2.1 Модуль мақсаты Студенттер өсімдіктерді өсіру жалпы түсінік алады және зертханалық жағдайларда негізгі компоненттерін анықтайды. Олар жеткізілетін шикізатты, жартылай фабрикаттар мен дайын өнімді білуді үйренеді, олардан сынамалар алады. Олар компоненттердің құрылымын сипаттайды, олардың адам мен жануардың қорек тамақ мөлшерінің мәнін айтады. Олар бидай және қарабидей ұндарынан қамыр илеп, түйінді айырмашылықтарын түсіндіреді. Шикізаттың сапасының параметрлерін сипаттайды және оларды бағалайды, жеткізілген тауарлардың салмағын орнатадыжәне нәтижелерін хаттамаға жазады. Олар қойманың көлемін, тығыздығын және сыйымдылығын есептейді. Сақтауға арналған контейнерлерді таңдайды, шикізатты алдын ала тазалауға арналған қондырғыдар мен тасымалдауыш жабдықты дайындайды, жабдықты орнатып, онымен басқарады. Олар алдын ала тазалау сұлбасын құруы мүмкін.
Студенттер қоспалардың түрлерін ажыратады, олардың үлесін құжаттайды және оларды жою бойынша шараларды өткізеді.
Олар қоймадағы қорларды бақылауға қолданылатын өлшеудің түрлі әдістерін бағалайды, өлшеудің алынған нәтижелеріне сәйкес қорларды оңтайландырады.
Олар қамба зиянкестерін ажыратады, мүмкін залалын сипаттайды және осындай зиянкестердің пайда болуын алдын алудың түрлі мүмкіндіктерін және олармен күресті бағалайды, сондай-ақ, осындай зиянкестермен күрестің құралы қоршаған ортаға кері әсерін тигізетінін түсінеді.
2.2 Модульге қысқаша шолу 2-Модуль шикізатпен, қосымша материалдармен және дайын өніммен тиісті қолдану ерекшеліктерін, сондай-ақ, олары сақтау ерекшеліктерін қарастырады. Сонымен қатар, студенттер дәндә дақылдардың түрлі ластауыштары, дәндерді сақтаудың түрлі тәсілдері туралы білім алады. Олар қамба зиянкестерін, олар тигізуі мүмкін залалын және де олармен күресу жолдарын зерттейді.