Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі ж. Н. Рахманбердиева экстремалдық жағдайларда адамның Өмір сүру тәсілдері шымкент, 2021



бет212/264
Дата21.04.2022
өлшемі1,59 Mb.
#31835
1   ...   208   209   210   211   212   213   214   215   ...   264
Байланысты:
лекция ЭЖАОСТ

Гидросфераны ластаушы көздер

Әрбір су тоғаны немесе су көзі оны қоршаған сыртқы ортамен байланысқан. Осыған тәуелді оған әсер ететіндер:

- жерасты және жерүсті су ағындарының қалыптасу шарттары;

- әр түрлы табиғи құбылыстар;

- индустрия;

- өндірістік және коммуналдық құрылыстар;

- транспорт;

- адамның шаруашылық және тұрмыстық әрекеті.

Осы әсерлердің нәтижесінде су ортасына, оның сапасын төмендететін ластауыштар келіп түседі.

Су ортасының ластануын келесідей жіктейді: химиялық, биологиялық және физикалық.



Химиялық ластану – бейорганикалық және органикалық зиянды қоспалардың мөлшерлерінің арту есебінен, судың табиғи химиялық қасиетінің бұзылуы.

Біріншіден, бейорганикалық химиялық заттар. Тұщы және теңіз суларының негізгі бейорганикалық (минералды) ластауштары, су ортасын мекендеуіштер үшін уытты, түрлі химиялық қосылыстар. Бұлар мышьяк, қорғасын, кадмий, сынап, хром, мыс, фтор қосылыстары. Аталған ластауыштардың көпшілігі, адам әрекетінің нәтижесінде келіп түседі.

Екіншіден, ерігіш күйіндегі органикалық химиялық қосылыстар. Теңіз суына келіп түсетін ерігіш заттардың ішінде үлкен мәнге ие болатыны органикалық қалдықтар.

Органикалық заттардың теңізге шығарылуы жылына 300…380 млн.т./жыл бағаланады. Құрамында органикалық суспензиялары немесе еріген органикалық заттары бар ақаба сулар, су тоғандарының күйіне үлкен зиянын тигізеді. Тұнбаға түскен суспензиялар тоғанның түбін жауып, судың өзін-өзі тазалау үрдісне қатысатын микроорганизмдердің тіршілігін тежейді, тіпті, толығымен жояды. Су түбіндегі тұнбалардың іріп-шіруінен, зиянды қосылыстар және улағыш заттар түзіледі. Мысалы, суды толығымен ластайтын күкіртті сутек түзіледі. Сонымен қатар, суспензиялар, су түбіне күн сәулесінің түсуін нашарлатады және фотосинтез үрдісін баяулатады.

Судың сапасына қойылатын санитарлық талаптардың бірі, оның құрамындағы оттегінің қажетті мөлшерінің болуы. Барлық ластағыш қоспалар, зиянды әсерін тигізіп, судағы оттегі мөлшерінің төмендеуіне әкеледі. Беттік активті заттар (БАЗ) – майлар, майлау материалдары, детергенттер, олар өз қасиеттеріне тәуелді судың беттігінде қабыршақ түзеді. Нәтижесінде, судың оттегімен қанығуын төмендететін, су мен атмосфера арасындағы газалмасуға кедергі келтіреді. Табиғи судың қасиеттеріне сай келмейтін органикалық заттардың көп мөлшері, өзендерге өндірістік және тұрмыстық ақаба сулармен келіп түседі. Су жинақтау орындарының және су тоғандарының жоғары деңгейде ластануы, барлық өндірістік елдерде кездеседі.

Су бассейндерінің және топырақ жамылғысының тұрмыстық қалдықтармен ластану, тазалау имараттары құрылысының бәсең жүруімен және қарқынымен урбанизацияланумен байланысты. Әсіресе ағысы төмен сулар мен ағыссыз су қоймалары, көлдер қатты ластануда.

Суда ыдыраған органикалық қалдықтар, патогенді организмдердің ортасына айналуы мүмкін. Органикалық қалдықтармен ластанған сулар, іс жүзінде ауыз су ретінде және басқа да мақсаттарға жарамсыз болып табылады.

Ауыз суының биологиялық ластануы оның құрамында биологиялық қоспалардың, яғни, ауру туғызатын микроорганизмдердің болуымен байланысты.

Тұрмыстық сұйық қалдықтар кейбір аурулардың (дизентерия, холера) көзі болып ғана табылмайды, сонымен қатар, олардың толық ыдырауы үшін көп мөлшерде оттегін қажет етеді. Егер су қоймасына көп мөлшерде тұрмысты ақаба сулар келіп түссе, ондағы су мекендеушілерге қажетті оттегінің мөлшері төмендейді.

Өткен жүз жылдықтың басында, хлорлау жолымен суды тазалаудың сапасын жоғарылатуға қадам бастық. Суды хлорлау әдісімен тазалаудың нәтижесінде, су ауруларына байланысты өлімнің көлемі едәуір төмендеді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   208   209   210   211   212   213   214   215   ...   264




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет