Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Шығыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының


Негізгі қордың тозу коэффициенті төмендегі формула бойынша анықталады



бет109/122
Дата07.01.2022
өлшемі0,53 Mb.
#17125
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   122
Байланысты:
УМК Еңбекті қорғау

Негізгі қордың тозу коэффициенті төмендегі формула бойынша анықталады:
Ки = n4 / (10 x n5),
мұнда n4 – жыл қорытындысы бойынша белгіленген пайдалану мерзімін өткерген техникалық құрылғылар саны;

n5 – жыл қорытындысы бойынша негізгі құрал ретінде есепте тұрған техникалық құрылғылардың жалпы саны.

Ки – коэффициентінің тозуын анықтау үшін n5 техникалық құрылғылардың жалпы тізбесіне негізгі де, сондай-ақ жыл қорытындысы бойынша негізгі ретінде есепте тұрған, сәйкес салалық Өнеркәсіптік қауіпсіздік талабы пайдаланылатын көмекші құрал да қосылады.

n4 – жыл қорытындысы бойынша пайдалану мерзімін өткерген техникалық құрылғыларға нормативтік, құрылымдық немесе пайдалану құжаттамасымен, стандарттарда, өнеркәсіп қауіпсіздігі талаптарында белгіленген пайдалану мерзіміне жеткен құрылғылар жатады. Техникалық құрылғыны бұдан әрі қауіпсіз пайдалану мерзімін ұзарту бойынша жұмыстар жүргізбей пайдалануға рұқсат берілмейді.



Ескерту: Егер құжаттамада диагностикалайтын техникалық құрылғылардың белгіленген пайдалану мерзімі көрсетілмесе, онда сәйкес техникалық құрылғының, жабдық пен құрылыстың пайдалану мерзімі қабылданады.

Пайдаланудың нормативтік мерзімдері туралы мәлімет болмаған жағдайда пайдаланудың есепті мерзімі техникалық құрылғыны пайдалану шартын есепке алумен орташа салалық көрсеткіштерге сәйкес белгіленеді және Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Төтенше жағдайларды және өнеркәсіптік қауіпсіздікті мемлекеттік бақылау комитетімен келісіледі.

Техникалық құрылғыларды пайдалануды болжанған шекті жағдай (қалдық қор) басталғанға дейін немесе қалдық қор шамасында белгілі бір кезеңге (пайдалану мерзімін кезең сайын ұзарту) ұзартуға рұқсат беріледі. Техникалық құрылғылардың, жабдықтар мен құрылыстардың қалдық қорды анықтау бойынша жұмыстарды пайдаланудың қалдық қоры есебін жүргізуге құқық беруге белгіленген тәртіпте аттестатталған ұйымдар жүргізеді.

Техникалық құрылғылардың, жабдықтар мен құрылыстарды қауіпсіз пайдалану мерзімін ұзарту мүмкіндігін анықтау бойынша жұмыстар:

техникалық құрылғыларды, жабдықтар мен құрылыстарды өндіру бойынша тапсырыс берушінің өтінімі бойынша;

Төтенше жағдайларды және өнеркәсіптік қауіпсіздікті мемлекеттік бақылау комитетінің немесе белгіленген тәртіпте ұсынылған органның өнеркәсіптік қауіпсіздік сұрақтары бойынша уәкілетті бөлінісінің талабы бойынша жүргізіледі.

Техникалық құрылғылардың, жабдықтар мен құрылыстардың қауіпсіз пайдалану мерзімін ұзарту мүмкіндігін анықтау бойынша жұмыстарды Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар миниистрлігінің Төтенше жағдайларды және өнеркәсіптік қауіпсіздікті мемлекеттік бақылау комитеті аттестаттаған ұйымдар жүргізеді. Ұйымдастыру-техникалық мүмкіндіктер (аттестатталған зертханалар, қызметкер) болған кезде техникалық құрылғылардың, жабдықтар мен құрылыстардың техникалық жағдайын бақылау бойынша кейбір жұмыстарды пайдаланушы ұйым жүргізе алады.

Пайдаланудағы техникалық құрылғыларды, жабдықтар мен құрылыстарды қауіпсіз пайдалану мерзімін ұзарту тәртібі Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Төтенше жағдайларды және өнеркәсіптік қауіпсіздікті мемлекеттік бақылау комитетінің 2011 жылғы 27 қаңтардағы № 04 бұйрығымен келісілген «Қауіпті өндірістік объектілерде техникалық құрылғыларды, жабдықтар мен құрылыстарды қауіпсіз пайдалану мерзімін ұзарту тәртібі туралы» әдістемелік ұсыныммен анықталған.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   122




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет