Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі «Өрлеу» баұо ақ филиалы оқо бойынша педагогикалық Қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты диктант мәтіндерінің жинағЫ


Ысқыру диктанты (Whispering dictation)



бет5/49
Дата09.04.2023
өлшемі303,15 Kb.
#80738
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   49
Байланысты:
ДИКТАНТ МӘТІНДЕРІ

Ысқыру диктанты (Whispering dictation)
Диктантты мұғалім оқиды. Диктант белгілі бір сөз табын табу мақсатында орындалады. Мұғалім диктантты оқымас бұрын алдын ала ысқырықты дайындап алады. Дайындаған мәтінінің ішінен тастап кетуге тиісті сөздердің астын сызып қояды. Оқып келе жатып, сол тұсқа келгенде, ысқырықпен ысқырады. Олар болжаммен сол жерге қажетті сөзді өздері дәптерлеріне жазады. Жасырылған сөздер бірыңғай бір сөз табынан болуы керек.
Мысалы:

5-сынып үшін:


Гауһар шанасын сүйретіп далаға шықты. Аспан (ап-ашық). Ауада (шым-шым) аяз. Батуға айналған күн (қызыл-жасылданып) көрінеді. Гауһардың екі беті (қып-қызыл). Жағасы (қырау-қырау). Қас қарайды. Аспанның тұс-тұсынан жылт-жылт етіп жұлдыздар көріне бастады. Гауһар үсті-басының қарын қағып, үйге кірді.Әжесі немересінің(таптастай) қол-аяғын бауырынабасып, (жып-жылы) алақанымен басын сипады. Гауһар ұйықтап кетті.





Жүгіргіш диктанты (Running dictation)


Жүгіргіш диктантты оқушылар оқиды. Диктантты орындау үшін сыныптағы оқушыларды санына қарай топтарға бөліп, бірдей көлемдегі әр түрлі мәтінді тақтаға, қабырғаға (бір- біріне кедергі жасамайтындай) іліп қояды.Шатастырмас үшін мәтіндерге А,Ә, Б әріптері немесе топтың белгілері қойылады. Топтағы бір оқушы мәтінді оқып жеткізуші болады да, топтың қалған мүшелері естігендерін қағазға түсіруші міндетін атқарады.Бір мезгілде үш топтың мәтін жеткізушілері жүгіріп, өз мәтіндерінен мүмкіндіктерінше сөз не сөйлемді оқып, болмаса жаттап, топ мүшелеріне оқиды.











1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   49




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет