Стихиялық апаттар - адамдардың өміріне немесе денсаулығына қауіп төндіретін, материалдық құндылықтардың жойылуына әкеліп соғатын және қоршаған табиғи ортаға зиянын тигізетін ауқымды масштабтағы табиғи құбылыстар. Табиғи сипаттағы төтенше жағдайлардың жіктелуі 3 суретте көрсетілген.
Сурет 3. Табиғи сипаттағы төтенше жағдайлардың жіктелуі
Әлемдегі стихиялық апаттардың саны әрбір 10 жыл сайын екі есеге артуда. 1950-2011 жылдары аралығында әлемдегі катастрофалық апаттардың саны 6 есеге артқан. Стихиялық апаттар ХХ ғасырдың ішінде 11 миллион адамның өмірін алып кеткен. Әлемдегі стихиялық апаттардан зардап шегушілердің саны жыл сайын 6% артуда [7].
Біздің елімізде жиі кездесетін табиғи сипаттағы ТЖ: су басу, жер сілкінісі, қатты желдер, қар басу, табиғи өрттер, көшкіндер, селдер, ауаның экстрималды температурасы, тұман және т.б.
Қазіргі уақытта стихиялық апаттар, көптеген ТЖ туындауына себепші болуда. Олар адамзатты қайғылы оқиғаларға ұшыратуда, экономикаға және қоршаған табиғи ортаға орасан зор шығын келтіруде.
Жер бетіндегі өркениеттің даму тарихы техногендік сипаттағы ТЖ туындау шарттарын жасаумен тығыз байланысты. Адамзаттың өндірістік және тұрмыстық тіршілігнің нәтижесінде туындаған ТЖ - техногендік сипаттағы ТЖ болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |