Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты


Жұқа қабаттағы хроматография әдісімен липидтерді бөлу (М.И. Прохорова және З.Н. Тупикова бойынша)



бет27/49
Дата04.10.2022
өлшемі4,13 Mb.
#41294
түріПрактикум
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   49
1.5.5 Жұқа қабаттағы хроматография әдісімен липидтерді бөлу (М.И. Прохорова және З.Н. Тупикова бойынша)

Липидтердің күрделі қоспасын оның құрам бөліктеріне жұқа қабаттағы хроматография әдісімен ажыратуға болады. Бұл кезде липидтерді қондыратын ең жақсы зат силикагель болып табылады. Хроматограммаларды айқындау үшін еріткіштер қоспасы қолданылады.


Қажетті құрал-жабдық, реактивтер: жұқа қабаттағы хроматография үшін аппаратура; агат үгіткіші; кептіру шкафы (105-110 0С); 10 мкл-лік (0,01 мл) капилляр немесе капилляр пипетка; КСК маркалы силикагель; гипс; хлороформ; диэтил эфирі; метанол; гексан; сірке қышқылы (мұзды); спиртте (96 %-дық) ерітілген фосфор-молибден қышқылы (10 %-дық); кристалдық иод; күкірт қышқылы (конц.).
Жұмыс барысы. Шыны пластинканың (13x18) бетінің 1 см2-не 12,5-15,0 мг силикагель, 1,0-1,2 мг гипс және 0,03-0,04 мл су келетіндей қоспаны агат үгіткіште біртекті массаға дейін мұқият араластырады және осы массаны шыны пластинкаға жұқа тегіс қабат етіп жағады. Пластинканы горизонталь күйде бөлме температурасындағы ауада 25 минуттан кем емес уақыт кептіреді, содан кейін силикагельді кептіру шкафында (105-110 0С) 30 минут қыздыру арқылы активтендіреді.
Жұмысты орындау үшін алдыңғы жұмыста алынған бұлшықет тканінің қосынды липидтерінің экстрактысын пайдаланады. Хлороформ экстрактысындағы липидтердің жалпы мөлшері туралы мәліметті пайдалана отырып, экстракттың аздаған порциясындағы олардың мөлшерін 10 %-ға дейін жеткізеді.
Хроматограмманың старт зонасына (шетінен 1 см қашықтықта) калибрленген капиллярмен немесе 0,01 мл-лік пипеткамен 10 мкл (0,01 мл) экстрактыны тамызады. Хроматограмманы тығыз жабылатын камерада гексан, диэтил эфирі және мұзды сірке қышқылының қоспасымен (73 : 25 : 2) айқындайды. Камераның ішкі қабырғалары сүзгі қағазымен қапталады, пластинка еріткіштердің жылжу бағыты төменнен жоғары қарай болатындай етіп орналастырылады, еріткіштер қоспасы силикагельдің бекітілген қабаты бойымен оның биіктігінің 2/3 бөлігіне дейін көтерілуі тиіс (шамамен 1 сағат). Пластинканы ауа тартатын шкафта 30 минут кептіреді және оған фосформолибден қышқылы ерітіндісін шашыратады, содан кейін 80-100 0С температурада сары фонда көк дақтар пайда болғанша қыздырады.
Старт сызығынан бірінші орналасқан дақта фосфолипидтер, екіншісінде – идентификацияланбаған липидтер, үшіншісінде – холестерол, төртіншісінде – моноглицеридтер, бесіншісінде – диглицеридтер, алтыншысында – бос жоғары май қышқылдары, жетіншісінде – триглицеридтер, сегізіншісінде – стеридтер болатындығы белгілі.
РS. Бұл жұмыстың сипаттамасы студенттерге көрсетілген әдіспен жалпы танысу мақсатында беріліп отыр. Орындау мүмкіншілігі болған жағдайда, мысалы, дипломдық жұмыс жасау кезінде, жұқа қабаттағы хроматография аппаратурасының дайындалуының толық ретімен осы оқу құралының соңында келтірілген 3-ші әдебиет (15-ші бет) бойынша танысуға болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   49




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет