Қауіптіліктің жалпы деңгейінің көрсеткіштерінің бағасы
Жазатайым оқиғалардың жиілік коэффициенті мынадай формула бойынша анықталады:
Кч=n/N,
мұнда n – осы өндірістік объектіде жыл бойына тіркелген жазатайым оқиға саны;
N – қауіпті объектіге жыл бойына қызмет көрсететін қызметкерлердің орташа жылдық саны.
Жазатайым оқиғалардың жиілік коэффициентін анықтау үшін Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 5-бөлімі, 35-тарау, 317-бабына сәйкес мынадай деректер қосылады:
- осы өндірістік объектіде жыл бойына тіркелген жазатайым оқиға саны;
- қауіпті өндірістік объектілерге қызмет көрсететін және пайдаланатын, зиянды және қауіпті өндіріс жағдайларымен айналысатын жұмыскерлер саны;
- өндірістегі жазатайым оқиға - өзiнiң еңбек (қызмет) міндеттерін немесе жұмыс берушiнiң тапсырмаларын орындау кезiнде қызметкердiң жарақаттануы, немесе кәсiби ауруға шалдығуы, не денсаулығының күрт нашарлауы, улануы салдарынан оның еңбекке қабiлеттiлігінен уақытша немесе тұрақты айрылуына не өлiмiне әкеп соқтырған өндiрiстiк фактордың қызметкерге әсер ету жағдайы.
Достарыңызбен бөлісу: |