Тұрақты жартылайеңбек ету қабілетін жоғалту – кез келген өндірістік жарақат кезінде ұйымның қызметінің бұзылуына соқтыратын, жұмыскердің өз жұмысын тұрақты негізде орындау мүмкіндігін жекелей шектейтін еңбекке қабілеттікті жою.
Өлімге соқтыратын жарақат жиілігінің коэффициенті мынадай формуламен анықаталды:
Кс=n2/N,
мұнда n2 – жыл бойына өлімге соқтыратын жағдай саны (жазатайым оқиғадан кейін бір жыл бойына зардап шегушілердің өлімін есепке алумен).
Өлімге соқтыратын жарақат жиілігінің коэффициентін анықтау үшін Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 37-тарау 322-бабына сәйкес осы өндірістік объектіде бір жыл бойына жұмыскердің өліміне соқтырған тіркелген жазатайым оқиға, саны туралы деректер қосылады.
Өндірістік жарақат – болған жазатайым оқиға сәтінен және жарақат пайда болған уақыт мерзіміне тәуелсіз дененің жазатайым оқиға нәтижесінен кез келген бөлігінің зақымдалу немесе физикалық зақымдалу белгісі.