Төтеншежағдайлар аймағы - ТЖ туындаған белгiлi бiр аумақ. ТЖ зардап шеккен адамдардың санына, материалдық шығындардың көлеміне, келтiрген нұқсанның көлемiне және қирату факторларының таралу ауқымына қарай келесідей бөлінеді: объектiлiк, жергiлiктi, территориялық, өңірлік және жаһандық. ТЖ аймағының жіктелуі 2 суретте келтірілген.
объектілік (зардаптарының таралуы қондырғымен, цехпен, объектімен шектелген) – нәтижесінде 10 аса адам зардап шеккен немесе 100 аса адамның тіршілік жағдайы бұзылған ТЖ аймағы;
жергілікті (зардаптарының таралуы елді мекенмен, ауданмен, облыспен шектелген) – нәтижесінде 10-50 адам зардап шеккен немесе 100-300 адамның тіршілік жағдайы бұзылған ТЖ аймағы;
территориялық (зардаптарының таралуы Қазақстан Республикасының суббъектті шекарасымен шектелген) - нәтижесінде 50-500 адам зардап шеккен немесе 300-500 адамның тіршілік жағдайы бұзылған ТЖ аймағы;
өңірлік (зардаптарының таралуы бірнеше облыспен шектелген) – нәтижесінде 500 аса адам зардап шеккен немесе 500-1000 адамның тіршілік жағдайы бұзылған ТЖ аймағы;
жаһандық (зардаптарының таралуы бірнеше мемлекеттерді қамтиды) –зақымдаушы факторы Қазақстан Республикасының (ҚР) шекарасынан асатын немесе шет елдерде болған және ҚР-ның территориясына ықпалын тигізетін ТЖ аймағы.