Қауіпті өндірістік факторлар
Өнеркәсіп қауіпсіздігі саласындағы заңнаманы қатерді басқаруға ауыстыру қауіпті өндірістік факторларға қойылатын қолжетімділікті өзгертуді талап етеді.
Қауіпті өндірістік объектілерді жобалау кезінде өндірістік процесске тән қабылданған барлық қауіпті өндірістік факторлар ескерілуі, олардың қызметкерге, жұртшылыққа, қоршаған ортаға зиянды әсер етуінен қорғау бойынша жобалық шешімдер өңделуі тиіс.
Жобалық шешімдерді талдау кезінде қабылданған технологияға тән барлық қауіпті өндірістік факторларды есепке алудың толықтығына, қызметкерлерді, жұртшылықты, қоршаған ортаны олардың зиянды әсерінен қорғауды қамтамасыз ету бойынша қабылданған жобалық шешімдердің жетімділігіне назар аударылады.
Қауіпті өндірістік объектілерде келеңсіз құбылыстарды талдау кезінде қауіпті өндірістік объектілерді зақымдайтын әсерлерден қорғау бойынша қабылданған жобалық шешімдердің тиімділігіне назар аударылады.
Талдау кезінде қауіпті өндірістік факторлардың қызметкерге, жұртшылыққа, қоршаған ортаға зиянды әсері бағасының толықтығына назар аударылады, қауіпті өндірістік факторлар бойынша олардың зиянды әсері дәрежесі бойынша салыстырмалы талдама жүргізіледі, анағұрлым көп зиянды әсері бар факторлар бойынша шаралар қабылдау басымдығы, қауіпті өндірістік факторлардың зиянды әсерінің қызметкерге, жұртшылыққа, қоршаған ортаға зиянды әсерін төмендету немесе тарату бойынша шаралардың тиімділігін бағалау.
Достарыңызбен бөлісу: |