Дыбыс таралу үшін серпімді орта қажет.Дыбыс газда,сұйықтарда,қатты денелерде әртүрлі жылдамдықтамен тарайды.Дыбыс вакуумда ғана таралмайды,өйткені ол жерде тербелетін зат жоқ.
Газдардағы дыбыс.
Күн күркіреп,найзағай ойнаған кезде біз алғаш найзағайдың жарқырауын көреміз де,біраздан кейін ғана дыбысты естиміз.Бұл кешігі себебі аудағы дыбыс жылдамдығы,найзағайдан шыққан жарық жылдамдығынан әлдеқайда аз екендігімен түсіндіріледі.
Аудағы дыбыстың таралу жылдамдығын алғаш рет 1636 жылы француз ғалымы М.Мерсен өлшеген. 200С температурада ол 343м/с,яғни 1235км/сағ тең.
Сұйықтардағы дыбыс.
Судағы дыбыстың жылдамдығын алғаш рет 1826ж Ж.Коладон мен Я.Штурм өлшеген.Олар өздерінің тәжірибелерін Швейцарияда Женева көліде жүргізді.Дыбыстың судағы жылдамдығы 80С температурада ол шамамен 1440м/с болған.