Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі Семей мемлекеттік педагогикалық институты



бет28/168
Дата06.01.2022
өлшемі0,99 Mb.
#14486
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   168
Байланысты:
97bb8a17-479c-11e4-973d-f6d299da70eeЭУМКД п-225 (1)

СОӨЖ №5.

Тақырып атауы:Үй және жабайы аңдар

Сабақтың мақсаты: Үй және жабайы аңдар түрлерімен балаларды таныстыру

Қарастырылатын негізгі сұрақтар:

Негізгі үй және жабайы аңдар



Тапсырма: Естиярлар тобын үй жануарларымен таныстырудың сабақ үлгісін құрастыру

Әдістемелік ұсыныс:

Мысықты бақылау (сәбилердін. екінші тобымен)

Программалык, материал. Мысықтың сыртқы түрі, тамақты қалай ішіп, қалай ойнайтыны.

Сөздік: жалап ішеді, жүні қалың, жұмсақ, пырылдайды, табаны, мұрты.

Сабақтық барысы. Тәрбиеші топқа мысық әкеледі.

— Мынау мысық — дейді ол.— Балалар, қараңдаршы бұл қандай әдемі бүкіл денесі сұр түсті, қара жолақтары бар. Оны сипауға болады, ол тістемейді. (Мысықты сипайды). Оның жүні қалық әрі жұмсақ. Ал, қараңдаршы тұмсығындағы мұрттары не деген үлкен еді.



Тәрбиеші біртіндеп балалардың назарын мысықтың сыртқы түріндегі ерекшеліктерге аударады. Балалар оның басы, құлағы, көзі, мұрны, аузы бар екенін біліп алады. Одан соң оның аяқтарына, табанына, құйрығына қадала қарайды. Тәрбиеші жануар денесіндегі жеке бөліктерді атап береді.

Балалар оның сыртқы түрімен барынша танысып болғанда тәрбиеші мысыққа сүт береді. Ол сүт құйылған табақшаны көре салып мияулайды. Балалар оның сүт сұрағанына қуанады. Мысықтың ұзын тілін қасық тәріздендіріп, сүтті жалап ішіп аузына апаратынына балалардың назарын аударады.

Жануар тамақ ішіп болған кезде тәрбиеші оны тағы да сипап еркелетеді.. Тойып алған мысық пырылдай бастайды.

— Бұл оның өлең айтқаны,— деңді балалар.

Бұл оның пырылдағаны,— деп, нақтылай түседі тәрбиеші.

Келесі сабақта тәрбиеші мысықты етпен тамақтандырады. Бұдан соң балаларға мысықтын, қағазбен және босаған жіп шарығьгмен қалай ойнағанын көрсетеді.

Балалар мысықтың қалай жасырынып, қалай секіргенін, қағазды аяғының ұшымен қалай қағып, тістелегенін бақылайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   168




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет