіріс пен транспорттың қарқынды дамуы, бірқатар өңірлердің орын ауыстыруы гидросфераның айтарлықтай ластануына әкеліп соғуда.

Инфекциялық аурулардың 80% ауыз су сапасының қанағаттанарлық дәрежеде болмауымен және сумен қамту орындарындағы санитарлы-гигиеналық талаптардың бұзылуымен байланысты.

БҰҰ мәлімдеуінше, әлемде жылына 1 миллионға жуық өнім түрлері шығарылады. Оның 100 мыңнан астамы химиялық қосылыстар болса, 15 мыңға жуығы қауіпті уытты заттар. Эксперттердің бағалауы бойынша, сыртқы ортаға шығатын химиялық заттардың 80% ерте ме кеш пе су ортасына келіп түседі екен.

Бүгінгі таңдағы суды ең көп тұтынатыны ауыл шаруашылығы (барлық қордың 60-70%). Екінші кезекте өндіріс пен энергетика, үшіншісі - тұрмыстық шаруашылық.

Ауыз су ресурстарының қауіпсіздігі үш категорияға бөлінетін қоспаларға тәуелді:

1. Бейорганикалық химиялық заттар, олардың қатарына сынап, кадмий, нитраттар, қорғасын және оның қосылыстары, хром мен мыс және олардың қосылыстары.

2. Органикалық химиялық қосылыстар – мұнай және мұнай өнімдері, пестицидтер, полихлор-бифенилдер.

3. Ауру тудырғыш микроорганизмдер, паразиттер.

Жер бетіндегі суды ластаушылардың көп мөлшері қара және түсті металлургия өнеркәсіптерінің, химиялық, мұнайхимиялық, мұнай, газ, көмір, орман, целлюлоза-қағаз өнеркәсіптерінің, ауыл және тұрмыстық шаруашылық кәсіпорындарының ақаба суларымен келеді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   207   208   209   210   211   212   213   214   ...   264




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет