4. Сұрақтар мен тапсырмалар.
1.Мағжан Жұмабаевтың талант ретіндегі тағдырын байыптап байқаңдар.Оның өміріне,өскен ортасына шолу жасаңдар.
2.“Мағжан ұлт ақыны” дегені қалай түсінесің
3.“Мағжан Жұмабаевтың ақындық шеберлігі” деген тақырыпта шығарма жазыңдар.
Пайдаланылған әдебиеттер:
Аймауытов Ж. “Мағжанның ақындығы туралы” Бес томдық шығармалары. 5 том.Алматы,1999
Елеукенов Ш. Мағжан.Алматы,1998.
Дәріс № 9
Қошке Кемеңгерұлының өмірі мен шығармашылығы
Мақсаты: Студенттерге Қошке Кемеңгерұлының өмірі мен шығармашылығы жайында мәлімет беру. Қ. Кемеңгерұлының шығармашылығын талдату.
Жоспар:
1. Қошке Кемеңгерұлының өмірі мен қызмет жолы
2. Қошке Кемеңгерұлының шығармашылығы
1. К.Кемеңгерұлының өмірі мен қызмет жолы. Қошмұхамбет(Қошке) Дүйсебайұлы (15.07.1896) бұрыңғы Ақмола облысы, Омбы уезі, Беке болысы, Қаражас ауылында дүниеге келген. Қ. Кемеңгерұлы - алаш қайраткері, ғалым, драматург, жазушы, журналист. Әкесі Дүйсебай жастай қажыға барып, оқу-ағарту ісіне ықыласты болған. Қошке алғаш Белгібай молдадан білім алып, мұсылманша сауат ашқан. Мұнан соң Омбыда шіркеу мектебінде, ветеринарлық-фельдшерлік мектепте оқиды. 1913-жылы Омбы ауыл-шаруашылық училишесіне оқуға түседі. Осында жүріп қазақ жастарының тұңғыш қоғамдық-саяси ұйымы - "Бірлікке"(1914-1918) мүше болып кіреді. Оның үні "Балапан" қолжазба журналының редакторы болады. 1917-жылы сәуірде Омбыдағы Ақмола облысының қазақ атқару комитетінің тапсырмасымен Д. Әділов екеуі Ақмолаға келеді. Мұнда С, Сейфуллинмен бірлесіп Қазақ комитетінің "Жас қазақ" ұйымын құруға ат салысады. Қошке Кемеңгерұлы "Жас азамат" газетінің редакторы болып сайланады. 1918-жылдың аяғында ауылшаруашылық училищесін бітіріп, 1919 жылы Ақмола облыстық халық ағарту бөлімінің саны аз ұлттар жөніндегі бөлімшесіне нұсқаушы болып қызметке кіреді. 1919 жылы Омбы политехника институтына оқуға түседі. Мұнда ол көп оқымай, 1920 жылы Петропавлда мұғалімдер курсында сабақ береді. Осы жылы желтоқсанда Сібір ауыл шаруашылығы және өндіріс институтының ветеринария факультетінің медицина бөліміне оқуға түседі. Облыстық "Бостандық туы" газетіне тілші болады. Медицина бөлімінің курсын бітірген соң Орта азия мемлекеттік университетінің медицина факультетіне ауысады. Ташкентте Қошке "Ақ жол" газетінде, "Сана" журналында қызмет етеді. Сонымен бірге Орта Азия университетінде, Түркістан әскери училищесінде қазақ тілінен сабақ береді. 1930жылы ОАМУ-дің аспиранты болып жүрген жерінен, М.Әуезовпен бірге репрессияның ұлт қайраткерлеріне бағытталған алғашқы толқынында тұтқындалады. Екі жыл Алматы абақтысында отырады. 1932 жылы НКВД-ң арнайы саяси тұтқындарды ұстайтын жері - Украинаның Валуйкиіне жер аударылады. Бұлан 1935 жылы босанып, Омбының Шарбақкөлінде аудандық ауруханада дәрігер болып қызмет істеді. 1937-жылы 7-тамызда қайта ұсталып, 21 қарашада Омбы қаласында атылды. Ал 1957 жылы ақталған.
Достарыңызбен бөлісу: |