Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгі



Pdf көрінісі
бет9/22
Дата29.12.2016
өлшемі2,07 Mb.
#673
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   22

Табиғаттағы тәртіп арқылы дәлелдеу.  
     Табиғаттағы  ақыл-ойы  жоқ  заттардың  болмысы  белгілі  бір  мақсатқа 
лайықтылыққа  бағытталған.  Ал  олардың  санасы  жоқ  болса,  олар  белгілі-бір 
сананың  еріктің  басшылығымен  өмір  сүреді  деген  ойға  келеміз.  Ол  атылған 
оқты  еске  түсіреді,  бірақ  ол  оқты  жіберген  садақшыны  естен  шығармауымыз 
керек.  Олай  болса  бүкіл  Дүниеге  мақсат  берген  саналының  бар  екенін 
мойындауымыз керек. Ол - Құдай.  
Фома Аквинский Дүниеде үш түрлі заңдар бар дейді. Олар: 
1.
 
мәңгілік заң (lex aеterna) 
2.
 
табиғи заң (lex naturalіs) 
3.
 
адамдардың қабылдайтын заңдары (lex humana) 
4.
 
Бұлардан оқшау тұрған Құдайдың аяны бар (lex dіvіna). 
Мәңгілік  заң  -  ол  Құдайдың  ойынан  шыққан  жоспар,  жаратылған 
Дүниедегі  заттардың  тәртібі,  әрбір  зат  пен  құбылыстың  ішкі  мақсаты 
(Аристотельдің  тілімен  айтқанда  –  энтелехиясы).  Бұл  заң  тек  Құдай  мен 
әулиелерге  мәлім.  Адам  да,  әрине,  саналы  пәнде  ретінде  болмыстың  мәнгілік 
өміріне жартылай қатысты болуы мүмкін.  
Табиғи  заң  -  адамның  ақыл-ойдың  иесі  ретіндегі  жақсылық  пен 
жамандықты  айыруынан  шығады.  “Жақсылыққа  ұмтыл,  зұлымдықтан  аулақ 
бол

,-  деген  қағида  -  ол  табиғаттан  шығатын  заң.  Табиғаттың  ең  биік 
құндылығы- ол өмір. Олай болса, адам өз өмірін сақтау керек, - ол табиғи заңға 
жатады. Табиғи заңға еркек пен әйелдің қосылуы, балаларды тәрбиелеу, басқа 
адамдармен  бірге  өмір  сүру,  өзара  адамдардың  бір-біріне  көмектесуі,  істеген 
нәрселерімен  алмасуы-  бәрі  де  табиғи,  адамның  ақыл-ойынан  шығатын 
нәрселер.  
Адамдардың  қабылдаған  заңдарына  келер  болсақ,  олар  қылмысқа, 
зұлымдықтың қайсыбір түріне қарсы бағытталған заңдар. Олар - адамның ақыл-
ойының туындылары. Заңда қандай мақсатқа жетіп, оған жету жолында қандай 
құралдарды пайдалану керектігі көрсетіледі.  

76 
 
Адам - міні көп, кемеліне келмеген пәнде. Заңның керектігі осы іргетасты 
қағидадан  шығады.  Адамның  барлық  кемшіліктерін  есептеп  оны  заң  арқылы 
тежеу  мүмкін  емес.  Ал,  бірақ,  бүкіл  қоғамға,  басқа  адамдарға  кеселін 
тигізетіндерін заң арқылы тежеу керек. Мысалы, адам өлтіру, ұрлық жасау - ол 
бүкіл  қоғамның  өміріне  қауып  туғызады.  Оларға  заңдық  тосқауыл  қойылуы 
қажет.  
Фома  Аквинскийдің  айтуына  қарағанда,  монархиядан  артық  билік 
формасы  жоқ  -  ол  тәртіп  пен  мемлекет  бірлігінің    кепілі.  Ең  жаман  билік  
формасы-  ол  тирания,  өйткені,  ол  -  зорлық-зомбылыққа,  заңсыздыққа 
негізделген,  қоғамға  зұлымдық  әкеледі.  Бұл  билік  күшейген  сайын  оның 
зұлымдығы да арта түседі.  
Мемлекет  адамдарды  игілік  жолына  бағыттап,  бұзылған  адамдарды 
тәрбиелеп,  ізгілікке  сілтейді.  Адамдардың  жасаған  заңдары  арқылы  қоғам 
өмірінде тәртіп орнап, адамдар бір-бірімен әртүрлі қарым-қатынасқа түседі.  
Бірақ, мемлекет адамдардың барлық рухани ұмтылысын мақсаттарын өтей 
алмайды.  Табиғи  заңдар  да,  адамдардың  жасаған  заңдары  да  оған  жеткіліксіз. 
Сондықтан, Құдай адамдарды сүйіп, оларға аянмен берілген заңдарды ұсынды 
(lex  dіvіna).  Сондықтан,  адамның  басшылыққа  алатын  заңдарын  әрқашанда 
Библиядағы  заңдармен  толықтырып  отыруымыз  керек,-  деп  қорытады  Фома 
Аквинский. 
Фома  Аквинский  философия  тарихында  өзінің  ерекше  ізін  қалдырды. 
Оның сәулелі ойы, мөлдір логикасы,  Құдайға деген шын ниеті, адамды сүюі  -
осы  күнгі  заманға  дейін  үлгі  болып,  қазіргі  адамзат  рухани  өміріне  әсерін 
тигізуінде. 
 
Уильям Оккам ілімі. 
 
Орта  ғасырдағы  ой-пікірдің  көрнекті  өкілдерінің  бірі  Уильям  Оккам 
(1280-1349жж.)  Оксфорд  университетін  бітірген.  Негізгі  еңбектері  “Логика 
жинақтары

, “Құпиялықтар жөніндегі трактат

, “Сұхбаттар

 т.с.с. 
Егер Фома Аквинский схоластикалық философияда өзінің ең биік 
шыңына жетсе, Уильям Оккамнан бастап оның тек құлдырауы басталады. 
Біріншіден, сенімнің ақыл-ойдан дербестігі, оларды бір-бірінен ажыратады. 
Уильям Оккам сенім мен ақыл-ойды бір-бірінен айырып алыстатуға тырысады. 
Логикаға  негізделген  ақыл-ой  сезімдік  дүниені  тануға  мүмкіндік  береді, 
оларды тексеруге, дәлелдеуге болады.  
Сенім ақиқаттарына келер болсақ, оны ақыл-ой арқылы түсіну де, дәлелдеу 
де  мүмкін  емес.  Аян  ақиқаттарын  біріктіретін  логика  емес,-  Сенім  ғана
Мысалы  христиан  дінінің  үштік  қағидасына  Уильям  Оккам  мынандай  баға 
береді  “ол  қайсыбір  мән-мағна,  ақыл-ойдан  басым

.  Сондықтан,  ақыл-ой 
сенімге  тірек  бола  алмайды.  Сезім,  ақыл-ой  мен  діни  қағидаларды  талдаудың 
өзі күнәға жақын, өйткені, Құдай бізді сүйіп, өзінің аянын сыйлады, оны біз сол 
күйінде іштей қабылдауымыз керек.            
 

77 
 
Уильям Оккамның номинализмі. 
 
Құдай  мен  жердегі  өтпелі  әлемді  бір-бірінен  айырғаннан  кейін,  Уильям 
Оккам  әлемде  жекеліктен  басқа  ешнәрсе  жоқ,-  деген  пікірге  келеді.  “Ақыл-
оймен  танылатын  жанның  сыртындағы  ешнәрсе  өзіне,  я  болмаса,  басқаға 
универсалдық  емес,  ол  адамның  қай  жағынан  алғанда  да  есек  емес  екені 
сияқты

.  
 
 Уильям Оккам ұстарасы.  
 
     “Мән-мағнаны  қажеттіктен  жоғары  көбейтпеу  керек

-  бұл  Уильям 
Оккамның  ұстарасы.  Ол  арқылы  Уильям  Оккам  метафизикалық  ұғымдардың 
көбін  теріске  шығарады,  өйткені,  олар  дәлелденбейді  және  пайдасыз.  Біз 
заттардың  сапасы  мен    қасиеттерінен  басқа  тәжірибелік  зерттеуде    ешнәрсе 
таппаймыз.  Олай  болса,  метафизикалық  жалпы  ұғымдар  мәнсіз,  тек  таным 
процесін қиындатады. Сондықтан, тек тәжірибелік танымға ғана сүйену керек. 
Ол - танымның іргетасы.  
Әрине,  мұндай  көзқарас  схоластикалық  философияға  үлкен  соққы  жасап, 
болашақ тәжірибелік танымның жолын ашты.  
 
 
                                      
Өзіндік дайындыққа арналған сұрақтар: 
 
1.
 
А.Аврелийдің құдай, адам, тарих туралы ілімі. 
2.
 
Ф.Аквинскийдің іліміндегі құдай идеясын негіздеу. 
3.
 
Номинализм және реализм. 
 
                                           Ойланыңыз:                                                
 
1.Адам Құдайдың жолымен жүрмей,адамның жолымен жүрсе, ол шайтанға 
ұқсайды.(А.Августин). Оны қалай түсінесіз? 
2.Философия дегеніміз не?  Даналықты сүю. Философия дегеніміз не? 
Әсемдікті сүю. Даналық дегеніміз не? Ол нағыз әсемдік емес пе? (А.Августин). 
3.Құдайдың құдіреттілігін дәлелдеу мүмкін емес,оған тек қана сенім арқылы 
жетуге болады.(У.Оккам). Сіз қалай ойлайсыз? 
 
                                        Реферат  тақырыптары: 
 
1.Ортағасырлық христиан философиясындағы тұлға мәселесі.  
2.Ортағасырлық христиан ойшылдарының философиялық жаңалықтары.  

78 
 
3.Ортағасырлық христиан ойшылдары тарихтың және адам өмірінің мәні 
туралы. 
4.Ортағасырлық христиандық философиядағы адам және табиғат.  
                                             
 
                          ҰСЫНЫЛАТЫН ӘДЕБИЕТЕР ТІЗІМІ: 
 
Негізгі: 
1.      Мырзалы С.К. Философия. - Оқулық, Алматы: Бастау, 2008. 
2..     Алтай Ж., Қасабек А., Мұхамбетәлi К. Философия тарихы. 
-Алматы, 1999ж. 
3.      Зотов А.Ф.Современная Западная философия. – М.:Высшая школа,2012 . 
4.      Тұрғынбаев Ә. Философия , Алматы, 2001 . 
5.      Мұханов., Әйтiмбетова Г. Дiндер тарихы мен теориясы және еркiн ой. 
(арнаулы және еркiн дәрiстер курсы). –Алматы. 1994. 
6.      Петрова В.Ф.,Хасанов М.Ш. Философия. -  Алматы, Эверо,2014. 
7.      Сегизбаев О.А История казахской философии : От первых архаичных 
представлений древних до философии развитых форм первой половины ХХ               
столетия:Учебник для вузов. -  Алматы: Ғылым,2001. 
8.      Нұрғали Ардақ.Қазақ ілкі тектерінің дәстүрлі мәдениеті. – 
Алматы:Атамұра, 2000. 
 
Қосымша: 
1.       Алексеев П.В.,Панин А.В Философия. – М.,:Проспект,2010. 
2.       Барлыбаева Г.Г. Эволюция этических идей в казахской философии. –      
Алматы: К-ИЦ  ИФП  КН  МОН  РК,2011. 
3.       Бегалинова К.К.,Альжанова У.К. Философия. Часть 1,2. – Алматы: Жібек 
жолы, 2014. 
4.       Есім Ғ. Сана Болмысы. – Алматы: Қазақ университеті, 2007. 
5.       Лавриенко В.Н. Философия. – М.: ИД Юрайт, 2011. 
6.       Кирабаев Н.С. Учебное пособие по курсу «Средневековое арбо-
мусульманская философия». – СПб.: СПбГУ,2005 
7.       Немировская Л.З. Философия: История и теория. – М.,Изд Россиийского 
Нового Университета , 2007. 
8.       Нұрмұратов С.Е. Рухани құндылықтар әлемі: әлеуметтік – философиялық 
талдау. – Алматы, БҒМ ФСИ баспасы,2000. 
9.       Орынбеков М.С. Предфилософия протоказахов. – Алматы: Өлке,1994. 
10.     Степанянц М.Т. Восточная философия: вводный курс. Избранные тексты. 
– Москва: Восточная литература,2001
 
 
 
 
 
 

79 
 
1 тірек кесте. Ортағасырдағы  идеализм  мен  материализм 
 
 
Идеалистік тенденция 
Материалистік  тенденция 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Жалпы 
ұғымдардың 
  
(универсалилер) 
табиғаты 
 
Шынайы білім 
 
Реализм: жалпы  ұғым 
шынайы  және санадан 
тәуелсіз өмір сүреді

 
Номинализм: ұғым-
заттардың аты ғана, шын 
өмірде заттар ғана өмір 
сүреді. 
 
 
 
оо  
 
 
 
 
Дунс Скотт (≈1265-
1308жж

 
 
 
Дінде,діни уағызда 
 
Діни уағыздан тыс,болуы 
мүмкін 
Дунс Скотт (≈1265-1308жж) 
Уильям Оккам (≈1300-
1350жж) 

80 
 
          2 тірек кесте. Номинализм, реализм, концептуализм 
 
 
 
 
 
 
Универсалиялар туралы тартыс – қайда және қалай жалпылық өмір 
сүреді, деген сұраққа әкеледі 
Шеткері реализм – 
универсалиялар шынайы 
және адам санасынан тыс 
өмір сүреді – Гильом 
(Шамподан XII ғ.) 
Шеткері номинализм – жалпының 
ешкандай болмыстық мағынасы жоқ; 
тек жеке заттар ғана шынай объективгі 
өмір сүреді. Жалпы – тек сөздер немесе 
атаулар ғана – Росцелин (XI 
ғ.)Компьениден (1050-1210) 
Орынды номинализм – 
концептуализм; жеке заттарда қандай 
да бір жалпылық бар соның негізінде 
сөзбен берілген ұғым (концепт) пайда 
болады – Абеляр (1079-1142); Жаңа 
дәуірде - Локк 
Шеткері реализмнің 
өзегі –заттардан тыс 
тұратын, ерекше 
идеалдық әлемді 
құрайтын, Платонның 
идеялар туралы ілімі 
Номинализм XIY ғ. (Оккам, 
Никола Орем, Буридан, Иоанн 
Дунс Скот) – шынайы табиғатты 
зерттеуде эмпирикалық бағытқа 
бетбұрыс 
Орынды реализм – 
универсалиялар 
шынайы, бірақ жеке 
заттармен бірге өмір 
сүреді 
Ф.Аквинский реализмі (XIII ғ. 
1225-1274): универсалиялар үш 
түрлі өмір сүреді: 
1. «Заттарға дейін» құдай 
ойында-оның «идеясы», мәңгілік 
бейнесі ретінде. 
2. «Заттар ішінде» олардың мәні 
ретінде. 
3. «Заттардан кейін» адам ақыл-
есінде ұғымдар, дерексіз 
(абстракция) нәтиже ретінде 
Номинализм – заттарды 
жарату барысындағы 
құдай еркінің ақыл-естен 
басымдылығы. 
Идеялар заттардан кейін 
ақыл-есте пайда болады 

81 
 
3 тірек кесте. Неоплатонизм 
 
 
1 сатыда – Бір Игілік арнадан шығып эманациялайды (ағып, тасады) да; 
2 сатыда – Ақыл (нус) – дүниеге таза болмыс келіп, ол да ақыл шеңберінен 
шығып 
3 сатыда – Жан-дүниені (псюхе) тудырады. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Жан (псюхе) 
 
 
Плотиннің – дүние жүзілік ақыл-ойы—Платонның «идеялар әлеміне» тең, ұқсас 
келеді. 
Жан – бүкіл тіршілікті дүниеге әкеледі. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Ақыл (нус) 
 
Бір Игілік 

82 
 
4 тірек кесте. Орта  ғасыр  Еуропиялық   философия 
 
                                                                                                                   
                                                                                                  Негізгі ерекшеліктері: 
           
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
-теоцентризм; 
-креационизм; 
-теодицвя; 
-эсхатология; 
-провиденциализм; 
-сенім ақылдан 
жоғары: 
3-кезең 
Негізгі тезисі – сенім ақылдан 
жоғары 
Негізгі сұрағы – жалыпының     
жалқыға қатынасы 
Концептуализм (ұғым)-
ақыл-оймен қорытылған 
заттардың жалпы 
қасиеттерін бейнелейді 
 
Номинализм (затты аты)                               
'' универсалиялар'' жалпы 
ұғымдардың болмыстық 
мағынасын мойындамайды, 
олар тек қана ой-өрісте,  
адамнан  тәуелсіз шынайы 
өмір сүремейді. Ол жалпы атау 
ғана. 
 
     Реализм (шынайы зат)     
''универсалиялар'' (жалпы атау)- 
адам ойынан тәуелсіз шынайы 
өмір сүреді. 
Құлдырау кезеңі (XIV-XV ғ) 
У.Оккам, Ж.Буридан 
 Кемелденген   схоластика 
(XIII ғ) 
Ф.Аквинский, Д.Скотт 
 
Балауса схоластика (IX-XII ғ.ғ.) 
-ақыл-ойға діни сенімнің үстемдігін 
жүргізу 
П.Абеляр,А.Августин 
 
Схоластика 
(IX-XVғ.ғ) 
Басты сұрақғы – білімнің сенімге 
қатынасы 

83 
 
Орта ғасырлық  арабтық - мұсылмандық  философия. 
 
1.
 
Аль-Кинди – араб философиясын бастаушы ұлы тұлға. 
2.
 
Әл-Фарабидiң онтологиялық 

болмыстық

 ілімі. Аль-Фарабидің әлеуметтік-
саяси, этикалық көзқарастары. 
3.
 
Ибн-Сина және Ибн-Рошд философиясы 
4.
 
Ибн-Халдунның мемлекеттің пайда болуы мен өмір сүруі жөніндегі ілімі 
 5.Араб тiлдi философиядағы: универсализм, энциклопедизм, пантеизм, 
перипатетизм  (Әл-Фараби, Ибн-Сина, Ибн-Рошд, Ибн-Халдун). 
 
Дүниежүзілік философия тарихында Шығыстағы Көне Қытай, үнді, Парсы 
т.с.с.  елдеріндегі  пайда  болған  философиялық  көзқарастардан  тыс  Орта 
ғасырларда  дүниеге  келіп,  өзінің  ерекше  болмысымен  тарихта  танылған  Орта 
Азия мен Араб елдеріндегі ұлы философиялық ой-пікірлерді айтуға болады.  
Көне заманның аяғында құл иеленушілікке негізделген   қоғам сарқылып, 
Орта  ғасырларда  “тарихи  белсендік

  Шығыс  халықтарының  үлесіне  тиеді. 
Оның негізгі себебі- тайпалық - рулық, соғыс демократиясының негізінде өмір 
сүріп  жатқан,  көпқұдайлыққа  табынған  Араб  тайпаларының  басын  біріктіру 
қажеттігі  еді.  Осы  қажеттіктің  негізінде  Ислам  дүниеге  келіп,  сол  діннің 
негізінде  Арабтар  империясы  пайда  болады.  Ол,  Индтан  Атлантика  мұхитына 
дейін созылған мемлекет болды. Көшпенді Араб тайпалары бастарының бірігуі 
олардың  арасындағы  қақтығыстарды  тоқтатып,  жаулап  алынған  Батыс  пен 
Шығыс, Орта Азиядағы халықтардың мәдениетімен танысуға, бейбіт жағдайда 
өндіргіш күштердің дамуына, сауда-саттық пен теңіз арқылы байланыстырдың 
өсуіне әкелді. 
Араб  империясы  Батыста  Испанияға  дейін  жетіп,  өзінің  мәдениеті,  діні, 
философиясын  жаңа  елдерге  таратты.  Мысалы,  бүгінгі  таңда  дүниежүзілік 
сөздікке  кірген  “арсенал

,  “адмирал

  “тариф

,  “авария

,  “медицина


“алгебра

т.с.с. сөздер -  араб сөздіктерінен шыққан.  
Аз уақыттың ішінде арабтар мемлекетті басқару, соғыс жүргізу, мәдениетті 
дамыту салаларында үлкен жетістіктерге жетті. Оның бәрі басқа халықтардың 
мәдениетіндегі жетістіктерді өз дүниетанымен ұштастыру арқылы келсе керек. 
Дүниежүзілік  мәдениетке  қосқан  арабтардың  үлесі  көп.  Соның  ішінде 
философияға келетін болсақ, олардың өшпес  еңбегі - Антикалық дәуірде пайда 
болған философиялық ілімдердің бәрін ұқыпты зерттеп, өз тіліне аударып, оны 
әрі қарай дамытуы. 
Бұл  үлкен  “аудармашылық  қозғалыс

  ретінде  тарихта  қалды.  Эвклидтің 
еңбектері 
мен  Плотомейдің 
“Альмагестінен

 
бастап,  Платон 
мен 
Аристотельдың  шығармаларының  бәріне  дейін  араб  ғалымдары  өз  тіліне 
аударып,  халықтың  рухани  өмірінің  ажырамас  бөлігіне  айналдырды.  Бұл 
қозғалыс V11 ғасырдың аяғынан бастап Х1 ғасырға дейін созылды.     
Ал  арабтардың  өздерінің  ғылымға  қосқан  үлесіне  келер  болсақ,  Абу-
Миамардың  “Зидж  Абу-Миамар

  деген  еңбегі  сол  кездегі  астрономиялық 
ілімнің биік шыңы болды. Аль-Батанидің жасаған астрономиялық таблицалары 

84 
 
латын  тіліне  аударылып,  Еуропалық  астрономия  оқулығына  айналды.  Синус 
пен косинустарды астрономиялық есептеулерге алғаш енгізгенде сол кісі. Ибн-
Юнус  уақытты  өлшейтін  маятник  ойлап  шығарды.  Джабир  Ибн-Афьян 
алғашқы обсерваторияның негізін қалаған адам, ал Абу-Муса Джабирді “химия 
ғылымының әкесі

,-  деп  атайды.  Закария  Разидің  “Барлығын  қамтитын  кітабі

 
да латын тіліне аударылды, ол заманының ең ұлы дәрігерлерінің бірі болған.  
Арабтардың философия саласына енгізген еңбектері - ерекше әңгіме. Оны 
осы тарауда талдайтын боламыз.  
Х1-Х11  ғасырларда  арабтардың  барлық  игерген  мәдениет  құндылықтары 
Батыс Европа халықтарының тілдеріне аударыла бастайды. 
Араб  мәдениеті,  әрине,  Орта  Азия  халықтарының  тағдырына,  мәдени 
дамуына  өзінің  зор  әсерін  тигізді.  Негізгі  нәтижелердің  бірі  -  Орта  Азия 
халықтарының бірқұдайлыққа көшіп

, Ислам дінін қабылдауы болды. М.Вебер 
уақытында  айтқандай,  ислам  көшіп-қонған  жауынгер  халықтарының  діні. 
Біздің жартылай жерде отырған, жартылай көшпелі өмір салтын ұстаған қазақ 
халқының  дүние  сезіміне  бұл  дін  сай  келіп,  оның  бергі  тарихы  осы  дінінің 
аясында өмір сүріп және бүгінгі таңға дейін дамып келеді. 
Өзінің  ерекше  философиядағы  ойларымен  тарихта  қалып,  философия 
тарихында “Екінші мұғалім

 атағын алған Аль-Фараби болды. 
Аль-Фараби  (толық аты  Абу Насыр Мухамед Ибн Тархан Ибн Узлақ ат 
Тюрки) қазақстан жерінде Отырар қаласында 870-950 жж. Дүниеге келген. Жас 
кезінде  білім  іздеп  Таяу  Шығыста  Багдад  пен  Алеппо  қаласында  білім  алып, 
араб тілі мен грек тілін игеріп, антикалық философияны зерттейді.  
Аль-Фарабиді  араб  философы  деп  толығынан  бағалауға  болады,  ол, 
өйткені,  араб  рухынан  нәр  алып,  өз  еңбектерін  сол  тілде  жазған.  Сонымен 
қатар, оны қазақ халқының философы деп те атауға болады, өйткені, ол біздің 
елде  Дүниеге  келіп,  сонынан  қазақ  халқын  құраған  көп  түрік  тайпаларының 
біреуінен  шыққан,  біздің  сол  көзде  өмір  сүрген  бабаларымыздың  дүниесезімі 
мен дүниетанымын бойына жас кезінде сіңірген.   
Бірақ,  ең  жақсысы  -  оған  Шығыс  философиясының  жұлдызы,  тіпті 
Дүниежүзілік  философияның  ең  ірі  тұлғаларының  бірі  деген  баға  берсек,  ол 
дұрыс болар еді.  
Аль-Фарабидің  философиялық  еңбектері  көп.  Солардың  ішінен 
“Ғылымдарды іріктеу жөнінде

, “Изгі қаланың тұрғандарының көзқарасы 
жөнінде

,  “Азаматтық  саясат

,  “Мемлекет  қайраткерінің  нақыл  сөздері


“Бақытқа жету жөнінде

 деген еңбектерін атап өтуге болады. 
  
Онтологиялық (болмыстық) ілімі. 
 
Аль-Фараби  онтологиялық  ілімінің  негізінде  неоплатонизмнің  “эманация

 
(тасу, ағу) ұғымы жатыр. Бұл ағымның негізін қалаушы Плотин Дүниежүзілік 
Бірмен  материялық  өмірдің  екі  ортасында  Дүниежүзілік  ақыл-ой  (nous)  және 
Дүниежүзілік  жан  (psychі)  бар  деп  есептесе,  Аль-Фараби  бұл  көзқарасты 
анағұрлым  күрделейді.  Өзінің  “қзгі  қала  жөніндегі

  еңбегінде  Аль-Фараби 

85 
 
Дүниені  тудырған  “Бірінші  Мән

  дейді.  Ол  бүкіл  баршаның  өмір  сүруінің 
алғашқы себебі, ол кемеліне келген, ешқандай мінсіз (одан басқалардың бәрінің 
де ең болмаса бір, я бірнеше кемшіліктері, міндері болады. 
Алғашқы Мәнде қайшылық пен бейболмыстық жоқ, өйткені, олар тек қана 
“ай астындағы Дүниеге

  тән  нәрселер.  Сол  себепті  ол  мәңгілік,  ол  өзінің  өмір 
сүруі  үшін  ештеңені  қажет  етпейді,  -  себепті,  бітімді,  мақсатты,  ұмтылысты 
т.с.с. - өйткені оларды ол қажет етсе, онда ол бірінші себеп болмас еді.  
Аль-Фараби  “Алғашқы  Мәнге

  оның  мән-мағынасын  көрсететін  басқа 
ұғымдарды қолданады ол - барлығынан биік, барлығын білетін, Дана, Ақиқат, 
Тірі,Өмір дейді.  
Бірінші  Мән  материя  емес.  Сондықтан  ойшыл  оған  “белсенді  ақыл-ой

 
(активті интелект) деген ат қояды.  
Бірінші Мәннен бүкіл Болмыс пайда болады. Өйткені, ол өз-өзіне сыймай 
тасып  ағады  (эманациялайды).  Ал  Болмыстың  Дүниеге  келуі  оны  тудырған 
Бірінші Мәннің жойылуы деп түсіну қате,- дейді ұлы ойшыл. Мысалы, сәбидің 
Дүниеге  келуі  оны  тудырған  әке-шешесінің  Дүниеден  кетуімен  тең.  Ал  ол 
біздің  “ай  астындағы

  болмысқа  ғана  тән  нәрсе.  Ал  Алғашқы  Мәнге  келер 
болсақ,  ол  басқа  Болмысқа  өмір  бергенменен,  өзі  жойылмайды,  мәңгілік,  егер 
ол  жойылса,  онда  ол  оның  Алғашқылығын  жояр  еді,  оның  сыртында  одан  да 
жетілген  басқаның  бар  екенін  көрсетер  еді.    Олай  болса  “Алғашқы  Мән

  өзі 
үшін өмір сүреді, басқа Болмыстар соның ішінде, соған қатысты ғана өмір сүре 
алады. 
“Бірінші  Мән

  өз-өзіне  сыймай  тасыған  сәтте,  екінші  Барлық  дүниеге 
келеді  -  ол  абсолютті  денесіз,  өзінің  мән-мағнасын  ашып  және  Алғашқы 
Мәннен пайда болғанын түсінеді. Ол арнасынан шығып қажетті түрде “үшінші 
Барлықты

 тудырады. Ол да материя емес, өзінің мән-мағнасын ашып, Бірінші 
Мәнді түсінеді. үшінші Барлықпен “Бірінші Аспанның

 болмысы бітеді. үшінші 
Барлық қажетті түрде төртіншіні тудырады. Ол әлі материя емес.  
Барлық қажетті түрде “қозғалмайтын жұлдыздар

 әлем болмысын төртінші 
тудырады. 
Аль-Фараби  оларды  Сатурнның  болмысынан  бастайды.  Ол-  Юпитерді 
тудырады, содан кейін Марс, Күн, Венера, Меркурий, Ай болмыстары дүниеге 
келеді. Аспан болмысы Аймен бітеді.  
“Ай  астындағы  Болмыс

,  яғни  біз  өмір  сүріп  жатқан  Дүние.  Сонымен,  ол 
“Бірінші Мәннің

 тудырған Болмысы болып шықты. Бұл болмыстың ерекшелігі 
- ол көптік әлемі, оның негізінде төрт табиғи нәрсе жатыр- ол жер, от, су, ауа. 
Олардың  әр-түрлі  қосындылары  жер  бетіндегі  заттарды  тудырады.  Тіршілік 
әлеміне келер болсақ, Аль-Фараби оны үшке бөледі - өсімдіктер, ақыл-ойы жоқ 
жануарлар, ақылды жануар (адам).  

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет