ӘОЖ: 351.854
Мектептерде білім беру мен болашақ қоғам адамдарын
даярлаудағы бейнелеу ӛнерінің ролі
Файзиев Н.С., ғылым магистрі, Бишанов М.Б., аға оқытушы
«Сырдария» университеті
Қазіргі таңдағы мемлекетіміздің алдына қойған басты мақсаты мен
міндеттерінің бірі білім беру жҽне біліктілікті жетілдіру болып отыр.
Ҿйткені, қай ел болмасын оның ҿркендеп ҿсуінің негізі - білімде. Ҿскелең
ұрпаққа білім мен тҽрбие беру мҽселесі - барлық уақыттада кҿкейкесті
мҽселе болып келген. Жас буынды ұлттық рухта тҽрбиелеуде еліміздің
мектептері шешуші рҿл атқарады. ҚР Президенті Н.Ҽ.Назарбаев:
Қазақстан халқына Жолдауында (2007 ж.) «Білім берудің басты ҿлшемі –
білім мен білік алған кез келген адамзат ҽлемінің кез келген елінде қажетке
жарайтын маман болатындай деңгейге кҿтерілу болып табылады» - деп
атап кҿрсеткен [1]. Еліміздің болашағы бүгінгі мектеп қабырғасындағы
ұрпақ екені даусыз. Ертең ел тізгініне ие болар жеткіншектеріміздің
ғаламдық ҿркениеттен қалып қоймай, білімді, тҽрбиелі, жан-жақты тұлға
болып қалыптасуының қамтамасыз етілуі - мемлекеттік маңызы бар іс.
Осы мҽселелерді шешуді сонау мектеп табалдырығынан бастауымыз
қажет. «Мектеп білім берудің жҽне болашақ қоғам адамдарын даярлаудың
бүтін жүйесіндегі ҿзінің орны бойынша ҿскелең ұрпақтың қазіргі адамға
аса қажетті абстрактілі жҽне кҿркемдік-бейнелі ойлауға деген
517
қабілеттердің үйлесімділігін қалыптастыру ісінде орталық тізбек болып
табылады» деп есептейді эстетика мҽселелерімен айналысатын кҿрнекті
ғалымдар Н.И.Киященко мен Н.Л.Лейзеров [2,3].
Зерттеушілер мектепті адамның барлық ойлау қабілеттерін дамытудың
бастапқы сатысы болып табылатындығымен түсіндіреді. Тек мектепке ғана
оқушылардың сезімдік-эмоционалды жҽне рационалды-интеллектуалды
шығармашылық ҽлеуеттерін бүтінге үйлестіре біріктіру, олардың белгілі
бір қызмет түріне жеке қабілеттіліктерін дамыту мүмкіндігі берілген.
Ҿйткені білімнің іргетасы жалпы білім беретін мектептерде
қаланатындығы белгілі. Біз жоғары оқу орындарында білікті мамандарды
даярлауды мақсат тұтсақ, сол мақсатымызды жүзеге асыруды мектеп
табалдырығынан қолға алып, оны белгілі бір деңгейге кҿтеру нҽтижелі іс
болары анық. Білім баспалдақтарын нық қадаммен басып ҿткен оқушы
ғана үлкен жетістіктерге жетеді. Біз оқушылардың қай пҽнге
қызығушылығы басым болатын болса сол пҽнге икемдей отыруымыз
керек. Ҿзінің қызыққан пҽнін мектеп деңгейінде толықтай меңгеріп
шыққан оқушы, ертеңгі ЖОО–на түскенде қиыншылықтарға тап бола
бермесі анық. Сондықтанда мектеп бағдарламаларын жоғары сапаға кҿтеру
бүгінгі күннің кезек күттірмейтін мҽселелерінің бірі.
Бұл мҽселе тҿңірегінде жалпы білім беретін мектептерде ҿтілетін
бейнелеу ҿнері пҽнінің мектеп оқушысына беретіе мол. ертеден сақталып
келе жатқан тамаша тарихымен бірге ҿзіндік қайталанбас ерекшелігімен
кҿзге түсетін бейнелеу ҿнері жас ұрпақты білімді де шығармашыл қоғам
адамдарын тҽрбиелеуде үлкен қызмет атқарады. шығармашылықты
дымыту үшін оқушыға берілетін білімнің мақсатын, міндетін, қажеті мен
маңыздылығын түсіндіріп, оларға нақты ҿнердің сатыларын үйрету керек.
үйренуге, оқуға, білуге деген қызығушылық-танымдық, белсенділіктің
қозғаушысы. ал, ұрпақтың бойындағы танымдылықты алғашқы қатынасы
адамның жалпы жетілу үрдісіне оқу жҽне тҽрбие барысында мүмкін
болады.
«Бейнелеу ҿнерi» пҽнiн мектепте оқытудың негiзгi мақсаты –
оқушылардың ҿнер шығармалары мен ҽлемдi бейнелi қабылдаудағы
дербес шығармашылық қабiлетiн дамыту; сезiмдiк-эмоционалды ҿрiсiн
тереңдету
жҽне
байыту;
кҿркемдiк-шығармашылық
қабiлеттерiн
қалыптастыру болып табылады. Жалпы орта білім беретін мектептің
негізгі орта білім беретін деңгейіндегі «Бейнелеу ҿнерi» пҽнiнiң негiзгi
функциясы, мектеп оқушыларын кҿркем-эстетикалық тұрғыдан бiлiм берiп
тҽрбиелеуден, оның табиғи кҿркем шығармашылық қабiлеттерiн дамытуға
мүмкiндiк беруден кҿрiнедi.
5-6 сынып оқушыларына арналған «Бейнелеу ҿнерi» пҽнiнiң оқу-
тҽрбиелiк мiндеттерi:
- оқушылардың кҿркемдiк шығармашылық қабiлеттерiн жҽне ой-
қиялын, кҿрермендiк-бейнелi ойлауын, дербес шығармашылық iс-ҽрекетiн
қалыптастырып, дамыту;
518
-
композиция,
түстану,
тепе-теңдiк,
кҿлем,
перспектива
заңдылықтарын, түс-жарық жҽне орындау техникасының ҽртүрлiлiгiн
бiлуге қажеттi алғашқы бiлiктiлiктердi, яғни ҿнер саласы бойынша
компотенттiлiгiн қалыптастыру;
- оқушылардың кеңiстiктiк ұғымын, шындықты кҿркем-бейнелi
қабылдауын, оның ҽсемдiгi мен түстiк байлығын түсiнiп, реңдiк сезiмдiк
қабылдауын дамытуды қалыптастыру; Отандық жҽне ҽлемдiк кҿркем
мҽдениет мұраларын сақтауға, кҿбейтуге баулу [4].
Қандай сала болмасын оның ҿзіндік заман ағымына қарай бейімдейтін
жҽне оны ҽрі қарай дамытатын жаңа инновациялық технологиялары болуы
тиіс. Ал, біз сҿз етіп отырған сала оқушы тҽрбиесі мен білімінен үлкен
орын алатын бейнелеу ҿнері. Мектептерде бейнелеу ҿнері пҽнін оқытудың
ҽдістемесінде ҽлі күнге дейін зерттеулерді талап ететін қыр-сырлары мен
салалары жетерлік. Осыған орай бейнелеу ҿнерінің түрлері мен жанрларын
ғылыми тұрғыда зерттеп, оны жас ұрпаққа жеткізе білу, бүгінгі күннің
ҿзекті мҽселесі. Осы мҽселелерді жүзеге асыру, дамыту жҽне жетілдіру
бүгінгі күннің зерттеуші, ізденуші жҽне педагог ғалымдардың еншісіне
тиіп отыр.
Бейнелеу ҿнері сабағының орта мектептегі алатын орыны жҽне осы
сабақты оқытудың маңызы туралы белгілі орыс ғалымдары, бейнелеу ҿнері
ҽдістемесінің негізін қалаушы, педагогика ғылымының докторы,
профессор, Ресей жоғары мектебіне еңбегі сіңген ғылым қайраткері,
суретші-ұстаз Н.Н.Ростовцев Ресей білім академиясының академигі,
педагогика ғылымдарының докторы, профессор В.С.Кузин ғылыми
еңбектерінде айқындап кҿрсеткен [5,6]. Олардың еңбектері бейнелеу
ҿнерін оқыту ҽдістемесінің дамуында, бейнелеу ҿнерін оқытудың
маңыздылығын кҿтеруде үлкен серпін жасады. Олар оқушылардан
шынайы суреттің мҽнін түсінетін, табиғат пен ҿнерге деген сүйіспеншілігі
мол, ғылыми білімге құштар тұлға қалыптастыру идеясын кҿздеп,
кҿркемдік білім берудің қажеттілігін кҿрсетті. 60-80 жылдары бұл
ғалымдардың дҽлелдеулері бойынша, бейнелеу ҿнері сабағы мектепте
ҿтілетін басқа да сабақтармен деңгейі бірдей болуы керек деген. Осы
ғалымдардың еңбектері негізінде бейнелеу ҿнерін ҽрі қарай дамытуымыз
жҽне толықтыруымыз қажет. Сонда ғана бейнелеу ҿнері пҽні басқа
пҽндердің деңгейіне кҿтеріледі.
Бейнелеу ҿнерінің жалпы білім беру пҽні ретіндегі маңыздылығын
атақты педагогтар Я.А. Каменский, И.Г.Коменский, И.Г.Пестолоций,
Джон Локк, Ж.Ж.Руссо айқындаған. Олар дүниені қоршаған табиғатты
дұрыс тану арқылы дұрыс ойлау мүмкіндігі сурет салу барысында
туындайтындығын кҿрсткен.
Бейнелеу ҿнерінің мҽн-мағынасы – адам дамуындағы руханилықтың
иесі болып табылатын жанды тұлғаның ҿздігінен ізденуіне, жаңарып
отыруына, ҿз ҿмірін шығармашылыққа айналдыруға мүмкіндік береді [7].
Бейнелеу ҿнерінің қоғамдағы рҿлі мен адамның мҽнін қоғамнан тыс,
еңбек құралынсыз, ҿнерсіз, рухани құндылықтарсыз, материалдық
519
ҿндіріссіз тану мүмкін емес. Адам ҿнер арқылы қоғамдық сананың бір
формасы, ҽлемді игерудің арнайы рухани-практикалық бір жолы –
шығармашылықтағы кҿркем образды ҽлемнің бейнеленуімен ҿз мҽнін
таниды. Осыған сҽйкес бейнелеу ҿнері қоғамның тарихи дамуына
байланысты реалды адам мен дамудың ҽлеуметтік жағдайларының
ажырамас бірлігінен басталады. Біріншіден, бейнелеу ҿнері қоғамдағы
нақты реалды адамның материалда жҽне рухани қажеттілігі мен
мұқтаждығын қанағаттандырады. Екіншіден, қоғам дамуындағы адамдарды
енжар емес, керісінше, белсенділікке, қоғамда болып жатқан жайларды
үстірт қабылдамауға шақырады. Үшіншіден, қоғам дамуындағы алғышарт
– ҽрбір дара адамның ҿзіне тҽн потенциалды күш-жігері, қасиеті жҽне т.б.
ҿзгешеліктерін ашуға мүмкіндік береді, ол белгілі бір жағдайда ҽлеуметтік
ортамен байланыста болады. Ҿйткені, бұлар болмаса адам да болмайды.
Тҿртіншіден, адам табиғаты – шекті де, шексіз тіршілік иесі ретіндегі
актуальды шексіздік қатынасында образдар арқылы ҿнер туындысында
кҿрініс табады [8].
Бейнелеу ҿнеріндегі адам дамуының осы тҿрт негізі, кез келген
адамзат баласының ҿмірінен үлкен орын алады. Адамның рухани
қажеттілігі мен мұқтаждықтарын қанағаттандыра отырып, қоғам
дамуындағы белсенділіктің үлкен бір кҿрінісі бола алады.
Мағжан Жұмабаев «Педагогика» оқулығында «Тҽрбие тҿрт түрлі: дене
тҽрбиесі, ақыл тҽрбиесі, сұлулық тҽрбиесі, һҽм құлық тҽрбиесі. Егер адам
баласына осы тҿрт тҽрбие тегіс берілсе, оның тҽрбиесі түгел болғаны» –
дей келіп», Жаратылыстың һҽм ҿнердің сұлулық заттары адамның сұлулық
сезімдерін оятады. Үлбіреген гүл, күңіренген арман, сылдырлаған су,
былдыраған бұлақ, шексіз-шетсіз қара кҿк теңіз, түрлі шҿптермен
толқынданған дала ... міне, осы сықылды жаратылыстың сұлу заттары адам
жанында бір лҽззат, бір сұлулық толқынын оятып, туғызбай қоймайды» –
деп қоршаған ортадан сұлулықты кҿруі арқылы кҿркемдік талғамын
қалыптастыруды кҿздеді [9].
Осы аталған сұлулық ҽлемінен сыр шертетін бейнелеу ҿнері, ол, кез
келген жастың пҽнге, сабаққа, ҿнерге деген қызығушылығын арттырып,
кҿркемдік ой-ҿрісін дамытып, сұлулық ҽлемінен тҽлім-тҽрбие алуына
септігін тигізетін ғылым саласының бірі. Алғашқы «Педагогика»
оқулығын жазған қазақтың ағартушысы, ақын, жазушы Мағжан
Жұмабаевтың бұл пікіріне дау болмасы анық. Ҿйткені, расында да адамзат
баласы осы тҿрт түрлі тҽрбие негізінде ҿмірлік іргетасы қаланып, ҿзіндік
бір тұлға, саналы да сымбатты азамат болып ҿмірден ҿз орнын таба біледі.
Егер бала бойында осылардың бірі болмаса оның бойынан келеңсіз
қасиеттер пайда болады. Бейнелеу ҿнері біздің қоғамда адамдарды,
ҽсіресе оқушыларды рухани, эстетикалық тҽрбиелеуде сенімді, күшті
құралы болып табылады. Оқушыларды кҿркемҿнерді сүюге, адамға тҽн ізгі
қасиеттерді қастерлей білуге үйретеді. Осындай құнды қасиеттерінің
негізінде бейнелеу ҿнері білім беру мен болашақ қоғам адамдарын
даярлаудағы ролін айқын кҿруге болады.
520
Резюме
В статье раскрывается тема изобразительного искусства, его роль, в образовании.
Обосновываясь научными исследованиями, подведены научные выводы.
Summary
The fole and importance fine arts in education is considered in this article. Setting
scientific research summed up scientific conclusions.
Пайдаланылған ҽдебиеттер
1. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ҽ.Назарбаевтың
Қазақстан халықына Жолдауы. 2007 ж.
2. Киященко Н.И., Лейзеров Н.Л. Эстетическое творчество.-М.:
Знание, 1984. -142 с.
3. Рыбакова Е. Живопись Казахстана.-Алматы: Ғылым, 1976. -72 с.
4. Ұзақбаева С.А. Балаларға эстетикалық тҽрбие берудегі халық
дҽстүрі. - Алматы, 1990.
5. Ростовцев Н.Н. Методика преподавания изобразительного
искусства в школе.-М., Просвещение, 1980, -239 с.
6. Кузин В.С. Основы обучения изобразительному искусству в школе.
- М.: Просвещение 1977. -206 с.
7. Ақбаева Ш.Ҽ. Бейнелеу ҿнерін оқыту ҽдістемесі. – Алматы, 2007.
8. Халықов Қ.З. Адам мҽнінің бейнелеу ҿнеріндегі кҿрінісі:
Монография, – Алматы, 2006. -188 б.
9. Жұмабаев М. Педагогика. –Алматы: Ана тілі, 1992. -15 б.
ӘӚЖ: 78 (075, 8)
Бейнелеу ӛнерін педагогикалық-психологиялық тҧрғыда оқыту
маңызы
Файзиев Н.С., Сазов С.С., Болысбаев Д.С.
«Сырдария» университеті
Бiлiм беру тармағындағы ҽлемдiк бiлiм кеңiстiгiне толығымен кiрiгу
үшiн үлкен мiндеттердi шешу қажеттiгiн ескерудi алға тартады. Соңғы
нҽтижеге бағытталған орта бiлiмдi дамытудың негiзгi мақсаты, мiндеттерi
мен бағыттарында үздiксiз бiлiм беру жүйесiнiң қортынды нҽтижесi болып
табылатын ҿзектi үш iргелi бiлiм беру мақсатын белгiлейдi: бiрiншiден,
дүниетанымдылық, екiншiден, шығармашылық, үшiншiден, құзыреттілік
кҿзқарастар. Осы аталған үш іргелі білім беру мҽселелері бейнелеу
ҿнерінде орын алады. Ал бейнелеу ҿнерін педагогикалық-психологиялық
тұрғыда оқыту айырықша нҽтижесін береді. Сондықтан да бейнелеу ҿнерін
521
оқытуда педагогикалық-психологиялық тұрғыда негіздеу қажеттілігі
анықталуда.
Бейнелеу ҿнерінің ҿзекті тамыры халық шығармашылығында жатыр.
Ерте кезде қол ҿнер кҽсiпшiлiгiнде шеберлiк ҿнерi шеберден оқушыға,
кҿбiнесе күнделiктi тiршiлiктегi iс-ҽрекеттер арқылы ҽкеден балаға тiкелей
ауысып отырған. Демек халық педагогикасы арқылы ұрпақтан ұрпаққа
жалғасып келе жатқан ҿнерді одан ҽрі жалғау үшін оқушыларды
психологиялық тұрғыда бейімдеу қажеттілігі туындайды. Бейнелеу ҿнерін
психологиялық тұрғыда оқыту алдымен адамның психологиялық сезім
мүшелерімен байланысты болады. Олар: сезім, қиял, елестету, қабылдау,
түйсік, ес, есіту сияқты т.б. кҿптеген психикалық құбылыстарын жетілдіру
тікелей бейнелеу ҿнерінің негізінде жүзеге асыруға болады.
Қазақстан Республикасының жалпы бiлiм беретiн мектептерi
тұжырымдамасында: «Жалпы бiлiм беретiн мектептiң мақсаты – жас
ұрпақты ұлттық игiлiктер мен адамзат мҽдени мұрасының сабақтастығын
сақтай отырып, тҽрбиелеу жҽне ҽрбiр шҽкiрттi тұлға деп санау, оның жан-
жақты дамуына мүмкiншiлiк жасау» – деп кҿрсеткен [1].
Кҿркемдiк талғамның жетiлуiне, ҽсемдiктi түсiнiп, қабылдауға жҽне
оны ҿз қолымен жасай бiлуге үйреткен тҽлiмдiк тағылымдар адамзат
тарихының барлық кезеңiнде маңызды мҽнге ие болып келген. Демек
бейнелеу ҿнерін педагогикалық-психологиялық тұрғыда оқытудың
маңыздылығын айқындау қажеттілігі туындайды. Бейнелеу ҿнері де үлкен
шығармашылық ғылым саласы болып табылады. Ой, қиял, ес, елестету,
сезіну сияқты психологиялық процестер бейнелеу ҿнерімен тікелей
байланысты. Ҿйткені, кез-келген суретші қиялы арқылы ойында жүрген
дүниелерді бейнелеп ҿмірге ҽкеледі немесе ҿмірде кҿрген оқиғасын
елестету арқылы туындыларын жазады. Осы психологиялық процес
арқылы дүниеге алуан түрлі шығармалар мен туындылар келеді. Сол
туындылар арқылы яғни шығармаларды кҿру арқылы адамның ойлау,
қиялдау, сезіну, сүйсіну, түстерді ажрату сияқты кҿптеген психикалық
процестерін дамытады.
Ҽдебиеттерді зерделеу мен анализ жасау арқылы отандық ғылымда
теориялық жҽне практикалық деңгейде адамдардың бейнелеу қабілеттілік-
терінің дамуын жас ерекшеліктеріне байланысты ерте жастан қолға алу
мҽселелері психологиялық-педагогикалық тұрғыдан қолдау тауып
біртіндеп ҿз шешімін тауып келе жатқандығына кҿз жеткіздік.
Бейнелеу ҿнері сабағында оқушылардың сурет салмай шулағанын
тҽртіпке келтіру үшін, екі бағасын қойып тҽртіпке шақыруы, не болмаса
сабақтан шығарып жіберу сияқты тосыннан ойлап табылған ҽдістер
педагогикалық жүйеге қарсы ҽдістер, сондықтан онын, басқаша тиімді
жолдарын қарастырған дұрыс. Ҿйткені, бала психологиясы ҿте тез
қабылдағыш болып келеді. Оқушыны түзеймін деп одан ҽрі сабаққа деген
ынтасын жоғалтып алуымыз мүмкін. Сондықтан да оқушылармен қалай
қарым-қатынаста болудың психологиялық, педагогикалық шарттарын пҽн
мұғалімі міндетті түрде жетік меңгерген болуы шарт.
522
Сурет, кескiндеме, графика ҿнерiнен эстетикалық лҽззат алған
Қазыбек бек ҿзi сурет сала алмаса да кҿргенiне риза болып былай деп
жазады: «Екi жылдың iшiнде сҽулет ҿнерiнен де, ҽуез ҿнерiнен де ұстаз
жалдап оқыдым... Мен тек Рафайiл, Тидзиан, Леонардо да Винчи,
Микеланджело Симони сияқты кереметтердiң ҿнерiне сүйсiнумен ғана
шектелдiм»
2
- деп ҿзінің ойын осылайша тұжырымдайды. Біз сол Батыс
Европаның бейнелеу ҿнерінің атақты суретшілерімен қоса Қазақ халқының
суретшілері Ҽ. Қастее, Қ. Телжанов, А. Ғалымбаева, Г. Исмайлова сынды
т.б. кҿптеген суретшілердің туындыларымен таныстыра отырып
оқушыларды қазақы бейнелеу ҿнерінің шығармаларымен таныстырып,
талдап ҿтуіміз қажет.
Бейнелеу ҿнерінің аса маңызды міндеті мен шынайы мүмкіндігі
адамға болмыс философиясын түсінуге, табиғаттағы ҽлеуеттер қалай
жүзеге асырылатынын, қандай жетіспеушіліктер мен қарама-қайшылықтар
біздің алға қарай қозғалуымызға кедергі болатындығын ұғынуға
кҿмектесуде. Бұл үшін адамның кҿркемдік талғамы мен эстетикалық
тҽрбиесін қалыптасуы қажетігі туындайды.
Кеңес психологиясында біз адамның эмоциялары мен сезімдерін
тҿменгі жҽне жоғарғы деп бҿлуді кездестіреміз, Тҿменгілеріне ағзаңың
сыртқы ҽсерлерді бейнелеу кезіндегі физикалық жағдайынан туындайтын
эмоциялар мен сезімдер жатады. Жоғары эмоциялар мен сезімдер -
адамның қоғамға жҽне жеке адамдарға, ҿзінің тҽртібіне, ҿнер
туындыларына жҽне шынайлықтың эстетикалық қасиеттеріне қатынасын
бейнелейтін
біздің
рухани
ҿміріміздің
құбылыстары.
Оларға
интеллектуалды, саяси, адамгершілік жҽне эстетикалық эмоциялар мен
сезімдер жатады. Біздің пікірімізше, эстетикалық сезім мҽселесі екі ҿзара
байланысқан аспектіге ие. Бір жағынан, эстетикалық сезім шынайылықты
бейнелеудің ҿзіндік ерекше нысаны болып табылады. Мұндай жағдайда
адамның рухани субъективтілігі мен эстетикалық сезімдер тудыратын
қоғамдық шынайылықтың ерекшеліктерінің ҿзара байланысы туралы
мҽселе туындайды.
Ю.А. Полуяновтың тұжырымдамасында бүгiнгi күнгi бейнелеу
ҿнерiн оқытуды үш бағытқа бҿледi. Автор бiрiншi, жеңiлдетiлген дҽстүрлi
кҽсiби бiлiмге арналған бағыт – оқушының сурет салуға деген
қызығушылығын жоюға жҽне нҽтиженiң күрт тҿмендеуiне алып келедi.
Екiншi, бейнелеу ҿнерiнiң студиялар мен үйiрмелерi жағдайындағы жҽне
шығармашылық ҿзiн-ҿзi кҿрсетуiн дамытуға арналған бағыт та мектеп
практикасында керi нҽтиже берiп, оқушыларды оқытатын орындар
болмағандықтан, шығармашылық жетiстiктердің жойылуына алып келеді.
Үшiншi бағыт ҿнер шығармаларын түсiндiрудi мақсат етiп қояды. Бұл
бағыт бiлiмнiң жүйелiлiгiн қамтамасыз етедi, бiрақ, оның негiзiнде
жататын классификациялау ҽдiсi оқыту психологиясына сай келмейдi,
себебi, терминдердi есте сақтаудың қиындығы шамадан тыс асып кетедi
де, оқушыда ҿнерге деген парасаттылық қатынас қалыптастырады
3
.
523
Қашан да бейнелеу ҿнерін педагогикалық-психологиялық тұрғыда
оқыту ҿзінің нҽтижесін беріп келген. Бірінші кезекте бейнелеу ҿнері
барлығымызға белгілі педагогика саласымен тығыз байлынысты болып
келеді. Бейнелеу ҿнерін оқыту мҽселелері педагогика ғылымында
қарастырылады. Бейнелеу ҿнерін оқытуда да ҿзіндік принциптер мен
категориялар бар. Оқытудың принциптері ҽр уақытта жемісті жетістігін
берген. Бейнелеу ҿнерін оқытуда да ҿз нҽтижесін берерін ғылыми тұрғыда
зерттеп, зерделеп анықтау жүргізілгенде кҿз жеткізуге болады. Ал,
психология ғылымымен байланысын алатын болсақ онда психология
ғылымының адам бойындағы қасиеттермен тікелей байланысты болмақ.
Біз бейнелеу ҿнерін оқытуда оқушылардың елестету қабілеттері арқылы
суреттер салғызу, жҽне сол суреттерін талдату арқылы олардың сҿйлеу
қабілеттерін де дамытуға қол жеткізуімізге болады. Ғылыми еңбектерге
талдау жасағанымызда ҽрбір бейнелеу ҿнері сабақтары педагогикалық-
психологиялық тұрғыда ҿтпейді. Демек ҽр уақытта бейнелеу ҿнерін
оқытуда педагогикалық бағыт бірінші кезекте тұрса, екінші психологиялық
бағыт тұрады. Педагогиканың оқыту заңдылықтарын ескере отырып жҽне
оның принциптерінің негізінде жүйелеу тиіс.
Бейнелеу ҿнері психология саласында тиімді қолданыс тауып
жатыр. Қазiргi кездерi сурет салғызу арқылы ауыруды емдеу,
психотерапиялық ҽдiстердiң бiр түрi ретiнде пайдаланылып келеді.
Адамның мінезінде қандай психологиялық ауытқулар бар екенін анықтау
үшін де, сурет салғызу арқылы зерттеу жұмыстары кейінгі кезде кҿптеп
жүргізілуде. Бейнелеу ҿнерін меңгеру, ҽрбiр оқушының сурет салудағы
біліктілігін дамытып қоймай, адамның рухани жҽне ұлттық сана-сезімін
қалыптастырады, жалпы егемен еліміздің ҿркендеп дамуына зор ҽсерін
тигiзедi.
Бұл кҿрсетiлген педагогикалық жҽне психологиялық негiздер
адамзаттың бүкiл тарихи дамуын, мҽдениетiнiң ҿсу деңгейiн кҿрсететiн
бейнелеу ҿнерiнiң қосымша пҽн ретiнде емес басқа пҽндер қатарында, ҿз
дҽрежесiнде жүзеге асырылуына негiз бола алады. Сондай-ақ, олардың
оқушыларды бейнелеу ҿнерiне баулу мiндетiн ҿз деңгейiнде атқарылуына
септiгiн тигiзерi анық. Айтылған мҽселелердің бҽрі біздің бейнелеу ҿнері
бойынша жасаған оқу бағдарламаларында, оқулықтарда, оқу ҽдістемелік
кешендерде, білім стандартында ҿз кҿрінісін тапты жҽне бейнелеу ҿнері
сабақтарындағы оқу тҽрбие үрдісін жетілдірудің алдын алары сҿзсіз.
Қорыта келе, бейнелеу ҿнерін педагогикалық-психологиялық
тұрғыда оқыту ҿзінің маңыздылығымен айқындалатындығына кҿз
жеткіздік. Ҿйткені бейнелеу ҿнері педагогикалық критерилерсіз,
категорияларсыз, заңдылықтарынсыз ҿтілмейді. Ал психологиялық
негіздер бейнелеу ҿнерінде кеңінен қолданылатындығына кҿз жеткіздік.
Демек бейнелеу ҿнерін педагогикалық-психологиялық тұрғында оқыту
қажеттігі жҽне оның маңыздылығы айқын кҿрінеді.
Резюме
524
В статье разработан научный анализ об особенностях и возможностях обучения
изобразительному искусству с психолого-педагогической точки зрения, раскрывая
сущность и их значения.
Summary
In the article developed a scientific analysis about peculiarities and possibilities of
visual arts education with psychological and educational point of view, revealing the essence
and their values.
Пайдаланылған ҽдебиеттер
Достарыңызбен бөлісу: |