Бекіту сұрақтары: Қазақ әдебиетінің дамуына қосқан үлесі тулалы не білесіңдер?
Мысалдарымен таныстындар ма?
Ахмет Байтұрсынұлының мақалаларын зерттеушілер
Дәріс № 6 Жүсіпбек Аймауытұлы өмірі мен шығармашылығы
Мақсаты: Жүсіпбек Аймауытұлының өмірімен таныстыру. Әдебиетке қоқан үлесіне тоқталып, шығармаларын талқылау. Баспасөз беттерінен жарық көрген мақалаларына зер салу. Психология еңбегінің маңызы жөнінде айту.
Жоспар:
Жүсіпбек Аймауытұлы және абайтанудың алғашқы қадамдары
Жүсіпбек Аймауытұлы мақалалары мен аудармалары
Жүсіпбек Аймауытұлының «Психология» еңбегінің ерекшелігі
Қазақ әдебиетінің классигі - Жүсіпбек Аймауытұлының көркем шығармашылығы әдебиеттен өзіндік орын алатындығы мәлім. Жүсіпбек Аймауытұлының Абайтанудағы тұңғыш өмірбаяндық шығармашылық зерттеуі «Абайдың өнері һәм қызметі» деген атпен 1918 жылы «Абай»
журналында (№2) жарияланды. Мақала соңында «Екеу» деп қол қойылған. (Ж. Аймауытұлы және М. Әуезов). Абай туралы мақала былай басталған: «Қазақ халқын надандықтың айсыз қараңғы түні ғылым сәулесінен бүркеп, тұншықтырып тұрған кезінде, тұншыққан елге дем болуға, қараңғы жерге нұр болуға, надандық аждаһаны өртеуге Құдай жіберген хақиқаттың ұшқыны Абай туды» (1:122).
Абай мұрасының, ақындық өнерінің мазмұндылығын түсіндіру мақсатында Жүсіпбек Аймауытұлы: «Абайдың ақындық өнері тар жолды бір беткей емес. Әр тараулы, сегіз қырлы. Ол тараулар мынау: мінез түзететіндік, тереңнен толғайтындық, сыншылдық, суретшілдік, жүректің мұң-зарын, сырын тапқыштық, ащы тілділік, ызалылықпен күлетіндік, һәм керемет переводшиктік»(1:122), - деп жазады. Аталған сегіз түрлі сипат тұрғысынан Абай тек осы зерттеуде танылған.
Жүсіпбек Аймауытұлының мол шығармашылық мұраларының ішінде әдістеме негіздеріне сүйене отырып жазған «Тәрбие жетекшісі» (Орынбор,1924). «Психология (жан жүйесі мен) мен өнер таңдау» (Мәскеу,1926), «Жаңа ауыл»(1929), т.б. еңбектеріне әлеуметтік тәрбиесінен бастап ұлттық тыныс тірлік, адамгершілік әлем, еңбек тәлімі, ата-ана орны, бала мінезінің алуан қырлары, тәрбие жұмысы мен оның шарттары, т.т. тақырыптар кең орын алған. Педагог ғалымның әлеуметтік-халықтың мәселе ретінде тәрбие ісінің, оның өзінің дене және жан (рух) тәрбиесі етіп саралануы, бала мен үйелмен, ұстаздық шеберлік, өнерпаздық қабілет турасындағы ой-пікірлерін ұлт мектептерінде бағдарлама, оқулықтарды әзірлеу кезінде басшылыққа алуға әбден болады.
Жүсіпбек Аймауытұлының ағарту саласындағы айтулы еңбек жазып қалдырған, педагогика саласындағы ондай тынымсыз ізденіс жұмыс бүгін де
маңызды.
Достарыңызбен бөлісу: |