Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты


Фруктоза мөлшерін анықтау (зертханалық жұмыс)



бет21/49
Дата04.10.2022
өлшемі4,13 Mb.
#41294
түріПрактикум
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   49
1.4.7 Фруктоза мөлшерін анықтау (зертханалық жұмыс)

Фруктозаны сандық анықтау Селиванов реакциясына негізделген (теңдеуін 2.2 жұмысынан қараңыз). Бұл реакцияға альдогексозалар да (мысалы, глюкоза) түсе алады, бірақ оксиметилфурфуролдың фруктозадан түзілу жылдамдығы белгілі бір жағдайларда көп есе артық, сондықтан бұл реакцияның фруктоза үшін тән болу дәрежесі жоғары.


Құрал-жабдық, реактивтер: Фотоэлектроколориметр; су моншасы; шлифтелген кері ауа салқындатқышы бар 2 пробирка, 100 және 500 мл-лік өлшеуіш колбалар; 2 және 5 мл-лік сызық белгісі біреу пипеткалар; 10 мл-лік градуирленген пипетка; 95 %-дық этанолдағы резорциннің 0,1 %-дық ерітіндісі; тұз қышқылы (30 %-дық); фруктозаның стандартты ерітіндісі (10 -4 г дәлдікпен өлшеніп алынған 0,25 г фруктозаны өлшеуіш колбада 100 мл суда ерітеді).
Жұмыс барысы. Кері ауа салқындатқышы бар пробиркадағы зерттелетін сынаманың 2 мл-не 2 мл резорцин ерітіндісін және 6 мл 30 %-дық тұз қышқылы ерітіндісін қосады, араластырады және 8 минут су моншасында (80 0С) қыздырады. Осымен бір мезгілде бақылау ерітіндісін дайындайды. Ол үшін сыйымдылығы 500 мл өлшеуіш колбаға 5 мл фруктозаның стандартты ерітіндісін пипеткамен алып, құяды және белгіленген сызығына дейін сумен жеткізеді. Құрамында 50 мкг фруктоза болатын осы ерітіндінің 2 мл-не әрі қарай тәжірибелік сынамаға қосылғандай реактивтерді қосады. Қыздырылғаннан кейін ерітінділерді салқындатады және 490 нм толқын ұзындығында өткізудің максимумымен сипатталатын фильтр көмегімен колориметрлейді. Салыстыру ерітіндісі ретінде фруктоза 2 мл суға алмастырылған және оған сол реактивтер қосылған ерітінді алынады. Анализге алынған сынамадағы фруктоза мөлшерін (мкг) келесі формула бойынша есептейді:
С = 
Мұндағы а – стандартты ерітінді сынамасындағы фруктоза мөлшері (мкг); Е – зерттелетін ерітіндінің экстинциясы; Е1 – стандартты ерітіндінің экстинциясы.
Бұл әдіспен фруктозаның фосфорлы эфирлерін: фруктозо-1,6- дифосфатты және фруктозо-6-фосфатты да анықтауға болады. Анализ барысы жоғарыда көрсетілгендей. Стандарт ретінде бос фруктозаны пайдалануға болады, бірақ эфирдің мөлшерін есептеу үшін фруктозаның табылған мөлшерін түзету коэффициентіне көбейтеді: фруктозо-1,6- дифосфат үшін – 3,6, фруктозо-6-фосфат үшін – 2,39. Мұның себебі: фруктозо-1,6- дифосфаттың құрамында 53 % фруктоза болады, ал оның түсті реакциясының интенсивтілігі бос фруктозаның эквимолярлы мөлшері беретін түс интенсивтілігінің 52,5 %-ын құрайды. Сондықтан табылған С мөлшерін фруктозо-1,6- дифосфат жағдайында  = 3,6 факторына, ал фруктозо-6-фосфат жағдайында  = 2,39 факторына көбейту керек.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   49




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет