Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты


Әртүрлі тағам белоктарының ферменттік препараттар қатысында гидролизденуі (зертханалық жұмыс)



бет12/49
Дата04.10.2022
өлшемі4,13 Mb.
#41294
түріПрактикум
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   49
1.3.3 Әртүрлі тағам белоктарының ферменттік препараттар қатысында гидролизденуі (зертханалық жұмыс)


Жұмыс мақсаты: Әртүрлі ферменттік препараттардың модельдік тәжірибелердегі протеолиздік активтілігін салыстыру.
Ас қорытуды жақсартуға ұсынылатын ферменттік препараттардың құрамында ұйқы безі бөліп шығаратын протеолиздік ферменттер, негізінен, трипсин және химотрипсин болады. Әртүрлі препараттардың әсерін салыстыру үшін бір ғана белокты, мысалы, жұмыртқа белогын пайдаланады (тәжірибе 1). Керісінше, бір нақты ферменттік препараттың әсер ету активтілігін зерттеу үшін әртүрлі белоктарды пайдаланады (тәжірибе 2). Гидролиз барысы белгілі бір уақыт аралықтарында жүргізіп отырылатын биурет реакциясының көмегімен бақыланады.
Құрал-жабдық және реактивтер: электронды таразы, су моншасы немесе термостат, үгіткіш (ступка), 100 мл-лік өлшеуіш колбалар, өлшеуіш пробиркалар, пробиркалар; 10 %-дық NaOH ер-сі, 1 %-дық CuSO4 ер-сі, ферменттік препараттар (панкреатин, фестал, мезим форте), әртүрлі пісірілген тағамдардың белоктары.
Препаратты дайындау: Ферменттік препараттың екі таблеткасын (драже) ступкада біртіндеп порциямен 10 мл су қоса отырып, үгітеді. Осы массаны 100 мл-лік өлшеуіш колбаға ауыстырады, сумен сызығына дейін жеткізеді, араластырады. Пайдаланарда тағы араластырады.
Тәжірибе 1. Жұмыртқа белогы гидролизі реакциясындағы ферменттік препараттардың салыстырмалы активтілігі.
Үш пробиркаға 2 грамнан ұсақталған жұмыртқа белогын (пісірілген) салады, оған 5 мл-ден ерітілген ферменттік препаратты: бір пробиркаға – панкреатин, екіншісіне – фестал, үшіншісіне – мезим фортені қосады. Пробирка ішіндегілерін араластырады және бірден олардан 0,5 мл-ден ерітінді басқа үш пробиркаға биурет реакциясын жасау үшін алынады.
Пробиркаларды 37-400 С–тық термостатқа салады. Олардан 20 және 40 минуттан кейін 0,5 мл-ден ерітінді алып, биурет реакциясын жүргізеді. Тәжірибеге дейінгі, 20 және 40 минуттан кейінгі биурет реакциясындағы ерітінді түсін салыстырады. Неғұрлым ерітінді түсі қызыл болса, соғұрлым белоктың ыдырауы терең жүргені.
Нәтижелерді кестеге толтырады, берілген белокқа қатысты ферменттік препараттардың тиімділігі туралы қорытынды жасайды.



Пробирка №



Субстрат


Ферменттік препарат



Биурет реакциясындағы ерітінді түсі

Тәжірибеге дейін

20 минуттан кейін

40 минуттан кейін







































Тәжірибе 2. Әртүрлі белок гидролизі реакцияларындағы ферменттік препараттың салыстырмалы активтілігі.
Үш пробиркаға 2 грамнан әртүрлі тағам белоктарын салады. Жұмыртқа белогынан басқа ет (пісірілген), ірімшік, соя белоктарын алуға болады. Содан кейін әр пробиркаға 5 мл-ден бір ғана ферменттік препарат ерітіндісін құяды. Әрі қарай тәжірибе барысы алдыңғы тәжірибедегідей болады. Нәтижелерді кестеге толтырады, әртүрлі белоктарға қатысты ферменттік препараттың тиімділігі туралы қорытынды жасайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   49




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет