Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі ж. Н. Рахманбердиева экстремалдық жағдайларда адамның Өмір сүру тәсілдері шымкент, 2021



бет81/264
Дата21.04.2022
өлшемі1,59 Mb.
#31835
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   264
Байланысты:
лекция ЭЖАОСТ

IV. Егін жинау кезінде:

1. Темір жол және тас жол жанындағы жолдарда масақ дақылдарын егуге тыйым салу. Бұл жолдарда шабылған шөпті егін массивтеріне 30 метрден кем емес ара қашықтықта шөмелерге жиыстырып қою керек. Темір жол, тас жолдардың, орман массивтердің және дала жолдарының бойындағы егін массивтердің енін кемінде 6 метр жолмен жырту керек. Комбайндардың жұмысы алдында егін массивтердің периметрі бойынша терең дискілеуін өткізу, егіс даласын учаскелерге бөліп, торлардың араларында комбайнның бір күндік өңдеуінен көп емес алаңында енін кемінде 6 метрдей жолды жырту керек. Егін өтетін дала жолдарды жауып, егіннің пісу және жинау уақытында егін массивтерінен кез келген көліктің жүруіне тыйым салынады.

2. Егістерде орылған егістің, жем қалдықтарын жағуға, алаулар жағуға тыйым салу.

3. Жинап жатқан егін массивтердің жанында өрт болу жағдайына трактор мен соқа дайындап қою керек.

4. Қозғалтқыштың радиаторындағы шаңды пайдаланған газдардың көмегімен тазартуды егін массивтерінен тыс жерде өткізу.

5. Жинау машиналардағы подшипниктерді және басқа қажалатын бөлшектерді майлауды, битер біліктерін, тасымалдағыштардың сабан тығыздауыштарын және комбайнның басқа айналатын бөлшектері мен түйіндерін оратылып қалған сабаннан тазартуды уақытында өткізу.

6. Жинау машиналардың шнектерін және тасымалдағыштарын жемнен және сабаннан жүйелі тазарту.

7. Тракторларға, комбайндарға және басқа көліктерге жанармайды тек сөндірілген қозғалтқышта жанармай құюшы құю керек, көліктерге түнгі уақытта жанармай құюына, жанармай құю кезінде темекі шегуге және ашық отты қолдануға тыйым салу.

8. Жинау машиналарды және агрегаттарды жөндеуді және қоюды егін массивтерінен 30 метрден кем емес ара қашықта жүргізу қажет. Жөндеу және тұру орнын ені 6 метрден кем емес жолмен жыртады.

9. Комбайндарды аптасына кемінде екі рет жуу қажет.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   264




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет