Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Шығыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының



бет116/122
Дата07.01.2022
өлшемі0,53 Mb.
#17125
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   122
Байланысты:
УМК Еңбекті қорғау

15-Дәріс. Мақсаты: Дірілдің адам ағзасына зияндығын және олардан қорғану жолдарын түсіндіру.

Діріл және дірілден қорғаныс

Діріл дегеніміз не?
Діріл (вибрация)- денеде айнымалы күш әсерінен пайда болатын кіші-гірім механикалық тербелістер.
Дірілдің жиіліктік спектрі 16 Гц-тен кем емес – инфрадыбыстық жиілігін, 16-дан 20000 Гц-ке дейінгі дыбыстық, 20000 — нан астам ультрадыбыстық жиіліктерді қамтиды.
16 … 20 Гц жиіліктен жоғары дірілмен бірге шу да шығады. Адам дірілді құбылыс жылдамдығы 1*10–4 м/с жеткенде сезінеді, ал жылдамдық 1 м/с жеткенде ауырсынуды сезеді. 
1 – транспорттық діріл, ол жолдарда, агрофонда және жергілікті жерлерде қозғалатын машиналар мен транспорттық құралдар адамға әсерін тигізеді;

2 – транспортты – техникалық діріл, ол тек арнайы дайындалған жерде, өндіріс іші, тау қазбаларына қолданатын техникада (экскаватор, жүк көтергіш кран, тау машинасы);

3 – технологиялық діріл, адамға әсер ететін стационарлы машиналар (станок, электромашина, сорғыш, желдеткіш,қазба қондырғылары). Жұмыс орнына байланысты бұл категориалар 3а, 3б, 3в, 3г топтарына бөлінеді.
Діріл ауыруы
Адам ағзасына ұзақ уақыт діріл әсер ету салдарынан пайда болатын ауыру. Бұл ауыры әдетте құрылысшыларда, машинисттерде, тігін машинасымен қолданатын тігіншілерде яғни дірілдейтін құралдармен жұмыс істейтін жұмысшыларда пайда болады.
Осы құралдардың көбін қолда ұстауға тура келеді. Ал адамның қолы дірілге қатты сезімтал болып табылады. Секундына 35 тербелістен артық діріл әсер етсе, жергілікті діріл ауыруы пайда болады. Сонымен қатар жергілікті діріл көліктің ішінде келе жатқан адамдарда болу мүмкін.
Діріл ауыруларының даму кезеңдері алты айдан тоғыз айға дейін созылуы мүмкін (діріл күштілігіне байланысты).
Діріл ауыруының негізінде жүйке жүйенің әр түрлі бөліктерінде дами алатын парабиоз процессі жатыр. Ең алдымен қол рецепторлары зақымдалады. Потологиялық процесс рецепторлардан перифериялық жүйкеге өтеді. Омыртқа араларында парабиотикалық өзгерістер болуы мүмкін.
Емделу жолдары
Діріл ауыруларының белгілерін байқаған соң, бірден, ауырған адам діріл механизміне байланысты жұмысын уақытша немесе мүлдем доғаруы керек. Ауырған адам физиотерапиядан өтуі керек, кеуде бөлігін ультракүлгін сәулелендіру, басты диатермогальванизациялау, қолды дарсонвализациялау керек. Сонымен қатар массаждың көмегі өте зор.
Қоданылатын дәрі-дәрмектер: ганглиоблокатор, тиамина хлорид, цианокобаламин, аскорбин қышқылы т.б.
Жалпы діріл оның пайда болу көзіне байланысты үш категорияға бөлінеді:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   122




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет