Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі Семей мемлекеттік педагогикалық институты



бет118/168
Дата06.01.2022
өлшемі0,98 Mb.
#15622
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   168
4.Бақша. Бау бақша

Орын тақдап алу және жоспарлау. Жер учаскесінің көлемі мен балалардың санына қарай бақшаның барлық топқа ортақ немесе олардын, әр тобына жеке болуы мүмкін. Оған арналған орынды жабдан әрі күн сәулесі түсіп тұратын, солтүстік жағынан құрылыстармен, дуалмен немесе өсімдік бұталарымен қоршалған жерден таңдайды. Бақша алаңы (жүйек, жол, қатар аралықтары, 3—4 жастағы әрбір бала үшін 0,5 шаршы метр және 5—6 жастағы бала үшін 1—-1,5 шаршы метрден бөлінуге тиіс.

Бақшаны жүйектердің ұзындығы 2,5—3 м болатындай етіп бөледі. Мұндай ұзындық егіс егу, көктеген шығымды қарау, көшеттерді отырғызу кезінде және т. б. жағдайларда барлық баланы жүйектің бойына орналастыруға мүмкіндік береді. Мектеп жасына дейінгі балалар жұмыс істеген кезде қолдары ортасына дейін жетуі үшін жүйектің енін 70 см шамасынан арттырмаған жөн. Жүйектердің биіктігі топырақтың ерекшелігіне және сол жердің климатына байланысты болады. Куні суық немесе топырағы ауыр, жазы қысқа, жауын-шашыны мол болатын немесе ойпаң жерлерде жүйеқтердің биіктігін 40—50 см етіп; топырағы жеңіл, құрғақшылық аудандар мен біиктеу жерлерде жер бетіне деңгейлеп, тегістеуғып жасайды. Топырағының ылғалдылығы орташалау орталық алқаптағы жүйектердің биіктігі әдетте 15—20 см болады. Топырақ сусып кетпеуі үшін жүйектің жиегін көлбеулеу қылып қояды.



Жүйектердің бір-бірінен қашықтығы 50—60 см, ал бақшадағы негізгі жолдың ені 1 м болып келеді.

Бақшаға бөлінген алаңды дуалмен немесе жүгері (тез өседі, жақсы желек жаяды, жемістері әдемі, тұқымдары ірі болады), немесе күнбағыс (бұл да тез өседі, гүлшоғырының күнге қарай қозғалуы бақылауға қызықты) сияқты өсімдіктерден қоршау жасап қояды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   168




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет