Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі Семей мемлекеттік педагогикалық институты



бет131/168
Дата06.01.2022
өлшемі0,98 Mb.
#15622
1   ...   127   128   129   130   131   132   133   134   ...   168
Байланысты:
97bb8a17-479c-11e4-973d-f6d299da70eeЭУМКД п-225 (1)

Қоңыр аю — жыртқыш. Бұл — ормандарда тіршілік ететін үлкен; әрі өте күшті аң. Оның жүні қатты, ұзын, қалың, түсі қоңыр. Тұмсығы созылыңқылау, құлағы дөңгелек, онша үлкен емес.

Аяқтары жуан, табандары жалпақ, әрбір аяғында үлкен тырнақтары бар 5 бақайы болады. Аю жүгіргенде немесе жүрген кезде барлық салмағын табанына түсіріп, аяқтарын ішке қарай шалыс басады, сондықтан оны маймақ деп те атайды. Бұл — өте тез жүгіретік аң. Ол артқы аяғымен тұрып, жүре алады, қорегіне алдыңғы аяғын жұмсайды. Табанымен қармап, ағаштарға ептілікпен өрмелеп шығады.

Аю — азық талғамайтын жануар. Балғын шөп, сулы, өсімдіктердің жас бұтақтарын, жапырақтары мен тамырларын, жидектерді, жаңғақтарды, шошқажаңғақтарды жейді, балды өте жақсы көреді. Бірақ ол турлі азықты (насекомдар, құрттар, ұлу, балық, жүмыртқа, құстар) да жейді, үй жануарларына шабуыл жасайды. Аю күшті болғандықтан, сиырды сүзгілеп, оны едәуір жерге итеріп апарады.

Қыста бұл аң үңгірге — ағаш түбірінің астынан қазылған, шөп және жапырақ төселген апанға кіріп жатады. Апанның аузына қарай салып, тұмсығын табанымен жауып алады да күн жылынғанша ұйықтайды. Егер оны мазаласа, ол оянады да апаннан аш күйінде шығып, қорегін іздеп жүріп, үй жануарларына шабуыл жасайды.

Крегей апанда жатып ұрпақ береді. Қонжықтары (2—3) кішкене егеуқұйрықтай болып туады. Аталығы оларды тәрбиелеуге қатыспайды. Крегей — өте жақсы аналық: ол қонжықтарына өз сүтін емізіп, оларды батыл қорғайды. Жас қонжықтар қолға тез жаттығып, үйретуге көндігеді.

Бұлан (жұп тұяқтылар отряды) — біздегі орманда тіршілік ететітін аңдардың ең үлкені. Ол сиырдан үлкен, жылқыдан биік. Оның жүні сұр-қоңыр түсті, қатқыл болып келеді. Тұмсығы дөңес, ұзын, құлағы үлкен. Басында үлкен жалпақ мүйізі болады. Аналық бұланда мүйіз болмайды.

Аяқтары ұзын, күшті, тұяғы жалпақ және жиегі өткір. Бұлан тез жүгіріп, батпақтан оңай өтіп кетеді, өйткені батпақты жермен жүргенде оның тұяғы барынша жайылып, арасы тым алшақтайды да аяғының аумағы ұлғаяды. Ол суда жақсы жүзіп, сүңги алады және ыстықта көбінесе суда турып, салқындайды. Бұлан касқырларды, тіпті жас аюларды да өлтіріп, алдыңғы аяқтарының көмегімен жауларынан қорғанады.

Бұлан қабықтармен, бұтақтармен, шөппен қоректенеді. Әсіресе көк теректерді сүйсініп жейді.

Аналық бұландар көктемде бұзауға ұқсас 1—2 төл туады. Бұланның баласы қолға тез көндігіп, адамға үйір болып алады.

Арыстан — жыртқыш. Ол — өте күшті, әдемі және үлкен мысыққа ұқсас епті аң. Шынын айтқанда, денесіне қарағанда басы мысықтікінен гөрі қысқалау, ал аяқтары ұзындау болып келеді. Бұл аңның жүні сары, қысқа, бір тегіс болады. Арланының мойны мен төсінде ұзын қошқыл жүннен шудаланған жал түзіледі. Ұзын кұйрығыныа ұшы шашақтанып тұрады.

Арыстанның аяқтары өте күшті, табандары жалпақ; тырнақтары мысықтікіндей өткір, арыстанның мінез-қылығы да мысыққа ұқсас. Ол күндіз ұйықтап, кешке қарай азық аулауға шығады; жемін әрқашан қалтарыста жатып аңдиды, оған кенеттен ытқып түсіп, қуатты табанымен салып қалады, тырнағымен және өткір тістерімен быт-шыт етіп жұлқиды. Арыстан үй жануарларына да шабуыл жасайды.

Арыстандар Африка мен Оңтүстік Азиянын, саванналарында — ағаштары мен бұталары сирек өсетін тропик даласында тіршілік етеді. Арыстан жүнінің бояуы сарғыштау болғандықтан, тастар мен өсімдіктер арасынан онша көрінбейді.

Аналық арыстан мысықтың үлкендеу күшігіне ұқсас 2—3 бала туады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   127   128   129   130   131   132   133   134   ...   168




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет