Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты


Белоктардың ас қорыту жүйесіндегі өзгерістері



бет11/49
Дата04.10.2022
өлшемі4,13 Mb.
#41294
түріПрактикум
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   49
1.3.2 Белоктардың ас қорыту жүйесіндегі өзгерістері

Тағам құрамындағы белоктар ас қорыту жүйесінде протеолиздік ферменттер немесе пептидгидролазалар қатысуымен ыдырайды. Олар амин қышқылдары қалдықтары арасындағы пептидтік байланыстарды гидролиздік жолмен үзеді. Ауыз қуысында тағам белоктары ұсақталады, бірақ химиялык өзгерістерге ұшырамайды, себебі сілекейде пептидгидролазалар жоқ.


Белоктардың химиялық өзгерісі асқазанда пепсин ферменті мен тұз қышқылының әсерімен басталады. Тұз қышқылы әсерінен белоктар ісінеді және фермент олардың молекулаларының ішкі зоналарына өтуге мүмкіндік алады. Пепсин әсерінен белок молекуласындағы кейбір пептидтік байланыстар (мысалы, фен-лей байланысы) ғана үзіледі. Осының нәтижесінде белок молекуласынан жоғары молекулалы пептидтер, яғни қысқарған белок молекулалары түзіледі. Жоғары молекулалы пептидтер әрі қарай аш ішектің әлсіз сілтілік ортасында трипсин, химотрипсин және пептидазалар әсерінен ыдырайды. Осы ферменттердің әсері нәтижесінде жоғары молекулалы пептидтер кіші молекулалы пептидтерге және аздаған бос амин қышқылдарына айналады. Белоктарға аш ішекте әсер ететін ферменттерді ұйқы безі, аш ішектің кілегейлі қабықшасы бөліп шығарады. Белоктардың ас қорыту жүйесіндегі өзгерістерін схема арқылы көрсетуте болады (А қосымшасын қараңыз).
Амин қышқылдары және кіші молекулалы пептидтердің кейбір бөлігі ішек қабырғасына сіңіріледі. Амин қышқылдарының аздаған бөлігі ішек қабырғасы клеткаларының өзінде арнайы белоктардың синтезделуіне жұмсалады. Ал қалған бөлігі (95%) қанға және лимфаға өтеді. Қан оларды бауырға апарады, бұл жерде де белоктардың интенсивті синтезі жүреді. Бауырда пайдаланылмаған амин қышқылдары және пептидтер үлкен қан айналым шеңбері арқылы организмнің барлық тканьдеріне жеткізіледі. Осы амин қышқылдарынан әрбір ткань өзіне қажетті белоктарды синтездейді немесе амин қышқылдары одан әрі қарай ыдырауы мүмкін. Амин қышқылдарының клеткаларда ыдырауы кезінде түзілетін аралық өнімдерден биологиялық активті заттар (гормондар, нуклеотидтер, коферменттер) түзіледі.
Сонымен, белоктардың ас қорыту жолында гидролиздік ыдырауының соңғы өнімдері - амин қышқылдары.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   49




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет