Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі Семей мемлекеттік педагогикалық институты



бет136/168
Дата06.01.2022
өлшемі0,98 Mb.
#15622
1   ...   132   133   134   135   136   137   138   139   ...   168
Жемістер мен тұқымдардың таралуы. Күзде гүлдер азайып, оның есесіне жемістер молаяды. Жапырақтардың сілемінен шәңгіштің қызыл шоғы, бересклеттің әдемі қауашағы айқын байқалады. Жөкенің, шетен мен үйеңкінің қанатты жемістері қаптап ұшып жүреді.

Көптеген ағаштың жемістері мен тұқымын жел таратады. Қабығы қалың үйеңкінің қанатты жемістері, жөке жаңғағының гүлсерік жапырағы, қайың жаңғақшасының қанаты ұшу аппаратының қызметін атқарады. Бұл жемістер қара күзде немесе қыста жан-жаққа ұшып таралады.

Кейбір шөптесін өсімдіктің (бақбақ, қаршығашөп, татарник) жемісінде болатын «парашют» (ұшпалы үлпілдек шатырша) жемістердің құрғақ ауада ұшуына мүмкіндік береді; ығалды жерге түссе болды, «парашюттың» түтіктер, жабысып, жеміс жерге түседі.

Мойыл, шетен, долана және басқа есімдіктердің шырынды жемістерін көптеген құстар мен аңдар сүйсіне жейді. Бұл жемістердің ішіндегі қорытылмайтын тұқымдар жануарлардың ішегінен ешқандай зақымсыз сыртқа шығып қалады, мұның көбінесе жеміс пісіп жетілген және желінген жерден өте алыста болуы да мүмкін.

Шоңайна, ошаған, итошағанның жемістері жануарлардың жүніне ілгешектерімен жабысып таралады. Бұл жемістерді көйлегіне жабыстырып алып, адам да таратады.

Шыңтерек, үкікөз және басқа өсімдіктердің жемістері қақырайды да, тұқымдары жан-жаққа шашылады.

Өрмекшілер. Сары күзге тән белгі — ұшып жүретін көптеген өрмекшінің болуы. Желсіз, ашық күндері шабындықтар мен ормандағы ашық алаңдардан бұтақтарға, шөптер мен қоршауларға бір ұшын жабыстырып, өрмекші өрмегінің жіпшелері қалықтап тұрады, одан өрмек иесі жас өрмекшілерді — қасқыр өрмекші, жамбас өрмекші, тенетниктерді де көруге болады. Өрмекші үшуға дайындаларда бұтақтың ұшына шығып алып, құрсаған соған жабыстыра ұшуға әзірленеді, сүйелді безден жіп-жіңішке өрмек жібі шығып, оны жылы ауа ағыны жоғары алып ұшады. Өрмекші өрмек жібімен ауада өрмелей жорғалап, оны бірде түсіріп, бірде кетеріп, теңселтеді; ол өрмек жібінің ұшын шиыршықтап орап, кысқартады да, жайлап төмен түседі. Бұл өрмекшілер осылайша әр жерге жайғасады.

Насекомдар. Гүлдеген өсімдіктер азайған сайын насекомдар да , азая береді, алайда күзде әлі де болса калақай көбелек, лимондай сары түсті итжүзім көбелегі, қыстап шығатын қанат пішіндес басқа да көбелектердің қалбақтап жүргенін көруге болады.

Күзде ересек насекомдардан гөрі олардың личинкалары әлде қайда көп кездеседі. Қоңыздардың личинкалары, көптеген көбелектің жұлдызқұрттары түскен жапырақтардың астындағы мүктің арасына ағаш қабығының саңылаулары мен жарықтарына, тастар мен бөренелердің астына еніп алады. Ересек насекомдар да осындай жерлерге жасырынады. Уақытша жансызданып, олар қимылсыз қалады. Олар қыстың қатал жағдайына осылай бейімделіп алады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   132   133   134   135   136   137   138   139   ...   168




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет