12.1 Модульдің мақсаты Оқушылар сапаның өндірістік жүйесі туралы білім алады және оның практикада қолданады. Оқушыларға өнімнің тиісті өндірісі мен сатудың негізі болып табылатын тағам өнімдерінің өндіру ережелері және сапа менеджментінің тәртібі мәлім. Сонымен қоса, олар ұлттық, сондай-ақ халықаралық сапа және үдерістің стандарттарын біледі (азық-түліктің қауіпсіздігін бақылау, АТҚБ).
Олар шикізаттың, жартылай фабрикаттың және түпкі өнімнің талдауын халықаралық стандарттар (ICC) бойынша өткізеді және сәйкес келетін талдау мен органолептикалық әдістерді қолданады. Сонымен бірге, олар өндірісаралық және заңдылық талаптарын ажырата алады. Олар талдаудың нәтижелерін құжаттайды және оларды тазалығы мен өндіріс мақсаттары бойынша бағалайды.
12.2 Модульге қысқаша шолу 12-модулі аясында оқушылар сапа менеджменті жүйесі туралы арнайы және терең білім алады. Сондай-ақ, олар сапаны бағалаудың және сапаның стандарттарының халықаралық үдерісі туралы, сонымен қатар өнімнің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін үдерістер туралы терең білім алады.
12.3 Модульдің мазмұны
Өнімді бақылау
Өнімнің қауіпсіздігі
Сертификация, сапаны қамтамасыз етудің жалпы жүйесі (ISO 9001)
Тағамдық өнімдердің қайта өңдеуінің сапасын қамтамасыз етудің жалпы жүйесі