Қайсысы қалай дауыстайды? (Сәбилсрдің бірінші тобына арналған ойын)
Сабақтың құрал-жабдығы: ойыншықтар — мысық, ит, әтеш, тауық, балапан автомобиль,— немесе солардың суреті салынған картинкалар.
Сабақтың барысы.
Бізге мысық қонаққа келіп, «мияу-мияу» — деп мияулайды. Мысық қалай мияулайды? (Балалар қайталайды.)
Мысық отырды, оған ит жүгіріп келіп, «ауф-ауф-ауф»—деп үреді. Ит қалай үрді? (Балалар қайталайды.)
Міне, ит пен мысыққа қораз жақындап келіп, қалай шақырады: «ку-ка-ре-ку». Қораз қалай шақырады? (Балалар қайталайды.)
Күрке тауық келіп, өз балапандарын «қыт-қыт-қыт» деп шақырды. Тауық балапандарын қалай шақырады? (Балалар қайталайды.)
Балапандар жүгіріп келіп: «шиқ-шиқ-шиқ» деп шиқылдайды. Балапандар қалай шиқылдайды? (Балалар қайталайды.) Үйдің қасымен автомобиль келе жатыр. Ол: «би-би-би» деп гүрілдейді. Автомобиль қалай гүрілдейді? (Балалар қайталайды.)
Әтеш үрікті де қашып кетті, тауық пен балапандар шошынып, қаша жөнелді, ит пен мысық та қорқып, зыта жөнелді.
Достарыңызбен бөлісу: |