Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі КӘсіби педагогика


–  ізденушілердің диссертация- лар қорғауы негізінде берілген ғылыми дәрежелер.  Докторант  –



Pdf көрінісі
бет43/50
Дата17.10.2023
өлшемі1 Mb.
#116807
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   50
 – 
ізденушілердің диссертация-
лар қорғауы негізінде берілген ғылыми дәрежелер. 
Докторант
 – 
докторантурада білім алатын адам. 


88 
Докторантура
– 
білім беру бағдарламалары философия докторы 
(PhD), бейіні бойынша доктор дәрежесін бере отырып, ғылыми, 
педагогтік және (немесе) кәсіптік қызмет үшін кадрлар даярлауға 
бағытталған жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру. 
Дуальды оқыту
– 
кәсіпорынның (ұйымның), оқу орнының және 
білім алушының тең жауапкершілігі кезінде білім беру ұйымындағы 
оқытуды білім алушыларға жұмыс орындарын ұсынып және өтемақы 
төлемін төлей отырып, кәсіпорындағы (ұйымдағы) өндірістік оқыту 
мен кәсіптік практиканың міндетті кезеңдерімен ұштастыратын 
кадрлар даярлау нысаны. 
Дрекше мәртебе
 – 
жеке тұлғаны тәрбиелеуге, оқытуға және оның 
кәсіптік қалыптасуына аса зор үлес қосқаны, жоғары және (немесе) 
жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің тұрақты жоғары деңгейін 
қамтамасыз еткені үшін Қазақстан Республикасының Президенті 
беретін және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру 
ұйымының мәртебесі. 
Ерекше білім беруді қажет ететін адамдар (балалар)
– 
денсаулығына байланысты білім алуда ұдайы немесе уақытша 
қиындық көріп жүрген, арнайы, жалпы білім беретін оқу 
бағдарламалары мен қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын 
қажет ететін адамдар. 
Жалпы білім беретін мектеп
 – 
бастауыш, негізгі орта және жалпы 
орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, сондай-ақ 
білім алушылар мен тәрбиеленушілерге қосымша білімнің білім беру 
бағдарламаларын іске асыратын оқу орны. 
Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды 
даярлау 
бағыттарының 
сыныптауышы 
(кадрларды 
даярлау 
бағыттарының сыныптауышы)
– 
жоғары және жоғары оқу орнынан 
кейінгі білімі бар кадрларды даярлау бағыттарын сыныптау мен 
кодтауды белгілейтін және жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі 
білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыру үшін пайдаланылатын 
құжат. 
Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру 
ұйымы
– 
жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің 
білім беру бағдарламаларын іске асыратын және ғылыми-зерттеу 
қызметін жүзеге асыратын жоғары оқу орны. 
Жоғары колледж
– 
техникалық және кәсіптік, орта білімнен 
кейінгі 
білімнің 
интеграцияланған 
модульдік 
білім 
беру 


89 
бағдарламаларын іске асыратын оқу орны. 
Зерттеу университеті
– 
Қазақстан Республикасының Үкіметі 
бекіткен, бес жылға арналған даму бағдарламасын іске асыратын және 
білім 
мен 
ғылымды 
интеграциялау, 
жаңа 
білімді 
және 
технологияларды жинақтау мен трансферттеу үшін өз қызметінің 
нәтижелерін пайдаланатын университет. 
Инклюзивті білім беру
– 
ерекше білім беру қажеттіліктері мен 
жеке-дара мүмкіндіктерін ескере отырып, барлық білім алушылар 
үшін білім алуға тең қолжетімділікті қамтамасыз ететін процесс. 
Инновациялық білім беру консорциумы
– 
жоғары және (немесе) 
жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары, ғылыми ұйымдар 
мен өндіріс саласында жұмыс істейтін басқа да заңды тұлғалар іргелі, 
қолданбалы ғылыми зерттеулер мен технологиялық инновациялар 
негізінде жоғары білікті мамандар даярлау үшін зияткерлік, қаржылық 
және өзге де ресурстарды біріктіретін, бірлескен қызмет туралы шарт 
негізіндегі ерікті тең құқықты бірлестік. 
Институт
– 
Ғылыми-педагогикалық қызметті, сондай-ақ кәсіби 
қызмет үшін кадрлар даярлауды жүзеге асыратын жоғары және 
(немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымы. 
Институционалдық аккредиттеу
– 
білім беру ұйымы сапасының 
мәлімделген мәртебесіне және аккредиттеу органының белгілеген 
стандарттарына сәйкестігін аккредиттеу органының бағалау процесі. 
Интеграцияланған білім беру бағдарламалары
– 
білім беру 
бағдарламаларының тиісті мазмұнды аспектілерін біріктіру негізінде 
әзірленген білім беретін оқу бағдарламалар. 
Интернаттық ұйымдар
 – 
тұратын орын беріле отырып, белгілі бір 
санаттағы адамдардың білім алу құқықтарына мемлекеттік 
кепілдіктерді қамтамасыз ететін білім беру ұйымдары. 
Интернатура
– 
клиникалық практикаға рұқсат алу үшін білім 
алушыларды базалық жоғары медициналық білім беру шеңберінде 
клиникалық мамандықтар бойынша даярлау нысаны. 
Кадет
– 
әскери, арнаулы оқу орнында техникалық және кәсіптік 
немесе орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары 
бойынша білім алып жатқан адам. 
Кәмелетке толмағандарды бейiмдеу орталықтары
– 
ата-анасын 
немесе басқа да заңды өкiлдерiн анықтау үшiн үш жастан он сегiз 
жасқа дейiнгi қадағалаусыз және панасыз қалған балаларды, уақтылы 
орналастырылуы мүмкiн болмаған жағдайда ата-анасының немесе 


90 
оларды 
алмастыратын 
адамдардың 
қамқорлығынсыз 
қалған 
балаларды, қорғаншылық және қамқоршылық органы балалардың 
өмiрiне немесе денсаулығына тiкелей қатер төнген кезде ата-анасынан 
(олардың бiреуiнен) немесе қамқорлыққа алған басқа адамдардан алып 
қойған балаларды, арнаулы бiлiм беру ұйымдарына жiберiлетiн 
балаларды, сондай-ақ әлеуметтiк бейiмсiздiкке және әлеуметтiк 
депривацияға әкеп соққан қатыгездiкпен қарау салдарынан өмiрлiк 
қиын жағдайда жүрген балаларды қабылдауды және уақытша бағып-
ұстауды қамтамасыз ететiн, бiлiм беру органдарының қарамағындағы 
ұйым. 
Кәсіптік бағдар
 – 
білім алушының кәсіптік қызығушылықтарына, 
жеке қабілеттері мен психикалық-физиологиялық ерекшеліктеріне 
сәйкес білім беру және кәсіптік мүмкіндіктер саласында, мамандық 
пен оқитын орнын еркін және саналы таңдау құқықтарын іске 
асыруына ақпараттар мен консультациялық көмек беру. 
Кәсіптік білім
– 
білім алушылардың белгілі бір салада кәсіптік 
қызметті жүргізуіне және (немесе) нақты кәсіп немесе мамандық 
бойынша жұмысты орындауына мүмкіндік беретін білімдерді, 
машықтарды, дағдыларды және құзыреттерді алуына бағытталған 
білім беру түрі. 
Кәсіптік даярлау
– 
белгілі бір жұмыс түрін орындау үшін қажет 
жаңа немесе өзгертілген кәсіптік дағдыны меңгеру үшін жеке адамды 
дамытуға бағытталған кәсіптік оқыту нысаны. 
Кәсіптік практика
– 
болашақ кәсіптік қызметпен байланысты 
белгілі бір жұмыс түрлерін орындау процесінде теориялық білімдерді, 
дағдыларды бекітуге, практикалық машықтар мен құзыреттерді 
иемденуге және дамытуға бағытталған оқу қызметінің түрі. 
Кешенді тестілеу
– 
ақпараттық-коммуникациялық технологиялар 
қолданылып, бірнеше оқу пәндері бойынша бір мезгілде өткізілетін 
емтихан нысаны. 
Колледж
– 
жалпы орта және техникалық пен кәсіптік білімнің 
немесе орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске 
асыратын оқу орны. 
Кооперативтік оқыту
– 
мемлекеттің, жұмыс берушілердің және 
оқу орындарының корпоративтік жауапкершілігіне негізделген, 
кадрларды кәсіптік даярлауды ұйымдастыру нысандарының бірі. 
Кредиттік оқыту технологиясы
– 
академиялық кредиттерді 
жинақтай отырып, білім алушылардың пәндерді оқып зерделеу 


91 
дәйектілігін таңдауы және дербес жоспарлауы негізіндегі оқыту. 
Курсант
– 
әскери, арнаулы оқу орнында жоғары білімнің білім 
беру бағдарламалары бойынша білім алып жатқан адам. 
Қауымдастырылған профессор (доцент), профессор


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   50




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет