Құрғақшылық кезіндегі іс-әрекеттер
Жоғары температураның әсерінен сақтаныңыз. Бас киіммен, ашық түсті ауа өткізгіш (мүмкіндігінше мақтадан) киім киіңіз. Күйген тері тер бөліп, суымайтыны есіңізде болсын. Асықпай қозғалыңыз, жиі көлеңкеде болуға тырысыңыз. Сыра және тағы да басқа алкагольдік сусындарды ішпеңіз, бұл ағзаның жалпы жағдайының нашарлауына алып келеді. Сізге аптап кезінде қосымша тұз пайдалану қажет пе екендігі туралы дәрігермен кеңесіңіз. Жылудан зақымдансаңыз тез арада көлеңкеге, желге шығыңыз немесе душ қабылдаңыз, баяу көп су ішіңіз. Жылу соғудан сақтану үшін денеңізді салқындатуға тырысыңыз. Айналадағылардың біреуі есінен танып қалса, жансақтау шараларын жүргізіңіз, (жүрекке қиялай массаж және жасанды тыныс беру жасаңыз). Құрғақшылық кезінде өрт болу мүмкіндігінің өсетіндігі есіңізде болсын.
Достарыңызбен бөлісу: |