Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі ж. Н. Рахманбердиева экстремалдық жағдайларда адамның Өмір сүру тәсілдері шымкент, 2021


Шөп дайындау кезіндегі өрт қауіпсіздігі



бет77/264
Дата21.04.2022
өлшемі1,59 Mb.
#31835
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   264
Шөп дайындау кезіндегі өрт қауіпсіздігі

Малға жем дайындау кезінде ауыл тұрғындары ғана емес көптеген қалалықтар да бүкіл жаз бен күз бойы білек сыбанып жұмыс істейді. Ең өкініштісі көп күнгі еңбегіңді санаулы минуттарда оттың жалмап кеткенінде.

Ірі жемді дайындау және сақтау орындарында отты пайдалану кезінде аса абай болу керек, сөндірілмеген ошақ, ыстық аптап ауа-райындағы тасталған сіріңке немесе темекінің қалдығы арты толмас қайғыға әкеліп соғуы мүмкін.

Өрт астық жинау техникасына, тракторларға, автокөлік және өзінен жүретін шассиге жанар-жағармайды құюда белгіленген ережелерді бұзу кезінде шығуы мүмкін. Төгіліп қалған май, бензин, керосин және басқа да жеңіл тұтанатын және жанатын сұйықтар үлкен қауіп-қатер көрсетеді. Жану жүйесіндегі, ауыл шаруашылық агрегаттар құбырларындағы ұшқын сөндіргіштер болмаған кездегі ұшқындар, агрегаттар торабындағы жиналып қалған  сабан массасының үйкелуі алқаптағы және пішендік жерлердегі өрттің себебі болуы мүмкін.

Шөпті жинау және сақтау кезінде ірі азықты сақтау орындарына тасу және жинау бойынша сенімді техниканы дайындау және дұрыс ұйымдастыруға ерекше көңіл аудару керек. Бұл шаралар көп уақыт пен ірі көлемдегі шығынды қажет етпейді. Осыны пайдаланып өрт қауіпсіздігінің негізгі талаптарын ескеру қажет:

- шөпті дайындау және жинау жұмыстарына тек қана ұшқын сөндіргіш пен алғашқы өрт сөндіру құралдарымен жабдықталған автотехника жіберіледі;

- шөпті жинақтау аумағы жанғыш қоқыстан тазартылған, шеті қоршалған немесе мүмкіндігінше су көздеріне жақын орналасуы қажет;

- отаудан электрөткізу желілеріне дейінгі арақашықтық 15 метрден аспай, жолдарға дейін 20 метрден кем болмауы керек;

- шөптерді тұрғын құрылыстарының жанына қоралар шатырына жинауға және сондай-ақ өту және жүру жолдарын бөгеуге болмайды;

- шөпті көлікпен тасымалдау кезінде жинау биіктігі 4,5 метрден аспауы керек.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   264




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет