Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі «Өрлеу» баұо ақ филиалы оқо бойынша педагогикалық Қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты диктант мәтіндерінің жинағЫ



бет7/49
Дата09.04.2023
өлшемі303,15 Kb.
#80738
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   49
Байланысты:
ДИКТАНТ МӘТІНДЕРІ

1.3 Диктантты жаздыру техникасы

Бір орында тұрып, диктант мәтіні мәнерлі, ашық дауыспен бір рет оқылады. Оқу кезінде оқушылардың басқа жаққа көңіл аудармай ұқыпты тыңдап отыруы ескертіледі. Сонан соң мәтінде кездескен түсініксіз, аз қолданылатын және таныс емес емлелер тақтаға жазып қойылады, түсіндіріледі. Бұдан кейін әрбір сөйлем жеке-жеке оқылады. Бестен сегіз сөзге дейін құралған сөйлем бір ретон екіден он төрт сөзге дейінгі сөйлем екі рет, он бестен он сегіз сөзге дейінгі сөйлем үш рет оқылады. Оқушылар сөйлемді ұмытып қалмауы үшін, қайталап айтқызылады. Сөйлем аяқталарда «тыңдаңдар», басталарда«жазыңдар», сөйлем біткеннен кейін «тексеріп шығыңдар» деп ескертіп отырған жөн. 
Диктант жазылып болғаннан кейін, оның мәтіні бастан-аяқ бір рет оқылады. Бұл кезде оқушылардың өздігінен жұмыс істеуіне мүмкіншілік туады. Өтілген емлелік тақырыптарды тексере отырып, қалып қойған сөзді, түсіп қалған орфограммаларды орын-орнына қойып шығады. Осыдан кейін диктант жұмысы жинап алынады, одан соң оқушылардың диктантқа байланысты сұрақтарына жауап беріледі. 

1.4 Диктант нормалары
2-кесте

Сыныбы

Диктант саны

Сөздер саны

Орфограмма саны

Тыныс белгілері

5

8

90-100 сөз

12

2-3

6

6

100-110 сөз

16

3-4

7

5

110-120 сөз

20

4-5

8

5

120-150 сөз

24

10

9

4

150-170 сөз

24

15

10

4

170-190 сөз

26

18

11

4

190-200 сөз

26

18

1.5 Бағалау нормалары

3-кесте


Баға

Қателер саны

«5»

1/0 1/0 0/1

«4»

3/3 2/4 1/5

«3»

6/5 5/6 3/8

«2»

9/5 8/9

Оқушы білімін бағалағанда ескерілетіні: Егер оқушы бір әріптің орнына екінші әріпті жазып қойса, әріп қалдырып кетсе, бір әріпті екі рет қайталаса, оларды ауыстырып қолданса, олардың әрқайсысы бір-бір қатеге саналады. Бір сөзді бірнеше жерде қате жазса, ол бір қатеге есептеледі.Диктант мәтіні ұқыпсыз жазылса, түзетулері көп болса, каллиграфиялық талапқа сай болмаса, диктант бағасы төмендетіледі.


Диктант келесі сабаққа тексеріліп әкелінуі керек. Жұмыстың соңында орфографиялық(емле қатесі), пунктуациялық( тыныс белгі қатесі) қате саны көрсетіледі. Шартты белгілерді оқушы «оқи» білуі керек:




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   49




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет