Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі ж. Н. Рахманбердиева экстремалдық жағдайларда адамның Өмір сүру тәсілдері шымкент, 2021


Атмосфералық жауын-шашындармен туындайтын төтенше жағдайлар



бет46/264
Дата21.04.2022
өлшемі1,59 Mb.
#31835
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   264
Байланысты:
лекция ЭЖАОСТ

2.4 Атмосфералық жауын-шашындармен туындайтын төтенше жағдайлар

Жауын, қар, бұршақ түріндегі атмосфералық жауын-шашындар табиғаттың қарапайым құбылысына жатады. Қар мен жауын немесе бұршақ толассыз жауған жағдайларда ТЖ туындауы ықтимал.

Толассыз атмосфералық жауын-шашындар су тасқыны, қар көшкіні, тастардың құлауы, селдер, сырғымалар, опырылмалар, таулы көлдердегі көп мөлшереде судың жиналуы және кенеттен бөгендердің бұзылуы, өзендердің арнасынан асып кетуі, жолдардың, байланыс және электр жүйелерінің, құрылыс нысандарының бұзылуы, ауыл шаруашылық өнімдерінің жойылуы және т.б. ТЖ туындау қауіптерін жоғарылатады. Атмосфералық жауын-шашындармен бірге жел қуаты күшейеді, ауа температурасы кенеттен төмендейді, найзағай түседі. Осылардың барлығы адамдардың жарақат алуының немесе қаза табуының себепшісі болуы мүмкін. Мұндай жағдайда сенімді жасырын орнын табу керек, азық-түлік, отын-су және медикаменттер қорына ие болу керек. Адам өзін-өзі қалай ұстау керек екендігін білуі керек.

Жауын-шашын - жер бетіне сұйық немесе қиыршық түрінде бұлттан және ауадан суып түсетін ылғал. Ол бұлттағы ірі кристалды бөлшектердің еруінен кішкентай тамшылардың қосылуы (коагуляттануы) нәтижесінде пайда болады. Бұлттардан жауатын атмосфералық жауын-шашынның ішінде келесілері белгілі: қарлы жаңбыр, соқпа қар, жаңбыр, түйіршік қар, қиыршық қар, мұз қиыршықтары, бұршақ және т.б. Атмосфералық жауын-шашындардың негізгі топтамасы 9 суретте келтірілген.

Жер бетіне ауадан тікелей бөлініп түсетін атмосфералық жауын-шашынның келесідей түрлері болады: шық, қырау, қылау, көкмұз (ожеледь) т.б. Қатты суынған су тамшылары мен тұманнан, жер бетінде көктайғақ пайда болады. Жауын-шашынның мөлшері Жер шары бойынша орта есеппен 1000 мм-ге жуық, экватордың кейбір аймағында (Черапунджи, Гималайда) 12000 мм, субтропиктік (пассат белдемінде, шөлдерде) және қоңыржай белдеудің көпшілік бөлігінде 250-1000 мм-ге дейін, кей жерлерде бұдан да көп, жоғары ендіктерде 250 мм-ден де аз болады. Қазақстанда жауын-шашын ең көп түсетін өңір – Алтай тауының батыс беткейлерінде (1500 мм), ал ең аз жауын-шашын Арал маңы Қарақұмы мен Балқаш көлінің батыс жағалауында (70-110 мм) байқалады.



Сурет 9. Атмосфералық жауын-шашындар


Бұлттардан бөлініп шығатын атмосфералық жауын-шашын негізгі үш топқа бөлінеді: ақ жауын, нөсер, сірікпе. Нөсер күйінде жауатын атмосфералық жауын-шашынның алдында найзағай ойнайды.

Атмосфералық жауын-шашынның мөлшері жауған су қабатының қалыңдығын көрсететін миллиметрмен өлшенеді. Атмосфералық жауын-шашын жер бетіне біркелкі жаумайды. Ол атмосфераның жалпы циркуляциясының жүйесінде белгілі бір жердің алатын географиялық орнына, теңіздің жақындығына немесе қашықтығына, рельефке (таулар өздерінің жел жақ беткейлерінде ылғалды көбірек ұстап қалады) байланысты.



Жаңбыр - бұлттан бөлініп жерге түсетін атмосфералық сұйық тамшылардың жиынтығы. Тамшылардың диаметрі 0,5-7 мм болады. Тропосфераның жоғарғы қабатында қалыптасқан қар, мұз түйіршіктері оның жер бетіне жақын қабатынан өткенде еріп, жауын тамшыларына айналады. Кейде жаңбыр бұлт арасындағы тым ұсақ тамшылардың бір-бірімен қосылуынан пайда болады.

Нөсер жаңбыр - бірнеше тәулік созылатын, минутына 1 мм жоғары жауатын жаңбыр. Будақ бұлттардан қатты жауып тез аяқталады; олар, көбінесе, төменгі ендіктерге тән.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   264




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет