13-Дәріс. Мақсаты: Оқушыларды біліммен ғана хабардар етіп қоймай, оларға айналадағы ортадан мәліметтер беру арқылы білімдерін қалыптастыру. Дыбыс туралы толық түсінік беру.
Дыбыс сипаттамалары.
Адамзат дыбыс дүниесінде өмір сүреді. Біз адамдардың дауысын,құстың сайрағанын,музыкалық аспаптарының дыбысын,теңіз толқындарының шуылын,күн күркіреуін естиміз.Жұмыс істеп тұрған машиналар,қозғалған транспорт және т.б дыбыс шығарады.
Дыбыс құбылыстарын зерттейтін физиканың бөлімі акустика деп атайды.
Дыбыс дегеніміз есту түйсігін туғызатын,серпімді толқындар немесе сығылу-сиректену құбылысының ауада таралуын айтады.
Дыбыс толқындарының табиғи қабылдағышы құлақ болып саналады,ал техникалық қабылдағыштарының бірі микрофон болып табылады.
Адам құлағы естетін және естімейтін болып дыбыс екі топқа бөлінеді.
Естілетін дыбыстар өзі музыкалық дыбыстар жәнешу болып ажыратылады.Адамның құлағы жиілігі 16Гц-тен 20кГц дейінгі серпімді толқындарды қабылдайды.Сондықтан 16Гц пен 20кГц аралығындағы жиілікті дыбыс жиіліктері.Тек жас адамдар ғана жиілігі 20кГц дыбысты алады.Жасы ұлғайған кезде адамда жиілігі 12-14кГц жоғарғы дыбыс толқындарын естуден қалады.
Дыбыс жиілігімен тербелетін кез келген дене айналасындағы ортаға дыбыс толқындарын туғызады да,ол дыбыс көзі болып саналады.
Дыбыс көздері табиғи және жасанды болып екіге бөлінеді.
Табиғи дыбыс көздеріне мыналар жатады:жарылыс,оқтың ұшуы,найзағай,ішек,жел,ал жасанды дыбыс көздеріне камертон,гитара,сирена т.б. жатады.
Жасанды дыбыс көздерінің бірі –камертон қысқа сапталған екі айыр доға тәрізді иілген металл таяқша,оның көмегімен музыкалық дыбыс алуға болады.
Камертонды ең алғаш 1711ж ағылшын музыканты Дж. Шором музыкалық аспатарды күйіне келтіру үшін ойлап тапқан.
Естілетін дыбыстар өзі музыкалық дыбыстар және шу болып ажыратылады.Музыкалық дыбыстарға мысалы ән,музыкалық аспаптардың керілген ішектерінің дыбысы,ысқырық т.б.жатады.Музыкалық дыбыстарға белгілі бір тербеліс жиілігі сәйкес келеді.
Шу-әртүрлі жиіліктегі дыбыстардың ретсіз қабаттасуын айтады.Қопарылыс кезінде,жылан ысылдағанда,есіктің майланбаған топсасы шиқылдағанда т.с.с.шу пайда болады.Шуға белгілі бір тербеліс жиілігі сәйкес келмейді.
Адам құлағы қабылдамайтын дыбыстар естілмейтін дыбыстар болып саналады.Естілмейтін дыбыстар екі топқа бөлінеді олар,жиілігі 16Гц-тен төмен толқындар инфрадыбыстар деп атайды және жиілігі 20кГц-тен жоғары толқындар ультрадыбыстар деп атайды. Теңізде туындайтын инфрадыбыстарды медуза,су шаяны тәріздес су жәндіктері жақсы қабылдайды.Ультрадыбыстарды дельфиндер,иттер,жарқанаттар т.б тіршілік иілері шығарады.