10.1 Модуль мақсаты Оқушылар құрама жемнің өндірісін жоспарлайды. Олар құрама жемді өндіреді, өлшеп орайды және сонымен бірге, шикізат пен құрама жемді дайындау және өлшеп ораудың түрлі үдерістері жайлы алған білімдерін қолданады. Өндірісі үдерісінде олар еңбек қорғау мен гигиенаны қамтамасыз ету шаралар қолданады, тұтынушылардың талаптарына сәйкес өнімнің сапасының деңгейін қамтамасыз етуді бақылайды. Олар жабдықтың жұмыс істеу принципі мен құрылымын графикалық түрде суреттейді және басқару мен бақылау тәсілдері туралы алған білімдерін қолданады. Өндірістің сұлбасын жасайды және оларды бағалайды.
Оқушылар өнімнің сапасын және жемдердің қорек құндылығын бағалайды.
10.2 Модульге қысқаша шолу 10-Модуль шегінде оқушылар жануарларға арналған құрама жемнің өндірісі туралы мамандандырылған білімді алады. Олар құрама жемнің өндірісін адамның рационында қолданылатын ұн өнімдерінің өндірісімен салыстыра зерттейді, жануарлар рационында қолданылатын құрама жемнің түрлі типтерінің қорек құндылығын біледі және атап береді.
10.3 Модуль мазмұны
Құрама жемнің өндірісінің сұлбасы
Шикізат типтері мен құрамы
Талданатын мәндер, жемдерді бағалау
Түйіршіктелуге дайындық, түйіршіктеу
Ұнтақтау, түйіршіктердің қаттылығы, түйіршіктердегі ылғалдың құрамы
Ажырату тәсілі
Жемдерге қойылатын заңнамалы талаптар
Түрлі жануарлардың жемдермен тұтынуы және ас қорыту
Энергияны үнемдеу
10.4 Модуль бойынша оқу нәтижелері және бағалау критерийлері 10-Модульді оқу кезінде алынған білімдерді бағалауға арналған үлгі сұрақтар «Элеваторлы, ұн, жармалық және құрама жем өндіру» 1216000 мамандығы бойынша «Студенттердің білім беру бағдарламасын меңгеруін тексеру мақсатында ағымдағы және қорытынды бақылауды жүргізуге арналған бақылау-өлшеуіш материалдардың жиынтығында» келтірілген.
Оқытушылар Модульді аяқтағаннан кейін, кейбір сұрақтардың санын (мысалы, 25) таңдап, 45 минутқа сабақтың тексеру жұмысын ұйымдастыру үшін келтірілген тізімді кеңейту және толтыру қажет. Тексеру жұмысы мүмкін балдардың жалпы санының 50 % алған кезде орындалған болып саналады.
Бұдан басқа, Модуль шегінде оқытушы оқу материалын игеруін тексеру үшін, өз қалауынша, екі қысқа сауалнама жүргізеді.