Аңдардың қысқа дайындығы. Кейбір аңдар қысқа азық қорын жинап, өз «қоймаларына» жасырады. Тиіндер түні бойы ағаш қуысына жаңғақтарды, шошқажаңғақтарды, ірі тұқымдарды тасып, ағаш түбірлерінің түбіне қазып, көмеді, саңырауқүлақтарды ағаштың кепкенбұтақтарына іліп кептіреді. Аламандар жер астындағы індеріне сұлы дәнін, асбұршақ, жүгері, бұршақ, зығыр қауашақтарын толтырып алады.
Суық түсе бастағанда аламандар, сарышұнақтар, жарқанаттар қысқы ұйқыға кетеді, олардың бүкіл тіршілігі шұғыл баяулап, жүректің жиырылуы мен тыныс алу қимылы кемиді.
Кірпі сентябрьдің аяғында — октябрьдің алғашкы күндерінде шұңқырдан өзіне апан жасап алып, инелеріне шаншып әкелген жапырақтарға көміледі де ұйқыға кетеді.
Қоңыр аю мен борсық күзде шошқажаңғаққа тойып алып, май жинайды да қысқы «ұйықтайтын бөлмесіне» құрғақ жапырақтар төсептастайды. Қара күзде солтүстіктен соққан желдің ызғырығынан бұл аңдар өз індері мен апандарында ұйқыға кетеді.
Түлкілер, қояндар мен тиіндер түлейді. Олардың қысқы жабыны — қалың түбітті болғандықтан, жылуды жақсы сақтайды. Сонымен қатар тиіндер мен қояндар жаңаланған ашық түсінін, арқасында қыста көзге онша шалынбайтын болады.
Кішкентай аңдардың көпшілігі: дала тышқандары, егеуқұйрықтар, жерқазарлар, ақ тышқандар қара күзде қорек пен баспананы оңай табуға болатын тұрғын жайларға жақындап келеді.