Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Шығыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының



бет16/122
Дата07.01.2022
өлшемі0,53 Mb.
#17125
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   122
Байланысты:
УМК Еңбекті қорғау

Ауа алмастыру


Жұмыс орындарында қалыпты метеорологиялық жағдайларды және ауа тазалығын қамтамасыз ету дұрыс ұйымдастырылған ауа алмастыру жүйесіне байланысты. Ауаны алмастыру арқылы бөлмедегі ауаның температурасын, ылғалдылықғын және тазалығын реттеуге болады. [10].

Жобалау кезінде қазіргі қолданылып жатқан ауа алмастыру жүйесін максималды қолдану қажеттілігі қарастырылған.

Оператор бөлмесінің ауа алмасуы қазіргі бар жүйемен жүргізіледі.

Трансформатор бөлмесінде қабырғаның жоғарғы бөлігінде орналасқан терезе арқылы табиғи ауа алмастыру жүйесі ескерілген.

Ауаның қозғалу әдісіне байланысты ауа алмастыру табиғи және жасанды түрін ажыратады. Табиғи ауа алмастыру кезінде ауа табиғи факторлар, жылулық тегеуріні және жел әсерлері нәтижесінде іске асады. Механикалық ауа алмастыру кезінде ауа вентиляторлар, инжекторлар және т.б. көмегімен іске асады.

Ауаның алмасуы және конденсациялануы өндірісте еңбек тазалығы ережелеріне сәйкес келетін ауалық ортаны жасайды. Ауаның конденсациялануы қажетті жасанды ауа райын жасайды.

Өндірістік бөлмелердегі кенеттен үлкен көлемдегі зиянды заттардың шығарылуы кезінде авариялық ауа алматыру жүйесі қарастырылған. Авариялық ауа алматыру үшін өнімділігі жоғары болып келетін вентиляторлар қолданады. Оларды арнайы бөлмелерде орнатады. Қазіргі таңда кәсіпорында автоматты қосылатын және дыбысты белгі беретін авариялық ауа алмастыруды жүйесін орнатылуда.

Бөлмелердің жұмыс аймағындағы газ және бу шоғырлануын бақылау әмбебеп газ талдағышпен жүзеге асырылады. Ауадағы шаңның құрамын аспиратор көмегімен анықтайды. Ауаның салыстырмалы ылғалдылығын өлшеу үшін психрометрлер қолданады. Ауа алмастыру жүйесін тексеру және жүйеге келтіру мақсаты өндірістік бөлмелерінде санитарлы ережелерге сәйкес ауа ортасының күйін қамтамасыз ету. Ауа алмастыру қондырғыларын тексеру мақсаты олардың өнімділігін анықтау және осы қондырғыларды ары қарай қолдану мүмкіндігі қарастырылады.

Ауа алмастыру қондырғыларының мақсаты бөлмелердегі ластанған ауаны алып тастап және оны таза ауамен ауыстыру. Ауаны тексерудің нәтижелері ауа алмастыру қондырғыларының тиімді және белгіленген сипаттар бойынша жұмыс жұмыс істеуін қадағалау.

Бөлме ішіне берілетін ауа алмасу жүйесі негізінен ауа қабылдағыш қондырғыларынан тұрады. Олар ғимараттардың сыртында, ауасы таза жерлерінде орнатылады. Олар қажетті ауа көлемін алу және қажетті жерге жеткізу, ауа тарату жүйесінен тұрады. Ауаның қозғалысы вентиляторлар мен инжекторлар көмегімен жүзеге асырылады.

Ауаны бөлме ішінен сорып шығаратын ауа алмастыру жүйесі ауа сорғаштармен жабдықталған. Олар шығарылатын ауаны сорып алып, оны шығарып тастау жеріне тасымалдайды. Атмосфераға шығарылатын шаңды ауа санитарлы нормаларға сәйкес болмаса оны арнайы фильтрлермен тазалайды. Ол үшін кәсіпорында УРФМ-2 фильтрлері орнатылған. Бұл фильтрмен тазаланған газдар және булар санитарлы нормаларға сейкес болып келеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   122




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет