Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Шығыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының



бет117/122
Дата07.01.2022
өлшемі0,53 Mb.
#17125
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   122
Байланысты:
УМК Еңбекті қорғау

Адам ағзасына әсері.
Өндірістік дірілден қорғану.
Әсер етуші діріл туралы ақпаратты вестибулярлы құрал қабылдайды.Вестибулярлы құрал адам бас сүйегінің самай бөлігінде орналасқан.Мидың бұл бөлігі кеңістіктегі адамның тепе-теңдігіне, орналасуына жауап береді.
Адамға әсер етуші діріл мөлшері шамадан тыс көп болса, вестибулярлық құрал миға жалған ақпарат беруі мүмкін. Бұл жағдайда ағза жүйесінің жұмысы бұзылып, бас айналу пайда болады.
Дірілдің адамға ұзақ әсер етуі діріл ауыруларына алып келеді. Діріл патологиясы шаң патологиясынан кейінгі екінші орынды алады. Дірілдің адам ағзасына әсер ету күшіне қарай ауыру өршуінің төрт кезеңі бар.
1. Бірінші кезеңдегі ауыру белгілері айқара байқалмайды: қол, иық бұлшық еттері ауырады, ұсақ тамырлар қысылады. Ұйқы бұзылады, жұмыс істеу қабілеті төмендейді, ашушаңдық, тершеңдік,
2. Екінші кезеңде қол ауыруы өрши түседі, сезімталдық төмендейді, дене қызуы төмендейді, қол терісі көгеріп кетеді, артериялық қысым ауытқиды.
3. Үшінші кезеңде екінші кезеңдегі белгілер күшейеді. Жұдырық түйген кезде, саусақтардың ағаруы, ұйуы.
4. Төртінші кезеңде дене қызуы тым төмендейді. Дене бұлшықеттері түгелімен ауырады. Жүйке жүйе және эндокринді жүйе қызметтері бұзылады, бас айналыды, бас, кеуде бөліктерінің ауыруы.
Яғни діріл ауыруына бірінші ұшырайтын қол және аяқтың тобық бөлігі.
Жалпы діріл әсерін төмендету қажет. Ол үшін станоктардың, көліктердің, тігін машинасының бір сөзбен айтқанда діріл әсері бар құрылғылардың конструкциясын жақсарту керек. Дірілдің жер арқылы берілуін шектеу қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   122




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет