Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Шығыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының



бет111/122
Дата07.01.2022
өлшемі0,53 Mb.
#17125
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   122
Байланысты:
УМК Еңбекті қорғау

Судың сапасы шаруашылық – ауызсуға, мәдени-тұрмыстық, балық шаруашылығы және техникалық мақсаттарға пайдалануға мүмкіндігін анықтайтын судың қасиеті мен құрамын көрсетеді.

Ауыз су сапасына ең алғашқы стандарт 1937 жылы бекітілген. Қазіргі кезде республикада ауыз судың сапасын МемСТ 2874-82 белгілейді. Барлық судың құрамында еріген заттар болады. Ондағы ең көп кездесетін элементтерге Сa, Mg, Na, Cl, және K жатады.

Судың тұздылығы онда еріген химиялық заттардың жалпы мөлшерімен немесе судағы құрғақ заттардың қалдығымен (г/л) анықталады:

Тұщы су – 1 г/л-ге дейін;

Тұздылау – 1-3 г/л;

Тұздылығы шамалы – 3-10 г/л;

Тұзды немесе өте тұзды – 10-50 г/л.

Теңіз суында орташа шамамен 35 г/л тұз (3,5% немесе 35%о – промилле) болады. Судың құрамында органикалық заттар мен әр түрлі жүзгіндер, ауру тарататын патогенді микроағзалар да болады.



Пайдалану мақсатына қарай су: ауыз су, техникалық мақсаттар үшін, ауыл шаруашылық қажеттілігі үшін және т.б. болып жіктеледі.

Судың сапасын бағалау үшін шекті рұқсат етілетін концентрациялар(ШРК) қолданылады. Ал ауыз судың сапасын бағалауда химиялық көрсеткіштермен қатар, бактериологиялық және органолептикалық көрсеткіштер қолданылады. Судың бактериологиялық көрсеткіштерін анықтауда: біріншіден, судағы бактериялардың жалпы саны, ол судың 1 мм-не 100-ден аспауы керек; екіншіден, ішек таяқшасы (E. сoli) тобының бактерияларының саны арқылы жүргізіледі. Ол коли-индекс: судың бір литріндегі ішек таяқшасының шамасы (үштен аспауы тиіс) немесе коли-титрмен: бір ішек таяқшасы болатын судың миллиметрмен мөлшері (300 мл-ден кем болмауы керек) анықталады.

Су сапасының мониторингі.Су мониторингі жүйесінің шегінде жер үсті су көздерінің сапасын бақылаудың төмендегі түрлерін келтіруге болады:

жер үсті суларының ластану деңгейін физикалық, химиялық,

гидрологиялық және гидробиологиялық көрсеткіштері бойынша бақылау; арнайы міндеттерді шешу үшін арналған бақылау.

Осы бақылаулардың әрқайсысы келесі қызметтердің нәтижесінде жүзеге асады: су нысандарында немесе олардың бөліктерінде алдын-ала бақылау және зерттеу жүргізу; алдын-ала таңдалып алынған тіректердегі су нысандарына жүйелі түрде бақылау жүргізу, яғни, су сапасы туралы мәліметтерді жекелеген бөліктерден жүйелі алу және белгілі бір мезгіл немесе кеңістікте алынған мәліметтер; шаруашылық ұйымдарды, сонымен қатар, қызығушылығы бар мекемелерді жүйелі ақпараттармен және су көздеріндегі немесе суаттардағы су сапасы, гидрохимиялық режимнің өзгеріс болжамымен таныстырып, су ластануының тез өзгерісі туралы төтенше ақпараттармен қамтамасыз ету.

Әрбір нақты жағдайда анықталатын судың сапасы арнайы заңдылықтар мен зерттеулерден тұрады:

· өзін-өзі тазарту процессінің негізгі заңдылықтарын бекіту;

су түбінде жиналған ластаушы заттардың су сапасына тигізетін

әсерін анықтау;

· суаттардағы химиялық заттардың балансын құрастыру;

· коллекторлы –дренажды сулар арқылы химиялық заттардың

шығарылуын бағалау және т.б. Су сапасын бақылау құрал-жабдықты база және бақылау жүргізу үшін арнайы участокты таңдаудан басталады. Су сапасын бақылаудың мақсаты - алғашқылық мәліметтердің аса жоғары стандартын қамтамасыз ету. Бақылаудың жақсы сапасын қамтамасыз ету үшін суды жинау немесе су үлгісін алу бойынша жұмыстарды дұрыс ұйымдастыру қажет.

Гидроэкожүйелер сапасының мониторингі мақсатқа сай басқарудың бұрынғы Жалпы мемлекеттік жүйеде, адам үшін, сонымен қатар биота үшін қауіп тудыратын суды тұтыну орындарындағы бақылау тіректерінде жүргізіледі. Бақылаудың негізін кешенділік, жүйелілік, гидрологиялық жағдайлардың сипаттарымен келісе отырып, оларды жүргізу мерзімін анықтау құрайды.

Жер үсті су сапасын бақылауды жүргізу және ұйымдастырудың негізгі ұстанымдары 17.1.5.05-85 Мемлекеттік стандартпен және ИСО 5667-1:1980; 5667-6:1990; 5667-4: 1987 стандарттарымен анықталады. Су ресурстарының сапасына кешенді баға стандарттық әдістемелік ұсыныстар негізінде беріледі.

«Қазақстан республикасының жер үсті суларын қорғау ережелері» құжатының 2.2 тармағына сәйкес, елді мекендерінің шегінде орналасқан суаттардағы су сапасын бағалауда тұрмыстық-мәдени мақсатындағы суаттар үшін бекітілген шекті–рауалды концентрацияны қолдану керек. Су нысандарының сапасын бағалауда үнемі қолданылатын көрсеткіштер категориясына су ластануының гидрохимиялық, гидробиологиялық индексі жатады.

Біріккен Ұлттар Ұйымы Экономикаклық және әлеуметтік Кеңесімен еуропалық статистиктер конференциясының 37 пленарлық сессиясында қабылданған (Женева, 12-16 маусым 1989 жыл) тұщы судың экологиялық сапасының стандартты статистикалық жіктемесіне сәйкес су нысандарының жағдайларына әртүрлі әсер етуіне байланысты судың сапасы көрсеткіштердің жеті тобы бойынша анықталады (1-кесте).

Су сапасының сыныбын анықтау көрсеткіштері

Судың ластану сыныбы Сипаттамасы Судың ластану индексі

өте таза ≤0,3; 0,3 тең немесе кем

таза > 0,3 – 1; 0,3-тен 1-ге дейін

шамал ластанған > 1- 2,5; 1-ден 2,5-ке дейін

ластанған > 2,5 – 4; 2,5-тен 4-ке дейін

лас > 4 – 6; 4-тен 6-ға дейін

өте лас > 6 – 10; 6-дан 10-ға дейін

шамадан тыс лас >10; 10-нан артық

Әр жекелеген ингредиент бойынша шекті рауалды концентрация бекітумен ластаушы заттардың концентрациясын салыстыруға негізделген бағалаудың қолданыстағы жүйесі заттардың біріккен әсерін ескермейді.
Бақылау сұрақтары:

1.Судың жер бетіндегі қоры және судың тіршіліктегі рөлі

2.Суды ластаушы көздердің жіктелуі

3.Судың сапасы көрсеткіштері қалай жіктеледі?




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   122




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет