Жем дайындау және егін жинау кезіндегі өрт қауіпсіздігі шаралары
Жем дайындау және егін жинау кезінде ауыл шаруашылық өндірісі объектілерінде өртті болдырмау үшін келесі өртке қарсы шараларды орындау қажет:
І. Дала жұмыстарына дайындалу кезінде:
1. Жем дайындау және егін жинаудың алдында:
а) жинау машиналарды және агрегаттарды өртке қарсы дайындау, механизаторларға өртке қарсы нұсқау беруді ұйымдастыру және жем дайындау және егін жинау кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау үшін ауыл шаруашылығы кәсіпорынның басшысы жауапты адамдарды тағайындау керек;
б) жем дайындау және егін жинауға қатысатын трактористтер, комбайнерлер, олардың көмекшілері және басқа механизаторлар арнайы бағдарлама бойынша өртке қарсы нұсқауды өту керек;
в) егін жинау жұмыстарына бөлінген адамдар да өрт қаупсіздігінің негізгі шаралары бойынша нұсқау алу керек;
г) егін піскен кезінде егістікті күзету үшін шолғыншылар және егістік қызметкерлер болу керек;
д) егін массивтеріне және пішендік қоныстарға жинау машиналарын және тракторларды шығару алдында оларды жөн ұшқын сөндірушілермен жабдықтау керек, жем тасымалдайтын автокөліктерді алдыңғы буферға шығарылған заводта жасалған жөн сөндіргіштермен жабдықтау керек;
е) жинау агрегаттарды және егін жинау жұмыстарына лайықталған ауыл шаруашылық техниканы бірінші өрт сөндіру құралдарымен жабдықтау керек (2 өрт сөндіргіш, 2 күрек, 2 сыпырғыш, өлшемі 1,5х1,5м киіз немесе брезент);
ж) жинау жұмыстарына техниканың өртке қарсы жағынан дайындығы әр ауылшаруашылық кәсіпорында құрылатын арнайы комиссиялармен тексерілу керек;
з) өрт сөндіру көліктерінің, мотопомпалардың және өрт сөндіруге лайықталған техниканың техникалық жағдайын тексеріп, оларды жанармай-майлайтын материалдар қорымен жабдықтау керек; жауынгерлік есептерді толықтыру және жүргізушілердің тәулік бойы кезекшілігін қамтамасыз ету қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |