Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі ж. Н. Рахманбердиева экстремалдық жағдайларда адамның Өмір сүру тәсілдері шымкент, 2021



бет40/264
Дата21.04.2022
өлшемі1,59 Mb.
#31835
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   264
Жергілікті желдер - шағын алқаптың жергілікті географиялық жағдайлары әсерінен пайда болатын желдер.

Екпінді жел - атмосферадағы конвективті процестермен байланысты, бағыты өзгермелі, кенеттен желдің қатты күшеюі, (желдің жылдамдығы 72-108 км/сағ).

Қатты жел - жер бетіндегі салыстырмалы ауа қозғалысы (жылдамдығы 50 км/сағ жоғары).

Пассаттар - Солтүстік пен Оңтүстік жарты шарларда субтропиктік жоғарғы қысымды облыстардан экваторға қарай соғып тұратын тұрақты желдер. Жердің өз білігінде айналып тұруына байланысты пассаттар Солтустік жарты шарда солтүстік-шығыс, ал Оңтүстік жарты шарда оңтүстік-шығыс бағытта соғып тұрады. Мұхиттарда пассаттар бағыттарын өзгертпей тура соғады.

Бриз - теңіздің, үлкен көлдің және кейбір ірі өзеннің жағасында болатын тұрақты жел. Бриз желі құрлықтың күндіз тез қызып, түнге қарай тез сууы арқасында пайда болады. Қызған жеңіл ауа құрлықтан жоғары көтеріледі, ал оның орнын теңізден келетін суық ауа басады. Түнде теңіз үстінде ауа жылы, соңдықтан ол жоғары көтеріледі де, оның орнына жағадан тығыз да салқын ауа массалары жылжиды. Бриз желдері осылай пайда болады.

Бора - теңіздің дәл жағасындағы аласа тау жотасынан қатты күшпен төмен соғатын суық жел. Бора көбіне қысты күні соғады. Бора Антарктикалық теңіздің жағасында, Жаңасібір ауданында, Байқалда, Жаңа жерде, Прованста, Техаста тағы басқа жерлерде жиі байқалады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   264




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет